2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
393, 394, 395, 396, 397-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
393-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 460753 мың теңге (төрт жүз алпыс миллион жеті жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 14, 144, 145, 146, 147, 148-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21, 22, 23-баптары; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына жету үшін, олардың қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қатынастарының барлық субъектілерімен жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, ептілік пен дағдыларды жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратын ұстау; бекітілген тиістілік нормативіне сәйкес қызметтік автокөлікті жалға алу; ксерокстарды ұстау; жерге орналастыру, топография-геоде- зиялық және картографиялық жұмыстардың өндірісін лицензиялау; аэротүсіру, геодезия- лық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, оларды тіркеу және есепке алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
3 | | 005 | Аумақтық органдардың аппараттары | Бекітілген штат санының лимит шегінде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органда- рының аппараттарын ұстау; бекітілген тиістілік нормативіне сәйкес қызметтік және арнайы автокөлікті ұстау және жалға алу, ксерокстарды ұстау; жерлерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді 3 бағыт бойынша сатып алу: геодезия және кар- тография саласында осы заманғы техно-логиялар; жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша; бюджеттік ұйымдарда жоспарлау және есеп жүргізу. Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілдерге оқыту. | Сәуір- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету: кеңсе жиһазын сатып алу; кондиционерлер; жиһаз (үстелдер, орындықтар). | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін сүйемелдеу; SАS бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау; ArcGis үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің әзірленген кіші жүйелерін техникалық қолдау; шығын материалдары және құрама бөлшектер; вирусқа қарсы бағдарламаларды сатып алу; «Заң» мәліметтер базасын сатып алу; базаны жаңарту. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әрбір мемлекеттік қызметкерді жұмыс орнымен 100 пайыздық қамтамасыз ету, материалдық, ақпараттық-техникалық базамен қамтамасыз ету; жерлердің нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуы: 59 қызметкердің кәсіби деңгейін арттыру, Агенттіктің 76 қызметкерін мемлекеттік тілге оқыту.
Соңғы нәтиже: жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жерлердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруда қажеттілікті қамтамасыз ету.
Қаржылық экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға орташа шығындары - 38,8 мың теңге; бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындары - 22,6 мың теңге.
Уақыттылығы: орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтік актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шаралардың толық көлемде 100 пайыздық сапалы орындалуы;
- осы заманғы экономикалық жағдайларға сай, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
394-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1399961 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 163-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жерлерді ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, сондай-ақ жер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 101 | Жер-кадастрлық жұмыстар | Жер-кадастрлық жұмыстар: 12100 мың га ауданында аэрофототүсірілім; аэрофотосуреттер мен фотожоспар- ларды дешифрлеу - 13874,8 мың га; соңғы жоспарлы-картографиялық өнімді дайындау және шығару - 10323,5 мың га; топырақтық зерт- теу - 968 мың га; геоботаникалық зерттеу - 850 мың га; ауыл шаруашылық алқаптарын, топырақтық және геоботаникалық нұсқаларды есептеу - 2355 мың га; 2,0 мың га ауданында 20 кварталдың - қалалар жерінде қалыптасқан есепті кварталдарының электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын актуалдандыру - 425 мың учаске 42,4 мың га ауданында; 272,5 млн. га ауданында жерлерге мемлекеттік есеп жүргізу; 2981 мың га ауданында 1241 ауылдық елді мекеннің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару; - 1150 мың га ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін анықтау; - паспорттау: 4687 мың га ауданында шаруа қожалықтары - 21700 паспорт; жерлерді паспорттау үшін топырақ- тық материалдарды жаңарту - 743 мың га; паспорттау мақсатында топырақ бонитетін анықтау -1128 мың га; мемлекеттік жер кадастрының дерек- терін ұсыну және кадастр ақпаратын республиканың бүкіл аумағында пайдалану. | І-ІV тоқсан 2008 жыл | Қазақстан Респуб- ликасы Жер ресур- старын басқару агенттігі |
3 | | 102 | Жер мониторингін жүргізу | 11,58 млн. га ауданында жер мониторингін жүргізу | І-ІV тоқсан 2008 жыл | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12100 мың га ауданында аэрофототүсіру, 13874,8 мың га ауданында аэрофотосуреттер мен фотожоспарларды дешифрлеу, 10323,5 мың га ауданында жоспарлы-картографиялық өнімді шығару, 1241 ауылдық елді мекеннің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, шаруа қожалықтарының жер учаскесіне 21,7 мың паспорт дайындау, 11,58 млн. га ауданында жер мониторингін жүргізу.
