Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1260 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1260 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 903 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Әбденов Серік Сақбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Евниев Арман Қайратұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Қасымов Қалмұхамбет Нұрмұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Біртанов Елжан Амантайұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Алдамберген Алина Өтемісқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары |
Дүрмағамбетов Ерлан Дмитрийұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Омаров Жаслан Ысқақұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Ақышев Данияр Талғатұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Айсағалиева София Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы |
Сахипова Нұрғайша Нұртайқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы (келісім бойынша) |