Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын 7 авиабағыт бойынша;
облыс орталықтарын байланыстыратын 2 авиабағыт бойынша.
Түпкі нәтиже:
- ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және астананың облыс орталықтарымен байланысы бойынша ұшуларды орындаған кезде орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын 65-70 пайызға дейін және облыс орталықтарының байланысы бойынша ұшуларды орындаған кезде 20-25 пайызға дейін ұлғайту;
- икемді тариф жүйесін жүзеге асыру есебінен ұшулар рентабельділікке жеткен кезде бағыттарды субсидияланатын рейстер тізімінен алып тастау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі астананың облыс орталықтарымен байланысы рейстерінде - 92,35 млн. теңгені және облысаралық орталықтар байланысы рейстерінде 10,58 млн.теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 9 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
176-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
177-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы техникалық
регламенттер мен стандарттар әзірлеу» деген
021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 119008 мың теңге (бір жүз он тоғыз миллион сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автожол және автомобиль саласы қызметінің тиімділігін арттыру; автокөлік қызметтер және автомобиль тасымалдарының қауіпсіздік сапасын арттыру үшін жағдай жасау; темір жол көлігі кәсіпорындары көрсететін қызметтер сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық талаптарға сәйкес автожол саласындағы ұлттық нормативті-техникалық құжаттарды (стандарттарды) және техникалық регламенттерді әзірлеу, қайта әзірлеу және жаңарту; автомобиль және темір жол көлігі саласындағы стандарттау жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттар кешенін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу | 1. Автожол саласындағы 1 техникалық регламенті мен 11 стандартты әзір- леу, қайта әзірлеу және үйлестіру бойынша қызметтерді төлеу. 2. Автокөлік саласындағы 17 стандартты әзірлеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. 3. Темір жол саласындағы 100 стандартты әзірлеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: автожол саласындағы 1 техникалық регламенті мен 11 стандартты әзірлеу, қайта әзірлеу және үйлестіру; автокөлік саласының 17 стандартын әзірлеу және бекіту; темір жол саласының 100 стандартын әзірлеу және бекіту.
Түпкі нәтижесі: жол салу мен жөндеу жұмыстарын сапасын арттыру, автомобиль жолдарын көліктік-пайдалану жай-күйін жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру; жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға және автокөлік пен темір жол саласы кәсіпорындарының қызметін пайдаланатын басқа да пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 879,3 мың теңге және бір техникалық регламенті бойынша 6456 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
Сапасы: Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың ұзақтығын және сенімділігін арттыру; МемСТ талаптарына сәйкес болу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
178-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көліктік бақылау бекеттерінің желілерін дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 221329 мың теңге (екі жүз жиырма бір миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін сақтауды мемлекеттік
бақылау жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы аумағында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыру жолымен мемлекеттік бақылау тиімділігін жоғарылату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Көліктік бақылау бекеттерінің желілерін дамыту | Жол төсемін жайластыруды қоса, көліктік бақылау бекеттерін стационарлық таразы жабдығымен жарақтандыру, көлемдік шегін анықтау, тексеру шұңқырын, тоқтатылған автокөліктерді қоятын орынмен жарақтандыру, жобалық құжатын әзірлеу, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыру, технологиялық қамтамасыз ету, жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: стационарлық таразы жабдығымен 6 көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыру: «Қызылжар» (Астана қ.), «Атырау» (Атырау облысы), «Заречный» (Қарағанды облысы), «Ақжайық» (БҚО), «Қарабұтақ» (Ақтөбе облысы), «Шығанақ» (Жамбыл облысы).