Соңғы нәтиже: ауылдық елді мекендердің 64,8% жер-кадастрлық карталармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу процесінде 81,7% жер учаскесі Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына енгізіледі. Жер учаскесіне паспорттарды 65,7% шаруа қожалығы алады. Жер мониторингі бойынша жұмыстардың жүргізілуі туралы мәліметтердің болуы 45% құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 га жер-кадастрлық жұмыстар көлемінің орташа құны - 24855 теңге, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га құны - 5510 теңге.
Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде 100 пайыздық орындалуы.
Сапасы: ауыл шаруашылық алқаптарының жағдайы, пайдаланылуы және сапасы туралы дұрыс ақпарат, жерлердің жағдайына әсер ететін жағымсыз процестерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау органдарын хабардар ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
395-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Топография-геодезиялық және картографиялық
өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1333226 мың теңге (бір миллиард үш жүз отыз үш миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 4-бабы; «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекеге қабілетті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топография-геодезиялық және картографиялық өндірістің материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету, ірі масштабты топографиялық жоспарларды жасау және жаңарту, бұрынғы полигондардың аумақтарын картографиялау, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Топография геодезиялық және картографиялық өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету | 1. Топографиялық карталардың мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту үшін аэротүсірілім орындау - 42023 шаршы км; - Ақмола облысының - 41273 шар. км; - Астана қаласының - 750 шаршы км; 2. Топография-геодезиялық жұмыстар: - мемлекеттік геодезиялық желінің 971 пунктін зерттеу, қалпына келтіру, орналастыру, үйлестіру; - геодезиялық құралдарды сертификаттау үшін Атырау (11 пункт) базисін қалпына келтіру; - І, II кл. нивелирлеу, зерттеу, қайта жөндеу, орналастыру - 575 текше. км; - жиынтық каталог-тарды жасау - 5 каталог; - мемлекеттік то-пографиялық карталардың масштабтық қатарын жаңарту (далалық және камералдық жұмыстар) - 997 парақ 3. Геодинамикалық зерттеулер (Алма- ты, Шілік, Жамбыл, Зайсан полигондары), оның ішінде 1) бұрыштық және сызықтық өлшеулер (пункт/жақ) - 38/146 2) биіктік өлшеулер - 1508 текше км. 4. Картографиялық жұмыстар: 1) топографиялық карталарды баспаға даярлау - 88 парақ; 2) цифрлеу - 765 парақ; 3) топографиялық карталарды басып шығару - 916 парақ; 4) топографиялық карталарды мемлекеттік тілде жасау, дайындау және оларды 1024 данада басып шығару; 5) географиялық, оқу және тематикалық карталарды, атластарды құру -26 парақ. 5. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын басып шығару - 4 дана. 6. Геодезия және картография саласында нормативті- техникалық құжаттарды, нұсқауларды әзірлеу - 5 бірлік. 7. Топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісі нәтижесінде құрастырылған материалдар мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу, сақтау - 13500 мың дана құжат. 8. Осы заманғы технологиялық процестерді және техникалық құралдарды өндіріске енгізу. 9. Каспий теңізінің Қазақстандық секторының теңіз картасын жасау үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу. | I-IV тоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 41273 шаршы км. аумағында Ақмола облысы аумағының аэросуреттерін, 575 текше метрді нивелирлеу сызығы нүктелерінің биіктіктерін алу, топографиялық карталардың масштабтық қатарын 997 парақта жаңарту, топографиялық карталардың 916 парағын басып шығару, цифрлық карталардың 765 парағын және тематикалық карталардың 26 парағын жасау, географиялық атаулардың 4 каталогын басып шығару, 5 нормативтік-техникалық құжатты әзірлеу, сондай-ақ топографиялық карталардың мемлекеттік тілдегі 1024 парағын дайындау және басып шығару.
Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км аумағының 1,5 % аумағына аэротүсіріс орындау, І және II классты нивелирлеу сызығының 6,3% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 3% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының 7% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстар циклінің орташа ұзақтығы 3 жыл.
1) бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 1953,1 теңге;
2) нивелирлеу класына байланысты нивелирлеудің бір текше км орташа бағасы - 10220,6 теңге;
3) масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы - 1198,8 теңге.
4) масштабқа байланысты картаның бір парағын басып шығарудың орташа бағасы - 17980 теңге, цифрлеу - 179205 теңге.
