Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы»
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №23, 316-құжат; 2008 ж., №10-11, 40-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-бапта:
төртінші абзацтағы «22» деген цифр «21-23» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы сәуірдің 22-сі.
№152-ІV ҚРЗ