«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 12 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 маусымдағы
№ 603 қаулысына
қосымша
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, орынбасар |
Нүсіпова Әсем Бекқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Шарман Алмаз Төрегелдіұлы | - «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |