Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сақтау міндеттерін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.;
16) 18-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
«және (немесе) серіктестің» деген сөздер алып тасталсын;
«қаржылық есептілігінің жасалуы мен өзге де» деген сөздер «қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «және (немесе) серіктесі куәландырады» деген - сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
17) 18-1-баптың 1-тармағы «уәкілетті» деген сөз «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 19-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «аудитті жүзеге асырушы» деген сөздер «өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кәсіби ұйымға кіруге;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудиторлар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.»;
20) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;
3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
5) коммерциялық қүпияны жария етпеуге;
6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.
Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;
7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
8) уәкілетті органға аудиторлық қызметті лицензиялау ережелері мен лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;
9) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қаржылық ұйымдардың аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.»;
21) 23-баптағы «Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 24-баптың жетінші абзацындағы «міндеттемелері бар болса, аудит жүргізуіне тыйым салынады.» деген сөздер «міндеттемелері бар болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит жүргізуіне тыйым салынады.»;
23) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
1. Аудиттелетін субъект:
1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;
2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;
4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.
2. Аудиттелетін субъект:
1) уақтылы және сапалы аудит жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсінік беруге;
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке жатқызылған мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;
3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.
3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.
4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.»;
24) 26-бап алып тасталсын;
25) 27-баптың 1-тармағындағы «қаржылық есептілік пен өзге де» деген сөздер «қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №3, 21-құжат; №16, 99-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №17, 136-құжат; 2008 ж., №13-14, 57, 58-құжаттар; №15-16, 60-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
аталған Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:
«30. Аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының сақталуын бақылау.».
5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, ж., №17, 135-құжат; 2008 ж., №13-14, 58-құжат; №20, 87-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «үзінді көшірмесін;» деген сөздер «үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-баптың 4) тармақшасындағы «, аудиторлық ұйымдардың» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 20-сы.
№ 138-ІV ҚРЗ