Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және бас мердігердің қосалқы мердігерлікке жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығы үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
4) берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктер);
берілетін тауардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сандық көрсеткіштері;
тауарды берудің (жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің) орны, шарттары мен мерзімі (кезеңдері);
тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдіктер беру мерзімі және (немесе) көлемі;
төлемнің баламалы шарттары (осындайлар болған кезде);
5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапалық сипаттамаларын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтердің тізбесін қоса алғанда, олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды беру туралы міндеттеме;
7) жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа сондай-ақ мынадай құжаттар берілуі тиіс:
шарт бағасының ведомосы;
ағымдағы бағада материалдардың қажеттілік есебі;
жабдыққа техникалық ерекшелік (жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген);
жұмыстарды орындау кестесі;
8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі де тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігінің болуын растау үшін) және әлеуетті өнім берушінің ұсынылатын тауарға, көрсетілетін қызметтерге иелік ету құқығын растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
52. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
53. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.
54. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
55. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)» және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі)».
56. Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
57. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.
58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктеріне құжаттамалық растаманың болуын тексереді;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде осы Ереженің 55-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің 55-тармағының талаптарын бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті почта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне тез арада қайтарады;
3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін тіркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және почталық мекен-жайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркеуге және ашуға жатпайды, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сақтауға жатады.
59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімін;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың почталық мекен-жайын;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ лауазымы мен байланыс телефонын;
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
5) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайын, оның СТН-ін;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті тіркейтін күн мен уақытты;
7) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай бас тартудың себебін айта отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі бұрыштама соғуы тиіс, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілген болуға тиіс. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
60. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиіс.
61. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін егер осындай болса) еркін өтініш түрінде ресімделеді.
62. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімге оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
63. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді.
64. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде енгізеді.
65. Банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылмайды.
66. Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне банк кепілдігінің әрекет ету мерзімін ұзартуына жол беріледі.
67. Әлеуетті өнім берушілер, егер екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың бірінші кезеңіне қатысатын болса, олар конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
68. Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде кейінге қалдырады.
69. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Заңның 23-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
70. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Заңның 23-бабының 7-тармағында айтылған жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
71. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
72. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тағайындалған күні конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың тағайындалған уақытына дейін үш сағаттан кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін жазбаша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін осындай алмастырудың себебін көрсете отырып, конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
73. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.
74. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
75. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеге сәйкес ашылады және қаралады.
76. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі қатысушыларды:
конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының құрамы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жария етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
77. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
78. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
79. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
80. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады). Конкурстық комиссия өтінімдерді қараудың қорытындыларын шығарады және тиісінше жоғарыда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жасайды.
81. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растайтын құжаттарды береді;
4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
82. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы мыналарды:
конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттардың дестесіне кіретін құжаттың атауын;
бет сандарын;
конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін;
конкурстық өтінім құжаттарын кері алу туралы куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін қамтуға тиіс.
83. Конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін тігілмеуге тиіс. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін оларды қарау уақытында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
84. Өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
86. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиісінше ресімделу мәніне қарайды;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттау рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылған ақпаратты қарайды.
87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу атауын;
өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде.
88. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптау қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиесілі түрде ресімделген сараптамалық қорытынды ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.
89. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады.
90. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы төрағаға, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
91. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
2) сараптама комиссиясының сарапшысы не басшысы негізделген қорытындылармен, оның ішінде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пікірі бар қорытындылармен (егер осындайлар болса) бірге сараптамалық қорытынды жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелеріне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсіндіреді;
3) конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық шамасын есептейді;
4) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады;
5) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
92. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болғанда конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады.
93. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орынды ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.