2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
5 , 6 , 7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
5-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10250833 мың теңге (он миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы № ІБ 01/42 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы туралы» Ережесі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару және ұйымдастырушылық қызметін қолдау және оған жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшін жағдайлар жасау; басқа елдердің Парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттарындағы кабинеттер мен мәжіліс залдарын күрделі жөндеуден өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Парламент қызметін қамтамасыз ету, яғни 154 депутатты қамтамасыз ету, оған Парламенттің депутаттарын, ақшалай қамтамасыз ету кіреді, оның ішінде: Автокөлік қызметтері және әуе көлігінің қызметін сатып алу; Байланыс қызметін сатып алу; Парламенттің әкімшілік ғимараттары мен депутаттардың қызметтік тұрғын үйлеріне қызмет көрсету жөніндегi қызметті сатып алу; Спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; Заңдар жобаларын әзірлеу, заң қызметінің жұмысы бойынша зерттеу материалдарын әзірлеу, әлеуметтік және сараптамалық сауалдамалар, заңдық реттеу проблемалары бойынша мониторинг жүргізу; Қызметтік тұрғын үй алғанға дейін депутаттардың қонақ үйде тұруын қамтамасыз ету; Өзге елдердің Парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; Парламент қызметін техникалық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу; Іс-шаралар жоспарына сәйкес делегацияларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету. ЕҰОҚ Парламенті Ассамблеясының 17-ші сессиясын өткізу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Бес тақырып бойынша мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; Ғылым мен жаңа технологияларды Қазақстанның инновациялық саясатының маңызды факторы ретінде дамытудың негізгі бағыттары; Адами дамудың өзекті проблемалары: адами әлеуметті дамыту тұжырымдамасы және оны дүние жүзінде іске асыру; Парламентаризм институтын қалыптастыру мен дамытудың әлемдік тәжірибесі: Парламентаралық байланыстар, халықаралық парламентаралық ұйымдардың қызметі; Экономика, мәдениет және қоғамдық орта: Қазақстан жағдайындағы өзара іс-қимыл тетігі. Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік қызметкерлерін Парламентаралық Ассамблеясы ЕурАзия экономика қауымдастығының шеңберінде біліктілігін арттыру. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
4 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Сенат ғимаратындағы халықаралық кездесулер залын, ресми делегациялар залын және 1, 2-ші қабаттардағы холдарды жөндеу. Сенат ғимаратындағы 12, 13 және 14-ші қабаттардағы кешендерді және 202, 205, 301 және 302 кабинеттерді жөндеуден өткізу. Мәжіліс ғимаратындағы 21 қабаттағы кешендер мен тұрақжайды жөндеуден өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Парламентті және оның аппараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды ҚР Парламенті ШБ ведомстволық кәсіпорындарының балансына беру («Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ ҚТYПД» РМҚК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ ӘҒД» РМҚК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Автошаруашылығы» РМК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы» РМК РМҚК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Асханасына»). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникаларына техникалық қызмет көрсету; Парламенттің қызметін қамтамасыз ету үшін үлгі ақпараттық жүйелер мен арнайы міндеттерді сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және пайдалануға беру (Парламенттің қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы ақпараттық жүйелер мен міндеттерді ілестіру); Web-сайтын сүйемелдеу; Материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7 | | 100 | Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына қызметтік тұрғын үй сатып алу | 48 пәтерді 48 тұрақ- жайымен сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер:
Заң шығармашылық қызметін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің тиімді қызметін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттарындағы кабинеттер мен мәжіліс залдарын күрделі жөндеуден өткізу.
200 адамның кәсіптік деңгейін арттыру.
250 адамды мемлекеттік тілде оқыту.
180 адамды ағылшын тіліне оқыту.
48 мемлекеттік қызметкерді шет елдерде оқыту.
Түпкі нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс істеуі мен тұруы үшін жағдай жасалады. Неғұрлым оңтайлы және қолайлы жұмыс орындары құрылады.
37,0 % мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің 46,0%-ның мемлекеттік тілді оқу, мемлекеттік қызметшілердің 33,0%-ның ағылшын тілін оқу қажеттілігі қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Бір қызметкердің кәсіптік деңгейін арттыруға шығатын орташа шығыс 7,07 мың теңге.
Бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға шығатын орташа шығыс 28,06 мың теңге.
Бір қызметкерді ағылшын тіліне оқытуға шығатын орташа шығыс 38,8 мың теңге.
Бір қызметкерді шетелде оқытуға шығатын орташа шығыс 206,63 мың теңге.
