7. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 4-тармағы «белгілеуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;».
8. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат, № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат):
1) 3-бапта:
он екінші абзацтағы «, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания» деген сөздер «немесе ұлттық басқарушы холдинг» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзацтағы «(мемлекет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда)» деген сөздер «(осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингті және ұлттық басқарушы компанияны» деген сөздер «Ұлттық басқарушы холдингті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.».
9. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 1-баптағы «акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады» деген сөздер «акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
2-тармақтағы «осы Заңмен» деген сөздер «осы Заңда және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«агенттің» деген сөз «сенім білдірілген өкілдің (агенттің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұлттық басқарушы компания» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдинг» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен міндеттері
1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Даму Банкінің міндеттері:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, бар өндірістерді кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру);
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру;
3) қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары беретін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және резидент емес банктеріне (бұдан әрі - банкаралық кредит беру), лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
5) Қазақстан Республикасының Yкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.»;
4) 4-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «оларға кредит беру» деген сөздер «қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«жергілікті» деген сөзден кейін «бюджеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«мемлекет кепілдік берген заемда» деген сөздер «мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«агенттің» деген сөз «сенім білдірілген өкілдің (агенттің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «жергілікті» деген сөзден кейін «бюджеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшада:
«жергілікті» деген сөзден кейін «бюджеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«мемлекет кепілдік берген заемдар» деген сөздер «мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
«мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсету,» деген сөздер алып тасталсын;
«кепілдіктер» деген сөзден кейін «, мемлекеттің кепілгерлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
«агенттің» деген сөз «сенім білдірілген өкілдің (агенттің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
1) тармақшадағы «қаржы жылына арналған» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша «жобаны» деген сөзден кейін «, экспорттық және лизингтік операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) тармақшадағы «өтімділігі жоғары» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «қатысушысы болуға құқылы.» деген сөздер «қатысушысы болуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға құқылы.»;
6) 6-баптың 2-тармағындағы «мәселелері жөніндегі» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармағы 7) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Даму Банкінің операциялары
Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:
1) қарыз операцияларын: резидент немесе резидент емес заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;
5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар және операциялар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
7) шартты салымның арнаулы шоттарын, резервтік шоттарды және қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттарды ашуды және жүргізуді;
8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
9) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5) - 9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
14) лизингтік қызметті;
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
16) өз мүлкін жалға беруді;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.»;
8) 10-бапта:
баптың тақырыбындағы «агент» деген сөз «сенім білдірілген өкіл (агент)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«агенттік қызмет көрсетуге» деген сөздер алып тасталсын;
«агенттің» деген сөз «сенім білдірілген өкілдің (агенттің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«агент» деген сөз «сенім білдірілген өкіл (агент)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Даму Банкіне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады» деген сөздер «қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес заемдар бойынша агенттің» деген сөздер «, мемлекеттік кепілдіктермен немесе мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылып, 3) тармақшасындағы «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыра алады» деген сөздермен ауыстырылсын:
«Даму Банкі сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты шарт негізінде:»;
2-тармақта:
«агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес» деген сөздер «шарт негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«инвестициялық» деген сөздің алдынан «сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Даму Банкінің қарыздар беруі
1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің орташа құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
2. Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен операцияларды, сондай-ақ Даму Банкі беретін кредит құралдарын іске асыру бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес жабылуға, оның ішінде болашақта келіп түсетін мүліктік кепілді, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, Даму Банкінің директорлар кеңесі айқындайтын шарттарда және тәртіппен кепілмен, кепілдікпен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тәсілдерімен, сақтандырумен және басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бөлігіндегі осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін ұйымдарға Даму Банкінің қарыз беруі, мезониндік қаржыландыру, банкаралық кредит беру жағдайларына қолданылмайды.
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын ұйымдарға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.»;
11) 14-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.»;
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Даму Банкінің қызметін шектеу
Даму Банкінің:
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей қарыздар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
13) 3-тараудың тақырыбындағы «мен кірісі» деген сөздер алып тасталсын;
14) 16-баптың 4-тармағында:
«өтімділігі жоғары қаржы құралдарының» деген сөздер «Меморандумға сәйкес айқындалатын қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«14-бабына» деген сөздер «14-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Дивидендтік саясат
Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.»;
16) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
17) 20-баптың 3) тармақшасындағы «есептілікті;» деген сөз «есептілікті табыс етеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
18) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19) 23-бапта:
1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) атқарушы органы - басқарма;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.»;
2-тармақ «Заңда» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Директорлар кеңесі
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
25-бап. Басқарма
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.».
10. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат):
1-баптың 49) тармақшасындағы «ұлттық холдинг» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдинг» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 20 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
3) тармақша «инвестициялық жобаның» деген сөздерден кейін «немесе инвестициялық стратегиялық жобаның» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «инвестициялық жобаны» деген сөздерден кейін «немесе инвестициялық стратегиялық жобаны» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба.»;
2) 20-баптың 1-тармағындағы «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасындағы «ұлттық холдинг» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдинг» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 3-тармағының 17) тармақшасындағы «эмиссиясы жатады.» деген сөздер «эмиссиясы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда ақшалай нысанда кредиттер беру жатады.».
13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.»;
13-тармағы 2) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
2) 33-баптың 3-тармағындағы «барлық дауыс беретін акциялары мемлекетке тиесілі» деген сөздер «дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке» деген сөздер «Ұлттық басқарушы холдингті және ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Жарғылық» деген сөз «Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің жоспарлау және есептілік мәселелері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
4-1-тармақ:
«меншік» деген сөзден кейін «немесе сенімгерлікпен басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі «мемлекетке» деген сөзден кейін «, ұлттық басқарушы холдингке» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.