«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1015 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
02 «Байланыс жүйелері» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасы бар бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
013 Почта-жинақтау жүйесін дамыту»;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
V. «Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» бөлімінде:
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
02 «Байланыс жүйелері» кіші функциясында:
603 «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» әкімшісі бойынша «3480000» деген сандар «2580000» деген сандармен ауыстырылсын;
013 «Почта-жинақтау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша «1800000» деген сандар «900000» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 900000
013 Почта-жинақтау жүйесін дамыту 900000»;
3) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 375-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).»;
5-тармақта:
«145 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу және техникалық нығайту» деген сөздер «15 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«167» деген сандар «37» деген сандармен ауыстырылсын;
«4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру, Астана қаласында есептеу орталығын құру» деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы «Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру әрі почта-жинақтау қызметтерін дамыту» деген сөздер «Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшін «Қазпочта» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.« деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы «Жыл бойы» деген сөздер «2006 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
мәтіндегі «145», «167», «225», «7-10», «9-11», «5-7», «12», «225» деген сандар тиісінше «15», «37», «95», «5-8», «7-9», «3-5», «10», «95» деген сандармен ауыстырылсын;
«Тікелей нәтиже:» деген бірінші абзацтағы «, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген сөздер алынып тасталсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 қазандағы
№ 1015 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
203-1-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
___________________________________________________________
Бюджеттік бағдарлама әкімшісi
2006 жылға арналған
013 "Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
республикалық бюджеттік бағдарлама
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердің кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді жүйені қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарлама міндеттері: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлімшесін салу және техникалық нығайту арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар) іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 013 | | Почта-жинақтау жүйесін дамыту | "Самұрұқ" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтып, кейіннен қаражатты ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшін "Қазпочта" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi |
| | | | | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлімшесінің құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендіру; ауылдық байланыс бөлімшелерін 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту.
Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшесінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 7-9 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 9-10% өсуіне, бюджетке салықтық түсімдерін 5-7% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес.
Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 96 бөлімшесінде көрсетілетін қызметтердің аясын 11%-ға кеңейту.