ұйымдарында 1,1 млрд. теңге және тиісінше 8,1 млрд. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізу көзделіп отыр. 29 республикалық және 559 жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарында 243,4 млн. теңге және тиісінше 1,1 млрд. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Білім беру мен денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеуді қаржыландырудың 2009 жылға арналған мемлекеттік бюджетте жоспарланған жалпы көлемі 27,1 млрд. теңгені құрайды.
Стратегияны іске асыру шеңберінде өңірлерде жұмыспен қамту деңгейін ұстап тұру және мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеуді әрі жылытуды қамтамасыз ету үшін қосымша қаржыландыру көзделетін болады. Қосымша қаржыландыру көлемі шамамен 40 млрд. теңгені құрайды.
Стратегияның осы бағытын іске асыру операторлары ӘКК болып табылады, олар жұмыстарды жүргізуге тапсырыс беруші ролінде әрекет ете алады, сондай-ақ ӘКК жанынан арнайы құрылыс бөлімшелерін қалыптастыру есебінен жұмыстарды өздігінен жүзеге асыра алады.
Стратегияның осы бағыттарын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барлық сатып алу отандық тауар өндірушілерге бағдарланатын болады.
Стратегияның осы бағыттарын іске асыру шеңберінде жұмыстарды жүргізу үшін міндетті түрдегі шарт Жұмыспен қамту орталығы ұсынатын кандидаттар қатарынан қызметкерлердің кемінде 80 % жалдау болып табылады.
Жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілік мамандарын іріктеуді, ал қажеттілік жағдайында тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды жүзеге асырады.
Стратегияның осы бағыттары жеткілікті түрде көп еңбекті қажет ететін болып табылады және айтарлықтай еңбек ресерстарын тартуды талап етеді. Бағалаулар бойынша стратегияның осы бағыттарын іске асыру нәтижесінде 90 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
Бұдан басқа, білім беру мен денсаулық сақтаудың барлық авариялық объектілерін жөндеу қамтамасыз етіледі және ағымдағы әрі күрделі жөндеудегі қажеттілік іс жүзінде толығымен жабылады.
1.4. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу,
қайта жаңарту және салу
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында жалпы пайдаланылатын автожолдардың ұзақтығы 93,7 мың км. құрады, оның ішінде жақсы жай-күйде - барлығы 14,6 мың км. немесе 15,6 %. Қанағаттанарлық жай-күйдегі - 40,1 мың км (42,8 %), қанағаттанғысызы - 38,9 мың км (41,6 %).
Жай-күйі қанағаттанғысыз жолдардың ұзақтығы бойынша Батыс Қазақстан (74 %), Оңтүстік Қазақстан (55,2 %) және Қостанай (54,25 %) облыстары көш бастап келеді.
2008 жылы мемлекеттік бюджеттің республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, жөндеуге және салуға арналған шығыстары 154 млрд. теңгені құрады. Бұл жұмыстарға 37 мың адамнан астам жұмыс істеді.
Жергілікті маңызы бар 2,2 мың км жолды салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден 2008 жылы 48,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды орындау үшін 16 мың адам тартылды.
2009 жылға жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, жөндеуге және салуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 158,1 млрд. теңге бөлу жоспарланды, оның ішінде 52,2 млрд. теңге жергілікті автожол желісі үшін.
Өңірлік жұмыспен қамту деңгейін арттыру және көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін стратегияны іске асыру шеңберінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуді, қайта жаңартуды және салуды қосымша қаржыландыру көзделетін болады.
Қосымша қаржыландыру көлемі шамамен 50 млрд. теңгені құрайды.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барлық сатып алу осы стратегияны іске асыру шеңберінде отандық өндірушілерге бағдарланатын болады.
Жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын кандидаттардың қатарынан қызметкерлердің кемінде 80 %-ын жалдау республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеуді, ал қажет болған жағдайда тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды жүзеге асыратын болады.
Неғұрлым өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін еңбекті неғұрлым көп қажет ететіндерін таңдау мақсатында құрылыс жұмыстарының сапасына нұқсан келтірмей жол құрылысында пайдаланылатын технологияларды талдау жүргізілетін болады.
Осы бағыттың операторы болып ӘКК және жергілікті атқарушы органдар әрекет ететін болады. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі жұмыстарды орындауға мердігер болып ӘКК не ашық конкурстар өткізу кезінде неғұрлым үздік шарттар ұсынған ұйымдар әрекет ететін болады.
Стратегияның осы бағытын еңбекті көп қажет ететін технологияларды пайдалану есебінен іске асыру нәтижесінде 35 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру болжанып отыр.
Стратегияның осы бағытын іске асыру 2009 жылы қосымша 1 000 км-ден астам автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге мүмкіндік береді.
1.5. Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар
практикасын кеңейту
Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы әлеуметтік топтар үшін 6 айға дейінгі мерзімге жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Мемлекет ақы төлеу лимиттерін белгілейді және жалақының 50 %-ын төлейді.
Нысаналы әлеуметтік топтарға жастар, табысы аз азаматтар, мүгедектер, оралмандар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, көп балалы және жалғызілікті ата-аналар жатады. Мұнымен қоса, жергілікті атқарушы органдар нысаналы топтарға халықтың басқа да санаттарын жатқызуы мүмкін.
2008 жылы 10,8 мың адам ауыл шаруашылығындағы, саудадағы, өнеркәсіптегі, көліктегі, байланыстағы, коммуналдық шаруашылықтағы, қоғамдық ұйымдардағы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттерден аударымдар 4,2 ай орташа қатысу ұзақтығымен орта есеппен бір қызметкерге айына 8 700 теңгені құрады.
2009 жылы жергілікті бюджеттерде 9,7 мың әлеуметтік орынды қаржыландыру жоспарланып отыр.
Азаматтарды, нысаналы әлеуметтік топтар өкілдерін неғұрлым толық қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын 61,3 мыңға ұлғайту есебінен әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын кеңейту көзделеді. Жергілікті бюджеттерден бір қатысушыға орташа айлық аударымдар мөлшері 15 мың теңгеге дейін жететін болады. Жұмыс берушінің 50 пайыздық салымын ескере отырып, қатысушының орташа жалақысы айына 30 мың теңгені құрайды.
Жастар практикасы жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша (міндетті емес) шарасы болып табылады және жергілікті атқарушы орган өздерінің қалауы бойынша қолданады. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі 6 айдан аспауға тиіс. Мемлекет жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің жалақысын 100 % төлейді.
2008 жылы жастар практикасы 2,9 мың түлекті қамтыды, бір қатысушының орташа еңбекақысы 11 мың теңгені құрады, қатысудың орташа ұзақтығы 4 айды құрады.
2009 жылы жастар практикасы бағдарламасы бойынша 5,4 мың адамды жұмысқа орналастыру болжанып отыр. Оқу орындарының түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін жастар практикасы бағдарламасы кеңейтілетін болады және 34,4 мыңға дейінгі жұмыс орнын қосымша қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттерден бір қызметкерге орташа айлық аударымдар 15 мың теңгеге дейін жететін болады.
Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту үшін қаржыландыру қосымша көлемі 8,6 млрд. теңгені құрайды, Бұл 95 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жұмыс орындарының санын ұлғайту және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту жергілікті атқарушы органдар 2009 жылға жоспарлаған 102,7 мың жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстарға қосымша көзделген.
1.6. Қалалардағы, кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы),
ауылдық (селолық) округтердегі басым әлеуметтік жобаларды
қаржыландыру
2008 жылы өңірлердегі әлеуметтік-мәдени объектілерді абаттандыруға және жөндеуге (көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазартуға) бағытталған жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттерден 33,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде мыналарға:
көгалдандыру - 6 млрд. теңге;
абаттандыру - 16,4 млрд. теңге;
санитарлық тазарту - 11,2 млрд. теңге.
Осы жұмыстарға 20,5 мың адам тартылды, оның ішінде мыналарды жүргізуге:
көгалдандыру - 5174 адам;
абаттандыру - 7474 адам;
санитарлық тазарту - 7833 адам.
2009 жылы осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерден 29,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, бұл ретте 19,8 мыңға дейін жұмыс орнын құру болжанып отыр.
Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражатқа қосымша ретінде әлеуметтік-мәдени объектілерді салу мен қайта жаңартуға не әрбір нақты қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте абаттандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға шамамен 37 млрд. теңге бөлінетін болады.
Осы бағыт шеңберінде нақты объектілерді тиісті мәслихаттар аудандардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай дербес айқындайтын болады. Бұл ретте осы стратегия шеңберіндегі барлық жобалар екі өлшемге сәйкес болуы тиіс:
1. жаңа жұмыс орындарын құру;
2. әлеуметтік мәселелерді шешу, оның ішінде елді мекендерді абаттандыру.
