6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік жер кадастрының автоматтан- дырылған ақпараттық жүйесін құру | «Деректерді сақтау орны» кіші жүйесін әзірлеу. Тематикалық цифрлық карталарды жасау. Кадастр мамандарын геоақпараттық жүйелерге оқыту. Ағымды сканерлеудің сканерлерін сатып алу. Электрондық геодезиялық жабдықты сатып алу. Цифрлық аэро-фототүсіру құралдарын сатып алу. Ең жоғары рұқсаты бар өзгертілген ғарыштық суреттерді сатып алу. | 2008 жылдың ішінде | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметтерді алушылар: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және оның бөлімшелері, заңды тұлғалар мен республика азаматтары, Электрондық үкімет, Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және оның бөлімшелері, Салық комитеті және оның бөлімшелері, қалалардың, аудандардың әкімшіліктері, ипотекалық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері, экологиялық ұйымдар, геологиялық ұйымдар.
Бағдарламаны орындаудың 2008 жылғы нәтижесі: облыстық және Республикалық Орталықтарды техникалық құралдармен қамтамасыздандыру, Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі кіші жүйелерін құру («Мәліметтерді сақтау орны» кіші жүйесі). Тематикалық цифрлық карталарды жасау. Кадастр мамандарын оқыту. Электрондық геодезиялық жабдықты сатып алу. Цифрлық аэрофототүсірудің құралдарын сатып алу. Ғарыштық суреттерді сатып алу.
Бағдарламаны орындаудың нәтижесі: салықтар және өзге де аударымдар түрінде барлық деңгейдегі бюджеттерге кірістерді арттыру, жобаны іске асырудың жанама экономикалық әсері, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерінің инвестициялық жағымдылығын жақсарту, азаматтық жер айналымын дамыту және жер нарығындағы мәмілелер мен өзге жылжымайтын мүлікті қарқындату және транзакциялық шығындарды төмендету, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы толық статистикалық ақпаратты қолданудың негізінде аймақтардың экономикалық дамуын жоспарлау және болжау, қор құрал-саймандарымен қамтамасыз ету ретінде жер мен жылжымайтын мүлік түрінде нақты қамтамасыз етуі бар ипотекалық міндеттемелерді және өзге де бағалы қағаздарды пайдалану есебінен қаржы-несие жүйесін дамыту, учаскелерді салумен және жақсартумен кейін оларды сату үшін айналысатын салушылардың қызметін қарқындату, кәсіпорындарды және оларға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жер төлемдерін 8-10%-ға көбейту.
Уақыттылығы: кадастрлық қызметтердің басқару-техникалық қызметкерлер құрамын ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеу бойынша қол жұмысынан 80%-ға босатады, ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеудің жедел, сапалы және сенімді процесін қамтамасыз етеді; талап етілетін мерзімде басшылықты және жер-кадастрлық қызметтердің басқару-техникалық қызметкерлер құрамын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етеді; жерге байланысты шаруашылық қызметіне уақтылы және сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді; жер ресурстарын басқаруға байланысты шешімдерді жылдам және сапалы қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапасы: республика бойынша МЖК ААЖ-нің 220 бағдарламалық-техникалық кешендерін енгізу, жер-кадастрлық қызметтердің 670 маманын оқыту, бүкіл аумақ бойынша электрондық түрдегі кадастрлық деректерді құру.