Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысы
(2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкiметтің кейбір шешiмдерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 28 қаңтардағы
№ 73 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне
енгiзiлетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 3, 5, 6-тармақтардағы «Ақпарат» деген сөз «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Ақпарат бiрiншi вице-министрi Олег Григорьевич Рябченко» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 238-құжат):
7-тармақтың екiншi абзацындағы «Ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 21-29-жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
5. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 224-17-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
6. "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 24 сәуiрдегі № 545 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат):
2-тармақтың бесiнші абзацындағы "Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат):
2-тармақтағы "Мәдениет" деген сөзден кейiн ", ақпарат және спорт" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында мүрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлiмде:
"Негізгі iс-шараларды орындаушылар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Негiзгi іс-шараларды орындаушылар
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi.";
"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда:
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетi";
реттік нөмiрлерi 5, 12, 13, 17, 18, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпарат және мұрағат комитетi".
8. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптің оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., 49-50, 594-құжат):
3-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
"Негiзгi орындаушылар" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 9-бөлімде:
"Iске асыруға жауаптылар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 1, 6, 7, 9, 12, 13, 16, 20, 21, 23, 24, 26-жолдардағы "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 14-жолдағы "ТЖА" және "ТСА" деген аббревиатуралар "TЖM" және "МАСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 15-жолдағы "Мәдминi" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 17-жолдағы "Ақпаратминi" деген сөз "MACM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 19, 22, 27-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "MACM" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 25-жолдағы "Ақпаратмині, Мәдениетминi" деген сөздер "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
9. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi № 843 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат):
2-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
8-тармақта:
"ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Ақпарат бiрiншi вице-министрi, төраға;
Өтеулина Хафиза Мұқтарқызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi; Шалахметов Ғадiлбек Мiнәжұлы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрі, төраға;
Қапақов Нұрлан Төлегенұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмi Мәдениет секторының меңгерушісі;
Омаров Жанай Сейiтжанүлы - "Қазақ ақпарат агенттігi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президентi".
11. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 126-құжат):
3, 4-тармақтардағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үкiметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгі" деген 5-бөлiмнiң 5.8-бөлiмшесiнде:
үшінші абзацтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 4, 14-жолдардағы "ТурСА" және "КДА" деген аббревиатуралар алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 4, 15-жолдардағы "(Ақпаратминi)" деген сөз "(МАСМ)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiмде:
«КДА - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігi « және "ТурСА - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі" деген жолдар алынып тасталсын;
"Ақпаратмині" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«MACM - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі».
12. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
13. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
14. ҚР Үкіметінің 2005.05.12. № 1197 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
15. "Қазақстан Республикасы ?кіметінiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөнiндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Ақпаратминi" және "КБА" деген сөзбен аббревиатура "МАСМ" және "Қаржыминi" деген сөзбен және аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолдағы "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 13-жолда:
"Ақпаратминi", "КБА" және "ҚПA" деген аббревиатуралар "МАСМ", "Қаржыминi" және "ЭСЖҚА" деген аббревиатуралармен және сөзбен ауыстырылсын;
"ҚДА" деген аббревиатура алынып тасталсын;
"Ескертуде":
"КБА - Кедендiк бақылау агенттігі" деген сөздер алынып тасталсын;
"Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгі" және "ҚПА - Қаржы полициясы агенттiгi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
ЭСЖҚА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)".
16. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
14-тармақтағы "қаулысының 4-тармағы" деген сөздер "қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын.