Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға»
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 Қаулысы
(2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жол картасы) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш күн мерзімде Жол картасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және Сыртқы істер министрліктері жүйелі негізде республикада және шетелде Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары Жол картасы іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 наурыздағы
№ 264 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жол картасы)
Мазмұны
Кіріспе
Экономиканы тұрақтандыру үшін 2007 - 2008 жылдары қабылданған шаралар
Жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары
1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы
1.1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру тетіктері
1.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және дамыту (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау)
1.3. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылыту
1.4. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу
1.5. Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар практикасын кеңейту
1.6. Қалалардағы, кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыру
1.7. Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең жоғары кезеңін ұлғайту
1.8. Кадрлар даярлау және қайта даярлау
1.9. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру инфрақұрылымы
1.10. Отандық өндірушілерді қолдау
2. алып тасталды
3. Инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыру
Қорытынды
Кіріспе
Жаһандық экономикалық құлдыраудың өршуі жаһандық экономика үшін де, сол сияқты әрбір ел үшін де жеке-жеке жаңа қыр-көрсетулерді айқындайды.
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес 2009 жылы әлемдік экономикалық өсу 0,5 %-ға - Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бергі ең төменгі мәнге дейін баяулайды.
Бүкіл әлемдегі экономиканы мемлекеттік ынталандырудың кең ауқымды шараларына қарамастан, қаржы секторының жүйелі проблемаларын шешу мүмкін болмай отыр, бұл өз кезегінде нақты секторды дамытуды едәуір әлсіретеді.
Экономикасы дамыған елдердегі өндіріс көлемі 2009 жылы 2 %-ға қысқарады деп болжануда. Бұл бүкіл соғыс уақытынан кейінгі алғашқы жылдық қысқару болып табылады.
Дамыған елдерде өндіріс көлемінің қысқаруы жағдайында мұнай, болат, мыс, мырыш, алюминий, қорғасын, ферроқорытпалар сияқты қазақстандық өнімнің негізгі түрлеріне сұранысты азаюы күтіледі, бұл, өз кезегінде елдегі іскерлік белсенділікті жалпы төмендетуге әкеледі.
Тұрақты экономикалық өсуді қайта жаңарту қаржы секторының қалыпты жұмыс істеуі қалпына келмейінше және кредиттік нарықтардың жұмысына кедергілер жойылмайынша мүмкін емес.
Жаһандық үрдістерді ескере отырып, 2009 жылы Қазақстанда ЖІӨ өсімінің қарқыны 1 % деңгейінде күтілуде, бұл ретте экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші мұнай-газ секторы болады. Экономиканың басқа секторларында нөлге жуық немесе теріс өсу күтілуде.
2009 жылғы қаңтардың өзінде өндіріс көлемінің қысқаруы байқалды, өнеркәсіпте - 18%-ға, құрылыста - 17.3 %-ға.
Негізгі жұмыспен қамту секторларындағы өндіріс көлемінің азаюы жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) болжамы бойынша тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сауда және қаржы секторы қызметкерлері жұмысынан айырылу қауіп аймағында болуы мүмкін. Бұл секторларда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2008 жылдың аяғындағы жағдай бойынша шамамен 3 млн. адамды құрайды.
Бұдан басқа, 2009 жылы іскерлік белсенділіктің азаюына орай еліміздің жоғары оқу орындарын бітірушілердің едәуір бөлігінде жұмыспен қамтылуда қиындық туындайтын болады.
Жалпы, 2009 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуін және елдегі іскерлік белсенділіктің азаюын ескере отырып, қазіргі 584,7 мың жұмыссыздың үстіне 350 мыңға жуық адам қосылуы мүмкін, бұл жұмыссыздық деңгейінің 10,8 %-ға артуына әкеп соғады.
Теріс салдардан басқа, ағымдағы жағдай Қазақстан алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл:
біріншіден, аграрлық секторды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімін негізгі шикізат емес экспорттық мамандану ретінде қайта өңдеу. 2007 - 2008 жылдарда өзінің шарықтау шегіне жеткен азық-түлікке бағаның артуы аграрлық сектордың инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырады, бұл агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындары пайдасының ұлғаюымен қатар ауыл шаруашылығын құрылымдық трансформациялауды жүргізуге және оның өнімін өңдеуді одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте аграрлық маманданудың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті қуатты кіші секторлары қалыптастырылатын болады;
екіншіден, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне және қазақстандықтардың өмір сүру сапасына, ең алдымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне және инфрақұрылымға теріс әсер ететін жинақталған жүйелі проблемаларды шешу.
Экономиканы тұрақтандыру үшін 2007 - 2008 жылдары қабылданған шаралар
2007 жылғы 6 қарашада Үкімет Қазақстан Республикасының элеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын қабылдады. Оны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.
Қаражат тұрғын үй объектілерінің үлестік құрылысын аяқтауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінді.
2007 - 2008 жылдардың ішінде банк секторындағы өтімділік тапшылығы проблемалары, оның ішінде ең төменгі резервтік талаптарды біртіндеп азайту есебінен кезең-кезеңімен шешілді. Банк секторының қатерлерін азайту жөніндегі, оның ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігіне, өтімділікке, сырттан қарыз алуға байланысты жұмыс жандандырылды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қаржы ұйымдарын қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды.
Екінші деңгейдегі банктерге сенімділікті сақтау мақсатында жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілдік берілген өтеу сомасын бұрын көзделген 700 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін, ал 2012 жылға дейін (3 жыл ішінде) 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделді.
2008 жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жедел қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу басым түрде қазақстандық өнім берушілерге бағдарланатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнаманың әрекет етуінен босатылды.
2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.
Жоспардың мақсаты жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс ықпалын жұмсарту және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету болып табылады.
Жоспарды қаржылық қамтамасыз ету үшін 1200 млрд. теңге көлеміндегі Қазақстан Республикасы ұлттық қорының қаражаты пайдаланылды. Олар мыналарға жіберілді:
қаржы секторын тұрақтандыруға - 480 млрд. теңге;
тұрғын үй секторын дамытуға - 360 млрд. теңге;
шағын және орта бизнесті қолдауға - 120 млрд. теңге;
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға - 120 млрд. теңге;
инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға - 120 млрд. теңге.
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді, оның шеңберінде салық жүктемесінің, ең алдымен экономиканың шикізат емес секторы үшін едәуір төмендеуі көзделді.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу жөніндегі талап алынып тасталды.
2009 жылғы ақпанда 25 %-ға теңгенің құнсыздануы жүзеге асырылды. Бұл шара отандық өндірушілердің сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған болатын.
Қаржы жүйесінің өтімділігін арттыру үшін ақша-кредит саясатын жеңілдетуді үсынды. 2008 жылғы 5 ақпаннан бастап қайта қаржыландыру ставкасы 10 %-дан 9,5 %-ға дейін 0,5 пайыздық пунктке кеміді. Бұдан басқа, 2009 жылғы 3 наурыздан бастап екінші деңгейдегі банктер үшін ішкі міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптарды 2 %-дан 1,5 %-ға дейін, өзге міндеттемелер бойынша 3 %-дан 2,5 %-ға дейін азайту туралы шешім қабылданды.
Көрсетілген шараларды іске асыру экономикаға қосымша беріктік қорын бере отырып, сыртқы конъюнктураның ықтимал әлсіреуіне дайындалуға мүмкіндік берді.