Стратегияның осы бағытын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді барлық сатып алу отандық өндірушілерге бағдарланатын болады.
Стратегияның осы бағытын іске асыру шеңберінде жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт Жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын кандидаттар қатарынан кемінде 80 % қызметкерді жалдау болып табылады.
Жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілік мамандарын іріктеуді, ал қажет болған жағдайда тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды жүзеге асыратын болады.
Осы бағытты іске асыру шеңберінде тұтастай алғанда 49,3 мыңға дейін қосымша жаңа жұмыс орнын құру болжанып отыр.
1.7. Жұмыстан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең
жоғары кезеңін ұлғайту
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтері 159,1 млрд. теңгені құрайды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,5 млн. адамға жетеді (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 70,4 %). Бүгінгі таңда жұмыстан айрылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақылардың ең жоғары кезеңі 4 айды құрайды. Жәрдемақының орташа мөлшері 2008 жылы айына 11173 теңгені, 2009 жылғы қаңтарда - жылына 17 379 теңгені құрады.
2009 — 2010 жылдары жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдердің ең жоғары кезеңі 4-тен 6 айға дейін ұлғайтылатын болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді кезеңде бұл шара 2 жылмен шектелетін болады.
1.8. Кадрларды даярлау және қайта даярлау
Республикада техникалық және кәсіптік білім беретін 866 оқу орны (324 кәсіптік лицей, 542 колледж) жұмыс істейді.
Білім алушылардың жалпы саны 610,4 мың адамды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 194,4 мың адамды, техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша - 352,1 мың адамды құрайды.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде білікті мамандарды даярлау 149 кәсіп пен 217 мамандық бойынша жүзеге асырылады.
Босатылатын қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау техникалық және кәсіптік білім беретін (ТжКБ) 373 оқу орнында, сондай-ақ оқу орталықтарында, кәсіптік оқыту курстарында жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ТжКБ оқу орындары жыл сайын 150 мыңға дейін адамды қамтумен кадрларды қысқа мерзімді даярлау бойынша оқытуды жүзеге асыруға дайын.
Оқу орындары 1-ден 6 айға дейін оқыту мерзімімен 170 кәсіп бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі.
Бұдан басқа, республиканың жоғары оқу орындары босатылатын қызметкерлерді 179 мамандық пен кәсіп бойынша қысқа мерзімді даярлау мен қайта даярлаудың оқу бағдарламаларын әзірледі. 2009 жылдың ішінде әрбір жоғары оқу орнында 1-ден 3 топқа дейін оқыту жоспарланып отыр. Топтың толықтығы 5-тен 15 адамға дейінді құрайды. Оқыту ұзақтығы мамандық пен біліктіліктің күрделілігіне қарай - 1 айдан 3-айға дейін.
Кадрларды даярлау мен қайта оқыту үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1. Стратегия шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау - 100 мың адам (қажетті қаржыландыру көлемі - 7320 млн.теңге). Қайта даярлау стратегияны іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша жүзеге асырылатын болады. Облыстар мен мамандықтар бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияның іске асырылуын қаржыландырудың бағыттары бекітілгеннен кейін әзірленетін болады.
2. Макроөңірлердің экспорттық мамандануын іске асыру үшін мамандарды даярлау 23,5 мың адам (4 093 млн. теңге). Бұл үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік лицейлер мен колледждерге (гуманитарлық, педагогикалық мамандықтар мен өнер мамандықтарынан басқа) 11 сынып базасында қабылдауды 20,0 мың адамға ұлғайту және техникалық мамандықтар бойынша қазіргі бос орындарды (3,5 мың адам) толтыру үшін қайта даярлауды жүргізу болжанып отыр.
3. Шетелдік мамандарды алмастыру - 23 мың адам (3000 млн. теңге). Шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының (кәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылатын болады.
Бұдан басқа, бірқатар мемлекеттік оқу орындарының базасында мемлекет те, шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер де қаржыландыратын оку орталықтары құрылатын болады. Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдар материалдық-техникалық базаны нығайтуды, шетелдік жетекші оқытушыларды тартуды, қайта даярлаудан өткендерді жұмыспен қамтуды және т.б. көздейтін әріптестік туралы келісімдерге қол қояды.
Кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы 146,5 мың адамға дейін қамтитын болады деп болжануда. Бүл үшін 2009 жылы республикалық бюджетте кадрлар даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын 14,4 млрд. теңгеге жуық мөлшерде қосымша қаржыландыру көзделетін болады.
