2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 260, 261, 261-1, 262, 262-1, 262-2, 262-3, 263, 264-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
231-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1628372 мың теңге (бір миллиард алты жүз жиырма сегіз миллион үш жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21-24-баптары; «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 , 11, 17, 37, 55, 57, 58, 59-баптары; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; «Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 872 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғылыми зерттеу ұйымдарын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; лицензиялар беру және білім беру, ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын бақылау; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімі, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру; балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Білім және ғылым саласындағы уәкілеттi органның қызметіқамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратын ұстау; Білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету; білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру; білім беру мен ғылым саласында нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу, білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу, жоғары оқу орындарын және колледждерді аккредиттеу; ғылыми ұйымдарды аттестаттау және аккредиттеу; мемлекеттік аттестаттау рәсімін өткізу үшін аттестаттау комиссиясының қызметіне ақы төлеу. Лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, мемлекеттік лицензиялар мен қосымшалардың бланктерін жасап шығару қызметін сатып алу бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік үлгідегі құжаттар мен медальдарды әзірлеу және беру бойынша қызметтерді сатып алу. Балалардың құқықтарын қорғау саласында социологиялық зерттеулер өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараты | Аумақтық органдардың аппаратын ұстау; Өңірлердің әлеуметтік- экономикалық жағдайын ескере отырып, бала құқықтары, конституциялық құқықтары, балалардың заңды мүдделері туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыруда жәрдемдесу; өмірде қиын ақуалға ұшыраған балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында жәрдемдесу; балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделері жөнінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін мынадай тақырыптар бойынша қызметтерді сатып алу: 1) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің өзектi мәселелері; 2) мемлекеттік тілде құжаттарды рәсімдеудің ерекшеліктері; 3) іс жүргізу қызметі және құжат айналымы; 4) бюджеттік саясат және бюджеттік процесс; 5) жемқорлыққа қарсы күрес. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат, комитеттер және аумақтық органдарға жүктелген функцияларды сапалы және тиімді орындау мақсатында материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, комитеттер, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары. |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Шығыс материалдарын сатып алу. Есептеуіш техникаларының қаражаттарын жүйелік- техникалық қызмет көрсету. Бағдарламалық және ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету және алып жүру. Техникалық қаражаттарды, байланыс қызметтерін және материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, комитеттер, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары. |
7 | | 100 | Ғылыми кадрларды аттестациялау | Бірыңғай талаптарға сәйкес ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру жөніндегі аттестаттау істерін ұйымдастыру және қарау. Мемлекет атынан дипломдар мен аттестаттарды рәсімдеуді және тапсыруды жүзеге асыру. 2200 данада аттестаттау ісін қарау. | Жыл бойы | Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті |
8 | | 102 | «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын табыс ету | «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 200 мемлекеттік грантын тағайындау және беру. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын беру бойынша конкурстық құжаттамаларды сараптамадан өткізу жөнінде жұмыстар жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Білім беру және балаларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ету; 30 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 50 адамды мемлекеттік тілге оқыту, 40 адамды ағылшын тіліне оқыту;
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау жөнінде конкурстық құжаттамаларды сараптамадан өткізу жөніндегі жұмыстар - 1000 пакет құжаттар.
Соңғы нәтиже: Халықаралық стандарттарды енгізуді есепке ала отырып білім жүйесін жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Бір қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығындар - 19,48 мың теңге, мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығындар - 53,0 мың теңге, ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығындар - 29,51 мың теңге.
Бір аттестаттық істі қарауға орташа шығыстар - 19,1 мың теңге;
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын беру бойынша 1 пакет құжаттамалардың сараптамалары - 3,7 мың теңгеге дейін.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес министрлік аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру - 100 %.
Сапасы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін көтеру.
Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай келетіндей арттыру.
Мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткен мемлекеттік қызметшілердің 70% іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілетін болады, 2% - ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
232-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6970 мың теңге (алты миллион тоғыз жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 31-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: академик Қ.И.Сәтпаевтың мұраларын сақтау, мұражай қорлары мен мұрағаттарда жатқан көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтпаевтың өмірі мен қызметі туралы ілім-білімді білімдік-тәрбиелікпен және мақсаткерлікпен таратуды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Ғылыми- мәдени құндылықтарды сақтау | Академик Қ.И.Сәтпаевтың мемориалдық мұражайында академик Қ.Сәтпаевтың өмірi мен қызметіне байланысты материалдар мен құжаттарды сақтауды, есепке алуды, зерделеуді, жария ету және пайдалануды қамтамасыз ету. Негізгі құралдарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, академик Қ.И.Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
мұражайға келген азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 7270 адам;
мұражайдың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі жабдықтарды сатып алу: желдеткіштер - 2 дана; компьютер - 1 дана.
Соңғы нәтиже: жұртшылықты Қазақстан Республикасындағы ғылым мен техниканың дамуының тарихи көріністерімен таныстыру Өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың қызметіне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың өмірін, ғылыми және қоғамдық қызметін насихаттау арқылы өз өмірін Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетін жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- экспонаттардың саны - 720 дана
бір экспонаттың сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 9062,5 теңге.
Уақтылығы: Көзделген кесте бойынша жоспарланған іс-шаралар өткізу.