Осы Жол картасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленді және қосымша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға, іскерлік белсенділікті ынталандыруға және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары
Жол картасының негізгі мақсаты:
1. жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің едәуір өсуіне жол бермеу;
2. дағдарыстан кейін орнықты даму үшін жағдай жасау.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін, бұрын қабылданған тұрақтандыру шараларына қосымша Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын (бұдан әрі - стратегия) іске асыруға және мынадай бағыттар бойынша кадрларды қайта даярлауға бас назар аударатын болады:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және дамыту (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау);
2) мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылыту;
3) республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу;
4) әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар практикасын кеңейту;
5) қалалардағы, кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық
(селолық) округтердегі басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыру;
6) жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең ұзақ
кезеңін ұлғайту;
7) кадрлар даярлау және қайта даярлау.
1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы
1.1. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру тетіктері
Стратегия республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тетігіне негізделген.
Стратегияны іске асыру үшін республикалық бюджеттен кемінде 140 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі шығыстарды жергілікті деңгейде оңтайландыру жөніндегі жұмыс жүргізілгеннен кейін айқындалатын болады.
Стратегияны қаржыландыру көлемі алдын ала бағыттар бөлінісінде мыналарды құрайды:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және дамыту (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) — 50 млрд. теңге;
2) мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылыту - 40 млрд. теңге;
3) республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу — 50 млрд. теңге;
4) әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар практикасын кеңейту - 8,6 млрд. теңге;
5) қалалардағы, кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыру - 37 млрд. теңге;
6) жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең ұзақ кезеңін ұлғайту - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен қайта қаржыландырылатын болады;
7) кадрлар даярлау және қайта даярлау - 14,4 млрд. теңге.
Стратегияны іске асыру оны кезең-кезеңімен орындауды көздейді.
Бірінші кезеңде стратегияны іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының жалпы көлемі нақтыланатын болады, оның шеңберінде тәуекелдің өңірлік деңгейіне байланысты әрбір өңір үшін жалпы қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады.
Өңірлік тәуекел деңгейі жұмыспен қамту картасы және қызметкерлерді мүмкін болатын жұмыстан босату (бұдан әрі — Жұмыспен қамту картасы) негізінде айқындалатын болады. Жұмыспен қамту картасында әрбір өңір бойынша мыналар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілетін болады:
жұмыстан босатылатын қызметкерлерді ықтимал саны, олардың мамандықтары мен біліктіліктері;
оқу орындары бітірушілерінің білім деңгейі және мамандықтары
әрбір өңірдің айрықша ерекшеліктері мен мамандануы.
Екінші кезеңде әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін бекітілген жалпы лимиттер шеңберінде стратегияның жекелеген бағыттары бойынша қаржыландыру көлемі айқындалатын болады.
Әрбір өңір үшін стратегия бағыттарының қаржыландыру көлемі әрбір өңірдің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындалатын болады.
Үшінші кезеңде стратегияны іске асыру бағыттарына сәйкес жұмыстан босатылатын қызметкерлерді қайта даярлауға қажеттілік айқындалатын және кадрларды қайта даярлау жөніндегі жоспар әзірленетін болады.
Стратегияның іс-шараларын қамтамасыз ету үшін жекелеген өңірлер мен бағыттар шеңберінде және жүргізілген жұмысты ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттен түзетілетін болады.
Төртінші кезеңде сатып алу жоспары және стратегияны іске асыру үшін отандық өндірушілерді және өнім берушілерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалатын болады.
Бесінші кезеңде стратегияны іске асыру тиімділігінің әр өңір үшін түйінді көрсеткіштері айқындалатын болады.
Бұл көрсеткіштер мыналарды бағалауға бағдарланған екі блокқа бөлінетін болады:
біріншіден, стратегия бағыттарын іске асырудың тікелей тиімділігі - жөнделген жолдардың, мектептердің, ауруханалардың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің көлемі, отандық өндірушілердегі сатып алу көлемі, жаңа қызмет көрсететін өндірістер құру және т.б.;
екіншіден, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету - құрылған жаңа жұмыс орындарының саны, қайта даярлаудан өткен адамдардың саны, қайта даярлаудан өткендердің арасындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі және т.б.