Парламентте қолданыстағы үлгі және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен міндеттерді сүйемелдеудің және пайдаланудың, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсетудің нақты режиміндегі бір адамға арналған орташа құны 1,106 мың теңгені құрайды. Жобаларды тиімді іске асыруды талдаудың нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезекті сессияға арналған негізгі іс-шараларының жоспарларында бекітілген мерзімдерге сәйкес заң жобаларын шығару және белгіленген мерзімдерге сәйкес жыл бойы іс-шараларды орындау. Жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес.
Сапасы: Қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға көмек көрсету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
6-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 151943 мың теңге (бір жүз елу бір миллион тоғыз жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару қызметі жөнінде уақтылы және дұрыс ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін және заң жобаларын қабылдау әрі қолданыстағы заңдардың тиімділігі жөніндегі мәселелерді бұқаралық сипатта және қызу талқылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Өңірлердегі жұмысы кезінде депутаттық корпус үшін ақпаратпен жұмыс істеудің бірыңғай кеңістігін құру, ақпаратты жинау әрі алмасу үшін қызметкерлердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын құру және ақпарат алмасу, ақпараттың рұқсат етілген барлық көздеріне заңды және жеке тұлғалардың қол жеткізуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру | 1. «Электоратпен байланыс» кіші жүйесін құруды жалғастыру, 1-ші кезеңі (»Конференция» блогын әзірлеу және енгізу); 2. «Отырыс» кіші жүйесін құру; 3. «Парламент кітапханасы» кіші жүйесін құруды жалғастыру (Кіші жүйеге арналған деректер базасын қалыптастыру, кіші жүйені тәжірибелік пайдаланып көру, енгізу); 4. «Деректер қоймасы» кіші жүйесін құруды жалғастыру (Парламенттің заң шығару қызметі бойынша құжаттардың толық өмірлік циклын қамтамасыз ететін жүйе құру. Заң шығару құжат айналымының «Деректер қоймасы» кіші жүйесімен кірігуі. Ұйымдастырушылық құжат айналымы (ЭҚБ БЖ) мен «Деректер қоймасы» кіші жүйесінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Кіші жүйеге арналған деректер базасын қалыптастыру, кіші жүйені тәжірибелік пайдаланып көру, енгізу. 5. Материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындалудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
Кіші жүйелерді енгізу:
- «Электоратпен байланыс» Кіші жүйе блогының негізгі бағыты: бекітілген тақырыптар бойынша бейнеконференциялар мен брифингтер өткізу;
- «Деректер қоймасы». Кіші жүйелерді тағайындау: материалдарды сақтау, сұрау салынған ақпаратты енгізу, іздеу және шығаруды автоматтандыру;
- «Парламент кітапханасы». Кіші жүйелерді тағайындау: Парламенттің кітапханалық қорын есепке алудың технологиялық процесін, оны іздеуді, тіркеуді, сондай-ақ электрондық түрдегі кітаптар мен мерзімді басылымға қол жеткізуді автоматтандыру;
- «Отырыс». Кіші жүйелерін тағайындау: бюро, жалпы және бірлескен отырыстарды өткізу кезінде барлық ілеспелі ақпарат электрондық түрде беру.
ЕСМ сыныпты платформаға лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін (Enterprise Content Management - корпоративтік мазмұндағы басқару жүйелерін) және оған кеңейту құралдарын сатып алу.
Түпкілікті нәтижелері:
Парламент жұмысының ашықтығын және жұртшылықпен кері байланыстың болуын қамтамасыз ету; депутаттық корпустың заң шығармашылық қызметіне қажетті ақпараттың барлық түрлеріне бір жерден қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Қаралудағы заң жобаларының санын өсіру есебінен азайту арқылы табыстың өсуінде ғана көрініс тапқан. Заң жобаларын қарау шығыстары бағдармен 22 % қысқартылады.
Уақтылығы:
Мемлекеттік сатып алу туралы жасалынған шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығармашылық қызметі туралы уақытылы және дәйекті ақпарат алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
7-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін дамыту»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламентінің Шаруашылық басқармасының тиімді жұмыс жасауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін уақытында салыну жағдайларын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін дамыту | Жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу және 200 жеңіл автокөлікке арналған жабық тұрақжай қосымша үй-жайларымен бірге салудағы құрылыстың басталуы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер: Бекітілген жобалау сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылыстың басталу кезеңіндегі орындалған жұмыстар.
Түпкі нәтижелер: Жобалау сметалық құжаттама әзірленді және 200 жеңіл автокөлікке арналған жабық тұрақжай қосымша үй-жайларымен бірге салудағы құрылыстың басталуы орындалды.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: жобаларды іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.