Сапасы: республика халқының мәдени деңгейін көтеру және мұражай колекциясы базасында Ғылым академиясының бірінші Президенті Қ.Сәтпаевтың қызметімен жұртшылықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
233-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Инновациялық жүйенің желілерін дамыту»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 716613 мың теңге (жеті жүз он алты миллион алты жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Инновациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; «2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы; «ҚР инновациялық жүйені құру және дамыту бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы аясында елдің тұрақты экономикалық дамуы, экономиканың әр тараптандырылуы және өмір сүру деңгейін көтеру үшін ғылыми-техникалық қызметін қорға айналдыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстандық ғылымның сапалы параметрлерін елдің экономикасы үшін әлемдік санат деңгейіне шығару және елдің тұрақты экономикалық дамуы, экономиканың диверисификациялануы мен Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында ғылымның қор болуы үшін, оның нақты секторлармен байланысын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Инновациялық жүйенің желілерін дамыту | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Жобаларды басқаратын топтарды, сонымен бірге операциялық шығындарды ұстау: еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, кейіннен сатып алынатын есеппен ғимаратты жалдау, байланыс қызметін төлеу, кеңсе тауарларын, жанар-жағар майды, кеңселік техниканы, кеңселік жиһазды сатып алу, іссапар шығындары, автомобилді жалға алу. 10 зертхананың зертханалық құрал-жабдықтарын құрудың техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу. Қарызды ұйымдастырғаны үшін донорға бір мезгілдегі комиссияны төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: жобаға жұмылдырылған алдыңғы қатарлы технологиялар тобынан 100 ғалымға жылына 15 жарияланым.
Соңғы нәтижелер: жобаға жұмылдырылған алдыңғы қатарлы технологиялар тобынан 100 ғалымға жылына 3 патент.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: жоба бойынша Қазақстан Республикасы ІЖӨ 2007-2011 ж.ж. кезеңіне экономикалық шығын көрсеткіші небәрі 0,013% құрайды.
Уақытылығы: кестеге сәйкес жоспарланған іс-шараларды өткізу.
Сапасы: қазақстандық ғалымдар мен халықаралық технологиялар нарығы арасында байланыстың даму деңгейін көтеру, Қазақстандық және шетелдік фирмалар үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басымдылығын орындауда ұлттық ғылыми әлеуетті тарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
234-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ғылыми объектілерді салу және реконструкциялау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1037070 мың теңге (бір миллиард отыз жеті миллион жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғылыми объектілерді салу және қайта жаңғырту жолымен қайталанбас ғылыми-техникалық объектілерді сақтау және мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Ғылыми объектілердi салу және реконструкциялау | Белгіленген тәртіппен бекітілген (жұмыс жобасы бойынша 2006 жылғы 27 шілдедегі № 7-89-1/06 мемлекеттік сараптама қорытындысы) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Алматы қаласында «Орталық ғылыми кітапхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараттар кешенін қайта жаңғыртуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді қайта жаңғырту бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін жоғарылату және отандық, шетелдік кітапханалық қорға қызмет көрсету және сақтау жағдайын жақсарту үшін орталық ғылыми кітапхананы қайта жаңғырту.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
235-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың
қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 434170 мың теңге (төрт жүз отыз төрт миллион бір жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 19, 24, 31-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4 , 5 ,26-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық қызмет көрсетулердің жаңа деңгейін ұсыну; практикалық қызметке ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін практикалық енгізуге ықпал ету; ғалымдардың жетістіктерінің ақпараттық қызмет жүйесін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикадағы ғылыми қоғамдардың білім беру қажеттіліктері мен әлемдік және отандық ғылым жетістіктерін насихаттау үшін ақпараттық кеңістікке қолжетімділігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Ғылыми, ғылыми- техникалық және ғылыми- педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету | Ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету. Пайдаланушылардың ағымдағы ақпараттық сұраныстары мен Қазақстан экономикасының даму перспективаларын ескере отырып, кітап қорын толықтыруды ұйымдастыру және кітапхана мен кітап қорымен жұмыс істеу. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сатып алуға күрделі трансферттерді Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасына және Орталықғылыми кітапханасына аудару. Ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
ғалымдар мен мамандарды әлемдік және отандық ғылым мен техниканың жетістіктері туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
кітапхана қызметін пайдаланған азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 180 285 адам;
кітапхана қорының жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толығуы кем дегенде 140 500 дана, оның ішінде
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханаға 2500 дана, орталық ғылыми кітапханаға 87000 дана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға 51000 дана.
Ғалымдар үйімен 118 іс-шара өткізу.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының негізгі құралдарды сатып алу: жеңіл көлік, компьютерлер техникасы - 5 комплект, кем дегенде 32 кітап сөрелері.
Орталық ғылыми кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу кем дегенде: сервер - 1 дана, сканерлер - 3 дана, ламинатор - 1 дана; Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға кем дегенде: сервер - 1 дана, кеңселік сканерлер - 4 дана, факсимильдік құрылғы - 1 дана.
Соңғы нәтиже:
- оқырмандар сұраныстарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдар мен мамандардың өздерін қызықтыратын ғылым салаларының әлемдік ғылыми жетістіктері туралы көкейкесті әрі жедел ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру;
электрондық кітапхананың үлгісі мен қорын құру және толықтыру;
Жиынды ақпараттық ресурстарды толықтыру, сондай-ақ кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- насихаттау жөніндегі бір іс-шараны өткізу құны - 53,1 мың теңге;
- бір оқырман шығынының құны - 2248,8 теңге.
Сапасы:
Ғалымдардың, оқытушылардың, оқитындардың рухани, зияткерлік білімге деген қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
236-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 68431 мың теңге (алпыс сегіз миллион төрт жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; «Ғылым мен техниканы дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
28 тамыздағы № 1063 қаулысы; «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
1) әлеуетті сақтау және ғылыми қызметтер саласына жастардың келуін қамтамасыз ету;
2) жыл бойындағы неғұрлым маңызды ғылыми нәтижелерді анықтау және бағалау.