1.9. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау
стратегиясын іске асыру инфрақұрылымы
Жұмыспен қамту орталықтары әрбір облыста, қалада және ауданда жұмыс істейді. Жұмыспен қамту орталықтарының негізгі бағыты - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыстан айрылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту орталықтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың кең спектрі қолданады. Бұл жұмыспен қамтуға және жеке іс ашуға жәрдемдесу, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттау, жастар практикасын, «жұмыс іздеу клубтарын» ұйымдастыру, кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға бағыттау және т.б.
2008 жылы жұмыспен қамту орталықтары 248 мың өтініш жасағандар ішінен 229 мың адамды жұмысқа орналастырды. 26,4 мың жұмыссыз кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудан өтті.
Бүкіл республикада ықпалдастырылған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған базасы әрбір өңірде қалыптастырылып, нақты уақыт режимінде жүргізілуде, онда жұмыспен қамту орталықтары едәуір сұраныс (бос орындар) мен ұсыныстар (жұмыссыздар мен өздерінің сауалнамалық деректерін дербес орналастырған өзге де тұлғалардан) туралы ақпаратты орналастырады. Өз кезегінде, жұмыс берушілер базада жұмысқа қабылдау туралы өтінімдерді дербес орналастыра алады.
Стратегияны іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту тетіктері
Жұмыспен қамту орталықтары стратегияны іске асыру жөніндегі негізгі элементтердің бірі болады. Жұмыспен қамту орталықтарының функциялары едәуір ұлғайтылады, олар стратегияның барлық бағыттарын қажетті біліктіліктің еңбек ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, байластырушы буын болып әрекет етеді.
Осыған байланысты жұмыспен қамту орталықтарының саны, негізінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламалары есебінен ұлғайтылатын болады.
Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша құрылатын болады.
Ақысы төленбейтін демалыстардағы немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырылған азаматтар үшін Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады. Жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыздарды тіркеу рәсімі барынша оңайлатылатын болады.
Жұмыспен қамту орталығы күн сайын «Еңбек нарығы» автоматтандырылған базасы жаңартылып отыратын болады, онда Стратегияны іске асыру шеңберінде құрылған бос орындар орналастырылатын болады.
Стратегияның бағыттарын іске асыру үшін жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерді іріктеуді жүзеге асыратын болады және қажет болған жағдайда оларды білім беру жүйесі ұйымдарына қайта даярлау курстарына жібереді.
2009 жылы стратегияны іске асырудың тиімділігін арттыру үшін кеңінен ақпараттық қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінетін болады.
Халықты толық қамтуды қамтамасыз ету және құрылатын жұмыс орындарында жұмыспен қамту мәселелерін уақтылы шешу үшін 2009 жылы жоспарланған 461 жәрмеңкеге қосымша 611 ірі және шағын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
1.10. Отандық өндірушілерді қолдау
Стратегия бағыттарын іске асыру тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қосымша сұраныс тудырады. Бұл сұранысты отандық өндірушілер есебінен қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау стратегияның жеке бағыты болып табылады.
Стратегия бағыттарын іске асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың жалпы көлеміндегі отандық өндірушілердің үлесі стратегияны іске асырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болады.
Бұл үшін өндірістік секторда іскерлік белсенділікті қолдаудың екі блогы бөлініп алынды:
1. қолданыстағы өндірістердің қуатын жүктеу. Бұл үшін стратегия шеңберінде іске асыру үшін нақты жобалар айқындалғаннан кейін нақты жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді белгілей отырып, сатып алу жоспары әзірленетін болады.
2. егер қажетті өндірістер жоқ болған жағдайда, стратегияны іске асыру үшін отандық өндірушілер мен жеткізушілерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Жаңа өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпорындардың ағымдағы және перспективалық бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылатын болады. Стратегияны іске асыруды қолдау үшін отандық өндірушілер мен жеткізушілерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары біржолғы акция ретінде емес, ұзақ мерзімді шара ретінде қаралады, мұнда стратегияны іске асыру шеңберіндегі сатып алу бәсекеге қабілетті отандық өндірістік базаның қалыптасуына ғана ықпал етуі тиіс. Стратегияны іске асыру үшін отандық өндірушілер мен жеткізушілерді дамытуды қаржыландыру, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ институттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен бөлім алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында (бұдан әрі - Тұрақтандыру жоспары) индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 млрд. теңге бөлу көзделген.