Соңғы нәтиже: Автомобильмен тасымалдаушылардың заңнамамен белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін сақтауын қамтамасыз ету, жол төсеніштерінің сақталуын қамтамасыз ету, жол төсеніштерін жөндеуге шығындарды қысқарту және жарамдылық мерзімін ұзарту, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жол төсеніштерін жөндеуге шығындарды қысқарту және жарамдылық мерзімін ұзарту, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын көбейту.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: Бар және жөндеудегі автомобиль жолдары мен құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
179-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 90059890 мың теңге (тоқсан миллиард елу тоғыз миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге);
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.06. № 579 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сома шегінде автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған мақсатты трансферттерді аудару: Алматы қаласында метрополитенін салу (2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 7-588/2004; 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 7-3/2004 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Сүйінбай даңғылы- Пушкин көшесі- Райымбек даңғылы қиылысындағы көліктік жол айырым құрылысы; Алматы қаласында Абай даңғылы- Жандосов көшесі- Сатпаев даңғылы қиылысындағы көліктік жол айырым құрылысы; Алматы шығыс айналма автожолын салу; Астана қаласында М-3 жаңа көпірін салу (мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-721/04 қорытындысы); Астана қаласында № 19 көшеден әуежайға дейін Гастелло көшесін салу; Астана қаласында Сарыарқа көшесінен № 36 көшеге дейін № 23 көшені салу (қала құрылысы кешендеріне және Гастелло көшесіне) (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 21 маусымда- ғы № 2-361/05 қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр даңғылымен көпірді қайта жаңарту («Рамстор» СО-ның ауданы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінен бастап Солтүстік айналма жолдағы көлік айрығына дейінгі учаскеде Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту. 3 учаске эстакаданың басынан бастап Угольная көшесінің қиылысындағы екі деңгейдегі көлік айрығының соңына дейін (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 20 қарашадағы № 2-618/06 қорытындысы); Астана қаласында № 19 және Гастелло көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу; Астана қаласында Күмісбеков көшесінен бастап Астана қаласының солтүстік-батыс айналымына дейінгі учаскеде Тілендиев даңғылын қайта жаңарту; Астана қаласында Абай даңғылын Ақбұлақ өзенінен Оңтүстік Шығыс шағын ауданына дейін, Ақбұлақ өзенінен № 12 көшеге дейінгі учаскені қайта жаңарту; Астана қаласында Республика даңғылы - Бараев көшесі - Тәшенов көшелері қиылысында көлік айырымын қайта жаңарту; Астана қаласында Угольная, № 14, № 12 және Бейсекова көшелерімен өтетін магистральды жол салу; Астана қаласында Мұңайтпасов көшесінен бастап Фабричная көшесіне дейінгі учаскеде Манас көшесін қайта жаңарту; Астана қаласындағы № 1 жоспарлау ауданының (№ 19 көшесінің оңтүстігіндегі) инженерлік желілері мен жолдары № 19 көшеден бастап № 23 көшеге дейінгі № 36 көше; Астана қаласында Абылай хан даңғылынан Махтумкули көшесіне дейін Мұстафин көшесін салу; Астана қаласында Есіл өзенінің М-2 жаңа автожол көпірінің құрылысы (2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-368/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінің № 4 көшеден № 23 көшеге дейін учаскесін құрылысын салу (2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-741/04; 2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Мирзоян даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін № 38 көшені салу; Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 41 көшені салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 23-393/07 қорытындысы); Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 42 көшені салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 23-419/07 қорытындысы); Астана қаласында № 19 көшенің оңтүстік жағына қарай медициналық кластерге кіреберіс жолдар салу; Астана қаласында № 41 көшеден № 42 көшеге дейін № 39 көшені салу; Астана қаласында № 38 көшеден № 12 көшеге дейін Мирзоян көшесін салу; Астана қаласында № 23 көшеден № 27 көшеге дейін Сарыарқа көшесін салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 6 қарашадағы № 2-612/07 қорытындысы); Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 наурызда- ғы № 2-128/06 қорытындысы); Ақмола облысында «Мәдениет-Мариновка» автожолына шығатын «Петровка- Каменка-Острогорка» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту 55-108 км; Ақтөбе облысы «Шұбарқұдық-Ойыл- Қобда-Соль-Илецк» автожолының 163-169 км бөлігіндегі Ойыл өзені арқылы өтетін көпір өткелін қайта жаңарту; Ақтөбе облысы Хромтау қаласының темір жол станциясына кіреберіс автожолын салу 0-5,95 км; Алматы облысында «Талдықорған-Текелі», автомобиль жолын қайта жаңарту 0-31 км; Алматы облысында «Сарыөзек-Қорғас- Қоғалы-Көксу- Қарабұлақ» автожолды қайта жаңарту, 0-122 км; Атырау облысында «Еркінқала поселкісіне кіреберіс» облыстық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-11 км; Атырау облысында Шолақсай өзені арқылы өтетін көпірді қоса алғанда «Индер-Қарабау- Миялы-Сағыз» автожолын қайта жаңарту 203-217 км; Шығыс Қазақстан облысында «Риддер қаласының айналма жолы автомобиль жолын салу», 0-13,4 км; Жамбыл облысында «Қызтоған-обл. шекарасы» автомобиль жолын салу, 0-10,5 км; Батыс Қазақстан облысында Жымпиты-Қаратөбе автожолын 55-72 км учаскесінде қайта жаңарту; Батыс Қазақстан облысында Жымпиты-Қаратөбе автожолының 72-87 км учаскесінде қайта жаңарту; Қарағанды облысын- да "Қарағанды- Шахтинск-Есенгелді -Шербаковский- Ізенді-Жараспай- Киевка автомобиль жолын қайта жаңарту, 165-255 км; Қостанай облысында «Ұзынкөл-Сарыкөл» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-79 км; Қостанай облысында «Федоровка-Ленин- Вишневка» жалпы пайдаланымдағы автожолын қайта жаңарту, 0-86 км; Қостанай облысында «Қойбағар-Қарасу- Севостополь» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-63 км; Қостанай облысында «Қарасу Үлкен Чураковка» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-114 км; Қызылорда облысын- да «Самара- Шымкент-Қамыстыбас -Аманөткел-Бөген автомобиль жолын қайта жаңарту, 10-68 км; Маңғыстау облысында «Форт Шевченко-Таушик» автомобиль жолын салу, 30 км; Маңғыстау облысында «Қызылсай-Шопан -Ата-Оғыланды» автомобиль жолын салу; Павлодар облысында «Панфилово-Бес- төбе» автомобиль жолын қайта жаңарту 23-42 км; Павлодар облысында «Шербақты-Галкино- Мақпал» автомобиль жолын қайта жаңарту, 32-54 км; Солтүстік Қазақс- тан облысында «М-51-Петерфельд- Архангелка-Ново- каменка-А-16» КТ-1 автожолын қайта жаңарту, 0-31 км; Оңтүстік Қазақстан облысында «Қаратөбе-Ғ.Мұратбаев» автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8 км; Оңтүстік Қазақстан облысында «Бозсу- Құйған-Қияжол» автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8 км; Оңтүстік Қазақстан облысында Р/Д А-2 Қызыл-Сарқырама ауылына кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8,6 км; Оңтүстік Қазақстан облысында ОК-52 «Қапланбек-Жібек жолы» автомобиль жолын қайта жаңарту, 4-10,5 км; Оңтүстік Қазақстан облысында ОК-50 «Дербісек-Сарыағаш шипажайы-Қанағат- Арыншы» автомобиль жолын қайта жаңар- ту, 41-56 км; Оңтүстік Қазақстан облысында Үшбұлақ кентінің жанындағы Келес өзені арқылы өтетін көпірді салу; Оңтүстік Қазақстан облысында «Дербісек-Сарыағаш шипажайы-Арыншы» автожолының 31 км-дегі Келес өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу; Оңтүстік Қазақстан облысында темір жол арқылы өтетін жолөтпесі бар «Арыс қаласының айналымы» автомобиль жолын салу, 0-11 км; Оңтүстік Қазақстан облысында Байдыбек ауданында «Қошқарата-Кенсай- Жамбыл облысы шекарасы» автокөлік жолының құрылысы, км 0-15. Жобалық-сметалық жұмыстар жүргізу. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс және жобалық-сметалық жұмыстар жүргізу жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Соңғы нәтижесі: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
180-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
««Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 332568 мың теңге (үш жүз отыз екі миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, жылумен, суық су, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне профилактикалық жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | «Transport tower» әкімшілік- технология- лық кешені ғимаратын ұстау | Ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты, соның ішінде: электр техникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникация- ларды, желдеткіш- тің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт сигналын беру мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын ұстап тұру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; қалалық желілер қызметімен қамтамасыз ету, суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесі- нің профилактикалық жұмыстарын жүргізу канализациялық желілерді тазарту; лифтілер жұмысы; Ғимаратты күзету; Ішкі үй-жайлары мен ғимараттың қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау, Ғимаратты санитарлық өңдеу, аумақтан қоқыс пен қарды әкету, оны абаттандыру, терезелерді, алюкобонты, витраждарды жуу, және ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті жұмыстар; кіруді бейнебақылау жүйесі, конференция залдарындағы дыбыс күшейткіш жүйелері, көрсетілген жүйелерді қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; ғимаратты күтіп ұстау бойынша жабдықтаушы функциясын орындау, ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ғимаратты сақтандыру. Қызмет көрсетушілердің білімін жетілдіру, қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету. Қазандықтарды, лифттерді, энерго- жүйелерді тексеруге қатысты сұрақтарды шешу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметті пайдаланушылар: мемлекеттік қызметкерлер.
Тікелей нәтижесі: ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.
Соңғы нәтиже: ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 шаршы метрге жұмсалатын орташа шығын 10298 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: техникалық нормаға сәйкес.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 180-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
180-1-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 97000 мың теңге (тоқсан жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түркіменстан) - Горган (Иран)» темір жол желісін жобалаудағы және салудағы ынтымақтастық туралы Иран Ислам Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Түркіменстан Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1140 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: темір жол желілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Темір жол инфрақұры- лымын дамыту | «Өзен - Түркіменс- танмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салуға жобалау-сметалық құжаттаманың бірінші кезеңін әзірлеу. | Мамыр- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ко- ммуника- ция мини- стрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін салуға жобалау-сметалық құжаттаманың бірінші кезеңін әзірлеу.