Уақыттылығы: Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар 2008 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 6% басып шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
396-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 46086 мың теңге (қырық алты миллион сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 , 9 , 10, 11, 139, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстары әлеуетін пайдалану тиімділігінің әлемдік деңгейіне жету үшін, аумақтық-кеңістік жоспарлаудың әлемдік өлшемдерін ескере отырып, жер пайдалануды ұйымдастырудың ғылыми, инновациялық-технологиялық және әдістемелік қамтамасыз етілуі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Бағдарламаның аталған мақсатына сәйкес мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
Қазақстан Республикасының жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану, сақтау және қайта өндіруді ұйымдастырудың тұжырымдамасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесін құрудың және дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу;
8 эталондық полигонда ірі масштабты тематикалық карталарды әзірлеу; дешифрлеу каталогтары;
жерге орналастырудың эксперименттік-өңірлік схемаларын (жобаларын), сондай-ақ өндіргіш күштерді орналастырудың аудандық схемаларын әзірлеу;
өлшемдерді, стандарттарды әзірлеу, яғни нарықтық жағдайда жер әлеуетін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және жылжымайтын мүлік кешенінің құрамында жер үлесінің нормативі;
жер учаскесінің кадастрлық құнының стандарттарын, жер үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Жер ресурстарын басқару саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу: жер ресурстары әлеуетін ұтымды пайдалануға және жоспарлауға кешенді, жүйелі тәсілдің әдіснамасын әзірлеу; жер ресурстарын басқару саласында ғылыми-практикалық зерттеулердің экономикалық-математикалық қамтамасыз етілуі; жер кадастрын және жер ресурстарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; шифрі анықталатын каталогтарды әзір- леу және аэроғарыштық жер мони- торингін жүргізу; аумақты жайласты- рудың ландшафтық-экологиялық тәсілі принциптерінде ландшафтық жоспар- лаудың нормативтік базасын әзірлеу; әлеуметтік-тиімді жер нарығына және жер ресурстарын ұтымды пайдалану- дың және қорғаудың экономикалық ын- таландыруына көшу; халықаралық талаптарға сай келетін техникалық стан- дарттарды әзірлеу және енгізу. | I-IV тоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
| | | | | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 7 тақырыпты қамтитын 1-ші бағыттағы жер ресурстары әлеуетін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің инновациялық нәтижелерін пайдалану.
Соңғы нәтиже: инновациялық технологияларды қолдана отырып, топырақтық-өсімдік қабаттың, жер кадастры мен жерге орналастырудың мониторингін жүргізу және картографиялау жеделдікті, сондай-ақ жердің сандық және сапалы жағдайы туралы деректердің дұрыстығын 8-10%-ға арттырады; өтеулі жер пайдалану жүйесінің ғылыми-әдістемелік базасы жер нарығының трансакциялық шығындарын 3-4%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 6583,7 мың теңге.
Уақыттылығы: жасалатын шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі еңбек шығындарын және жер туралы ақпараттық ресурсты қалыптастыру бойынша қаражатты 10-13%-ға төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ экономика салаларын дамытуда жер ресурстары әлеуетін пайдалану деңгейін кем дегенде 10-15%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
397-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 569912 мың теңге (бес жүз алпыс тоғыз миллион тоғыз жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 152, 153, 157, 158, 159-баптары; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстарын басқарудың жүйесі мен әдістерін жетілдіру; Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйесін іске асыру жолымен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүддесі үшін республикада жерді тиімді пайдалану жөніндегі үйлестірудің және бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйені (МЖК ААЖ) құру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың нормативтік базасын әзірлеу және жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің осы заманғы әдістерін қалыптастыру; жерлерді түгендеу және бағалау бойынша жұмыстардың процесінде меншіктің барлық нысандағы жер учаскелерін және оларға байланысты жылжымайтын мүліктің объектілерін мемлекеттік кадастрлық есепке қою, кадастрлық есептегі объектілер туралы автоматтандырылған мәліметтер базасын құру; мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша жер учаскелерін қалыптастыру, есепке алу, бағалау процестерінің автоматтандыруын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешендерді, осы заманғы отандық ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды, ақпаратты қорғау құралдарын ұйымдастыру; қалыптастыруға, мемлекеттік есепке, техникалық түгендеуге, бағалауға, құқықтарды тіркеуге, салық салуға, жер мен жылжымайтын мүлікті басқаруға және иеленуге байланысты ақпараттық жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз ету және олар арасындағы электрондық мәліметтер алмасу жүйесін құру; жердің мемлекеттік кадастрлық есебін, жерлердің кадастрлық құнын қамтамасыз ететін кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу.