Жанама иелену әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентін меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен иеленетінін білдіреді.»;
4) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыретін айқындау кезінде қолданылмайды. Ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыреті «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Осы тармақтың ережелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.»;
5) 53-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ұлттық басқарушы холдинг директорлар кеңесінің құзыретін айқындау кезінде қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.»;
6) 74-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы тараудың талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.».
14. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 39) тармақшасы «асыратын» деген сөзден кейін «ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
3) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ұлттық басқарушы холдинг, жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданбастан қаржы агенттігінің мәртебесіне ие болады.»;
5) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.».
15. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұйымдарға қолданылмайды.».
16. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;»;
2) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын қаржылық қолдауды мемлекет тарапынан негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) жобалық қаржыландыру;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микрокредиттік ұйымдардың желісін дамыту;
3) шағын кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
4) қаржы лизингін дамыту;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
6) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.»;
3) 19-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Осы шарттар» деген сөздер «Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын.
17. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-баптың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «дилер мен жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын заңды тұлғаның» деген сөздер «дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 48-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «алып тасталса тоқтатылады.» деген сөздер «алып тасталса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса тоқтатылады.».
2-бап. «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 89-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағының 7) тармақшасын, 13-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 13-і.
№ 135-ІV ҚРЗ