Орта мерзімді перспективада барлық қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту қамтамасыз етілетін болады. Олар Қазақстанның импортқа тәуелділігін айтарлықтай қысқарта отырып, қосылған құны жоғары, ЕУРО - 3, 4 экологиялық стандарттарының жоғары деңгейіне сәйкес келетін сапалы өнім шығаруға тиіс.
Мойнақ ГЭС-ін салуды қаржыландыру жалғасады. Бұл елдің оңтүстік өңірлерін электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін аса маңызды жоба. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және орталық өңірлерінің электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету үшін Балқаш ЖЭС-ін салу жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Екібастұз ГРЭС-1-ді және ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру жөніндегі жұмыстар Қазақстанда электр энергиясын өндіруді едәуір ұлғайтады.
»Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» магистральды газ құбырын салудың маңызды әлеуметтік мәні бар. Бұл елдің батыс өңірлерінен оңтүстік өңірлеріне кедергісіз газ беруге және Өзбекстаннан газ импортын азайтуға мүмкіндік береді. Көліктік инфрақұрылым және транзиттік әлеуетті дамыту саласында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожол транзиті дәлізін қайта құру жобасын іске асырудың басымды маңызы бар. Бұл Орталық Азия елдерінің Еуропамен көліктік қатынасын неғұрлым қысқа жолмен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ Каспий теңізіндегі тасымалдардың өсіп келе жатқан көлемін қамтамасыз ету үшін Ақтау теңіз портының өткізу қабілетін кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Елдің жедел индустриялық дамуы шеңберінде Атырау облысында газ-химия кешенін салу неғұрлым маңызды жобалардың бірі болып табылады. Газ-химия кешені газ өңдеуді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл перспективада қосылған құны жоғары химия өнеркәсібі өндірісін дамыту үшін негіз болады.
Жол құрылысының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін меншікті шикізат базасы құрылатын болады. Бұл үшін сапасы жоғары жол битумдарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыру жалғасады.
Инфрақұрылымды дамыту үшін қосалқы өндірістер тағы бір маңызды блок болып табылады. Қазақстан мәні жағынан елдің базалық магистральдық жүйесі болып табылатын ауқымды темір жол желісіне ие, электровоздар, ел ішілік жолаушылар және жүк вагондары өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
Туризмді дамыту және туристік кластерді дамыту мақсатында «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жалғасады.
Химия өнеркәсібінің де одан әрі даму үшін қомақты әлеуеті бар. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жанынан құрылған химиялық компания шеңберінде хлор-сілті өндірісін ұйымдастыру және минералдық тыңайтқыштар өндірісін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі. Бұл жобаларды іске асыру аталған өнімдердің импортын азайтуға және экономиканың экспорттық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.
Металлургия өнеркәсібі одан әрі дамытылады. Тараз металлургия зауытын және Ақтөбе облысында электр-металлургия зауытын салуды қаржыландыру жүзеге асырылады. Бұл өндірістердің экспорт үшін, сондай-ақ ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін едәуір әлеуеті бар.
Көрсетілген жобаларды іске асыру үшін, Тұрақтандыру жоспарының шеңберінде бөлінген қаражаттан басқа, қосымша 5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Көрсетілген жобаларды іске асыру шеңберінде құрылыс кезеңінде және оларды пайдалануға енгізгеннен кейін қосымша 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.
Қорытынды
Жол картасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын ұстап тұруға бағытталған қосымша шаралар кешені болып табылады.
Жол картасын іске асыру үшін қажетті қаражаттың жалпы көлемі шамамен 200 млрд. теңгені құрайды.
Жол картасын іске асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар саясаты бағдарламаларын кеңейту есебінен 350 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.
Кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасымен 146,5 мыңға жуық адам қамтылады.
Жол картасын іске асыру кезінде қазақстандық өндірістің тауарлары мен қызметтерін басым пайдалану есебінен отандық кәсіпорындар, бірінші кезекте, құрылыс секторы мен құрылыс материалдары индустриясының секторлары тапсырыстармен қамтамасыз етіледі.
Макроөңірлердің экспорттық мамандануы секторларын дамыту нәтижесінде перспективада 500 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, ЖІӨ өсімі шамамен 8 %-ды құрайды.
Стратегия бағыттарын іске асыру нәтижесінде коммуналдық және көліктік инфрақұрылым жаңғыртылады, мектептерге, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік объектілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі, бұл Қазақстанның дағдарыстан кейінгі орнықты дамуы үшін негіз болады және халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартады.