Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінін аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 121 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Алматы облысының ерекше экологиялық, ғылыми және рекреациялық құндылығы бар бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру және оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери полигоны) жалпы алаңы 3767,7 га жер учаскесі алынсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі және Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағындағы жалпы алаңы 30132,3 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын.
3. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
4. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 ақпандағы
№ 121 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік
мекемесіне Алматы облысының аумағында
тұрақты жер пайдалануға берілетін жер
учаскелерінің экспликациясы
Жерлер санаты және құрамы | Алаңы, га |
Ұйғыр ауданы: | |
1) босалқы жерлер: | 30132,3 |
жайылымдар; | 29680,3 |
өзге жерлер; | 452,0 |
2) қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер (өзге жерлер) | 3767,7 |
Барлығы: | 33900,0 |