Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; №17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; №17, 155-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; №15, 122, 139-құжаттар; №18, 142-құжат; №21-22, 160-құжат; №23, 171-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; №15, 86-құжат; №17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; №13, 85, 86-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құжаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құжат; №15, 106-құжат; №16, 131-құжат; №17, 136, 139, 140-құжаттар; №18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №12, 48, 51-құжаттар; №13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №15-16, 62-құжат; №20, 88-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 183-бапта:
тақырыптағы «немесе өзге адамның» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы «немесе бухгалтерлік құжаттамаға қол жеткізе алатын өзге адамның» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы
1. Осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 184-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
аудиторлық ұйымдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу -
аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға уақтылы табыс етпеуі немесе табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес мәліметтерді беруі -
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы -
заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі -
аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның белгіленген мерзімде аудиторлық есепті табыс ету туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есепті табыс етпеуі -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 185-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі
Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 186-баптың екінші абзацы «субъектілері» деген сөзден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 541-баптың бірінші бөлігі «184,» деген цифрдан кейін «184-1, 185,» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 571-бапта:
бірінші және екінші бөліктердегі «184-1,» және «185,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы «аумақтық органдардың басшылары» деген сөздерден кейін «; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);»;
жиырма алтыншы абзац «184,» деген цифрдан кейін «184-1 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
қырық алтыншы абзац «177-5,» деген цифрдан кейін «184-1 (бесінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
57-баптың 1-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс».
3. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №22, 309-құжат; 2000 ж., №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; №12, 86-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 138-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы «аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылатын» деген сөздер «аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«жасау» деген сөз алып тасталсын;
«өзге де» деген сөз «қаржылық есептілікке байланысты басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
6) тармақшада:
«қаржылық есептілігі мен» деген сөздер «қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі;»;
мынадай мазмұндағы жаңа 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;
10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;»;
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;»;
2) 3-бапта:
2-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтағы «өз қызметінің бейініне жатпайтын» деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-баптың 1-тармағында:
жетінші абзацтағы «және Әдеп кодексін» деген сөздер алып тасталсын; сегізінші абзац алып тасталсын;
4) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Міндетті аудитке:
акционерлік қоғамдар;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы едәуір қатысатын заңды тұлғалар;
жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы қоры едәуір қатысатын заңды тұлғалар;
жер қойнауын пайдаланушылар;
банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;
қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;
астық қабылдау кәсіпорындары;
сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
мақта өңдеу ұйымдары жатады.»;
5) 6-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.»;
6) 7- бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;
«1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;»;
13) тармақша «кәсіби» деген сөзден кейін «және аудиторлық» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аудиторлық ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшамен толықтырылсын:
«15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
16) басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.»;
7) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Уәкілетті орган жүргізетін тексерулер
Заңнаманы бұзушылық туралы материалдар болған кезде аудиторларға, аудиторлық ұйымдарға қатысты уәкілетті орган жүргізетін тексерудің нысанасы олардың қызметінің Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі болып табылады.»;
8) 8-баптың 1-тармағындағы «аудиторлық қызметті» деген сөздер «өз қызметін аудитор ретінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.»;
4-тармақтағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға» деген сөздер «аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.»;
10) 10-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.»;
екінші бөліктегі «кәсіби ұйымдар» деген сөздер «кәсіби ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
11) 11-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге;»;
10) тармақшадағы «шығаруға құқылы.» деген сөздер «шығаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;»;
6), 7) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
12) 12-баптың 1-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;
3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;»;
4) тармақшадағы «соңғы үш жыл» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «жойылмаса, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.» деген сөздер «жойылмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Әдеп кодексі Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.»;
13) 13-бапта:
1-тармақтағы «Жоғары білімі бар және соңғы бес жыл еңбек стажының кемінде үш жылында» деген сөздер «Жоғары білімі және» деген сөздермен, «істеген» деген сөз «кемінде үш жыл еңбек стажы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.»;
14) 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады.
2. Біліктілік комиссиясы мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ереженің (жарғының) негізінде жұмыс істейді.
3. Біліктілік комиссиясының филиалдар мен өкілдіктер қүруға қүқығы жоқ.
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссияларының төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар үш жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.
6. Біліктілік комиссияларының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құрылтайшылар (қатысушылар) өз қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
8. Біліктілік комиссиялары шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға «аудитор» біліктілігі берілген адамдардың біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыстың хаттамасын және олардың Біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті.
9. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізудің тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
15-бап. «Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.»;
15) 17-бапта:
2-тармақ «жауапкершілігі» деген сөзден кейін «, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аудитордың және (немесе) аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтері коммерциялық құпияны құрайды.