Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 174 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақта:
2) тармақшада «және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «ұсыныстар дайындау» деген сөздерден кейін «;» қойылып мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді жетілдіру және дамытуға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар дайындау.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы «әзірлеу» деген сөзден кейін «және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
№ 174 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 197 қаулысына
Қосымша
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған
ведомствоаралық комиссияның құрамы
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия сауда министрі, төраға |
| Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
| Момышев Талғат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
| Әубәкіров Серік Ғабдолұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы |
| Асқаров Альберт Мұхтарұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
| Веснин Виктор Николаевич | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
| Смағұлов Дәулетбай Оспанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
| Могильный Валерий Валентинович | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары |
| Сабыров Дәлелхан Қамалбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары |
| Баймұратов Әбілхан Есенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Байланыс департаментінің директоры |
| Брагин Александр Геннадиевич | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
| Елеусізова Құралай Болатқызы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры |
| Епбаева Айгүл Тоқтарханқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Өндіріс статистикасы департаментінің директоры |
| Жансүгіров Болат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік коммуникация кешенін дамыту департаментінің директоры |
| Құсайынова Айна Біржанқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы департаментінің директоры |
| Сәлімгереев Мәлік Жаңабайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры |
| Сарбасов Ақмәди Әділұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң департаментінің директоры |
| Сармузина Раушан Ғайсақызы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай-химия департаментінің директоры |
| Тоқсейітова Рәбиға Әлібекқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментінің директоры |
| Бірекешев Серікқали Аманғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары |
| Жаманова Нұргүл Рамазанқызы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті директорының орынбасары |
| Кәменов Ғалым Нұржанұлы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы ақпарат қызметінің директоры (келісім бойынша) |
| Тлебаев Манат Бейшенұлы | - «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы Технологиялар трансферті департаментінің директоры |
| Иса Әбжаппар Үкібайұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Техникалық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Есмұханова Жеміс Жанұзаққызы | - «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
| Худова Любовь Николаевна | Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
| Тюгина Ирина Валерьевна | - «Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау қауымдастығы» директорының орынбасары (келісім бойынша) |
| Цой Игорь Владимирович | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық даму департаментінің Директоры |