Стратегияны іске асыруды үйлестіру және мониторингі үшін мүдделі мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, қоғамдық бірлестіктерді және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен арнайы жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылатын болады. ВАК функцияларына мыналар кіретін болады:
мыналарды:
Жұмыспен қамту картасы негізінде тәуекелдің өңірлік деңгейін;
өңірлер бөлінісінде стратегияны қаржыландыру лимиттерін;
стратегияны іске асырудың тиімділік көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
стратегияның іске асырылу барысына апта сайынғы мониторинг және стратегияны жергілікті деңгейде іске асыруды үйлестіру және мониторингі жөніндегі комиссиялардың есептерін бекіту;
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен стратегияның іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді қарау.
Өңірлерде стратегияны іске асырудың жедел мониторингі үшін мәслихаттар депутаттарын, қоғамдық бірлестіктерді және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерінің төрағалық етуімен жергілікті деңгейде стратегияны іске асыруды үйлестіру мен оның мониторингі жөнінде комиссия құрылатын болады. Комиссияның функциясына:
өңірде стратегияны іске асырудың жедел мониторингі;
стратегияның іске асырылу барысы туралы ХВК үшін есеп дайындау;
бекітілген жалпы лимиттер шеңберінде стратегияның бағыттары бойынша қаражатты түзету және қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау кіреді.
Стратегияны іске асыру жөніндегі жұмыс органын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайтын болады.
Стратегияны іске асыруды ақпараттық қолдау үшін мамандандырылған интернет-сайт құрылатын болады, бұл күнделікті негізде:
стратегия шеңберінде еңбекке орналастыру мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты;
стратегияның орындалу барысы туралы есепті;
әрбір өңір және нақты жоба бөлінісінде ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі есепті ұсынатын болады.
Бұдан басқа, стратегияны іске асыру жөніндегі ақпарат күн сайын ақпарат құралдарында жарияланады.
1.2. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта құру және
дамыту (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен жабдықтау,
электрмен жабдықтау)
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су шаруашылығы және кәріз жүйесі саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің саны 560 кәсіпорынды құрады. Электрмен жабдықтау және жылу энергетикасы саласындағы қызметтерді ұсынатын субъектілердің саны 378 кәсіпорынды құрады.
Қазіргі кезде коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің тозу деңгейі орташа есеппен алғанда Қазақстан бойынша 70 %-ға жетті, оның ішінде: коммуналдық су құбырының желілері - 71,3 %, кәріз желілері - 68 %, жылу желілері - 65 %, электр желілері - 73 %, су құбырының сорғы станциялары 58 %, кәріздік сорғы станциялары - 62 %, су құбырының тазалау ғимараттары - 70,8 %, кәріз тазалау ғимараттары - 74 %, трансформаторлы кіші станциялар - 70 %.
2008 жылы сумен жабдықтау және кәріз, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға әрі дамытуға жергілікті бюджеттерден 59,19 млрд. теңге бөлінген болатын, оның ішінде:
сумен жабдықтауға және кәрізге - 21,9 млрд. теңге,
жылумен жабдықтауға - 10,9 млрд. теңге,
электрмен жабдықтауға- 14,4 млрд. теңге,
газбен жабдықтауға — 11,99 млрд. теңге.
Осы жұмыстарға 26,1 мың адам қамтылды, оның ішінде жүйелерді қайта жаңарту және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде:
сумен жабдықтау мен кәріз - 9 394 адам,
жылумен жабдықтау - 4 298 адам,
электрмен жабдықтау - 4 406 адам,
газбен жабдықтау - 8 302 адам.
2009 жылы осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерден 34,9 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл ретте, бағалау бойынша 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады.
Өңірлерде жұмыспен қамтылу деңгейін ұстап тұру мен коммуналдық жүйелерді жеделдетілген жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін 2009 жылы жергілікті бюджеттерде жоспарланған қаражаттан басқа, стратегияны іске асыру шеңберінде тұрғын үй - коммуналдық желілерін дамытуды және қайта жаңартуды қосымша қаржыландыру көзделіп отыр.
Қосымша қаржыландыру көлемі, бағалау бойынша шамамен 50 млрд. теңгені құрайды.
Ықтимал объектілерді айқындау тұрғын үй-коммуналдық желілерді қайта жаңарту мен дамыту үшін қосымша қаражат шеңберінде мынадай екі өлшемдерге негізделетін болады:
1. жұмыстар жүргізген кезде үлкен еңбек ресурстарын тартуды талап ететін еңбекті қажет ететін технологияларды барынша қолдану қажет;
2. сумен жабдықтау мен кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен
жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту және дамыту тек республикалық не
коммуналдық меншіктегі объектілер үшін ғана жүргізілетін болады.
Стратегияның осы бағытын іске асыру жөніндегі операторлар ретінде қайта жаңартуда қажетті қаржыландыру көлеміне мұқтаж тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының нақты объектілерін, мамандықтар мен жобаларды іске асыру мерзімдері бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттілікті айқындайтын жергілікті атқарушы органдар әрекет етеді.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды орындау үшін мердігерлер ретінде коммуналдық кәсіпорындар жанында әрекет ететін жөндеу бригадалары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) және тұрғын үй-коммуналдық желілерін қайта жаңарту мен жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде қажетті тәжірибесі бар тарапты ұйымдар бола алады.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді барлық сатып алулар стратегияның осы бағытын іске асыру шеңберінде отандық өндірушілер бағдарланатын болады.
Стратегияның осы бағытын іске асыру шеңберіндегі жұмыстарды жүргізу үшін міндетті түрдегі шартпен жергілікті жұмыспен қамту органдары (бұдан әрі - Жұмыспен қамту орталықтары) ұсынатын кандидаттардың қатарынан кемінде 80 % қызметкерлерді жалдау болып табылады.
Жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілік мамандарын іріктеуді, ал қажет болған жағдайда тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды жүзеге асырады.
Стратегияның осы бағытын іске асыру нәтижесінде көп еңбекті қажетсінетін технологияларды қолдануды есепке ала отырып, шамамен 50 мың жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде.
Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық желілерінің тозуын азайту есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңғырту тасымалдау кезінде нормаланбаған шығындарды азайтуға әкеп соғады, осыған орай су, жылу және электр энергиясы ресурстарын пайдалану тиімділігі айтарлықтай артады.
1.3. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік
объектілерді жөндеу әрі жылыту
2008 - 2009 жылдардағы оқу жылында елдегі күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны 7 848 білім беру объектілерін құрады, олардың 7 733 - мемлекеттік, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға бағынатыны - 7 620.
2008 жылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 10,8 млрд. теңге сомасына 1 188 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. 6,6 млрд. теңге сомасына 6 020 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Қазіргі сәтте 202 мектеп ғимараты авариялық жағдайда, 1 728 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді.
1 728 мектепке күрделі жөндеу қажеттілігі жағдайында, 2009 жылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 10,7 млрд. теңге сомасына 801 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жөндеу 6,4 млрд. теңге сомасына 6 649 мектепке жоспарланып отыр.
Республика бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы саны 7 987 бірлікті құрайды.
2008 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен 746 млн. теңге және тиісінше 10,3 млрд. теңге сомасына
30 республикалық және 632 жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жөндеу 403,6 млн. теңге және тиісінше 1,3 млрд. теңге сомасына 32 республикалық және 856 жергілікті денсаулық сақтау мен медициналық білім беру ұйымдарында жүргізілді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау объектілерінің күрделі жөнделуін қаржыландырудағы қажеттілік тұтастай алғанда республика бойынша 26,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 37 республикалық және 874 жергілікті денсаулық сақтау және медициналық білім беру ұйымдары үшін 3,7 млрд. теңге және тиісінше 22,7 млрд. сомасына.
2009 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен 24 республикалық және 400 жергілікті денсаулық сақтау