12) Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қызметтер көрсетуге;
13) Абоненттiң шағымдарын, оның iшiнде өткен жылдардағы да шағымдарын қарауға;
14) Абоненттi телефон желiлеріндегі авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжамды мерзiмдерi туралы хабардар етуге;
15) Абонентке себептерiн көрсетiп, абоненттiк нөмiрдiң ауыстырылғаны туралы немесе абоненттiк құрылғыны байланыс желісінен ажыратып тастау ниетi туралы кемiнде он күн бұрын жазбаша хабарлауға;
16) Абонентке қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде он күн бұрын хабарлауға;
17) қалааралық және халықаралық телефон байланысын қосулардың уақытпен есептеу төлем жүйесін енгiзген кезде телефоншы және жергiлiктi телефон байланысы арқылы пайдалану кезiнде Байланыс операторы белгiлеген қосудың ең аз төленетiн ұзақтығы, сондай-ақ аптаның сағаттары мен күндерi бойынша тарифтердi саралау тәртiбі туралы ақпаратты Абоненттiң назарына жеткізуге;
18) қызметтер көрсетуге уақтылы ақы төлемегенi үшiн ажыратылған терминалды Абонент берешектi өтеу фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде қосуды жүргiзуге;
19) Абоненттiң талабы бойынша оған қызметтер көрсетуге байланысты қосымша ақпарат беруге мiндеттi.
5. Тараптарды шектеу
14. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
15. Жабдықтардың жай-күйi үшiн жауапкершiлiк жабдықтардың тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекаралары бойынша айқындалады.
16. Абонентке:
1) Байланыс операторының жұмысын бұзуға және байланыс құралдары мен желiлерiнiң бүлiнуiне алып келетiн iс-әрекеттер жасауға;
2) заңнамаға қайшы келетін өзге де іс-әрекеттер жасауына тыйым салынады.
17. Байланыс операторына:
1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уәкiлеттi орган белгiлегеннен асатын төлемдi өндiрiп алуға;
2) Абонентке қызметтер көрсетудi ұсыну Шартына жеке төлем үшiн ұсынылатын қосымша қызметтер көрсетудi енгізудi таңуға;
3) бір байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуды басқа қызметтер көрсетудi мiндеттi түрде ұсынумен негiздеуге;
4) өзге қызметтер көрсетудi тұтыну кезiнде олар Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда қызметтер көрсетудi алған кезде Абоненттiң құқықтарын шектеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн өзге де iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
6. Тараптардың жауапкершiлiгi
18. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда кiнәлi тарап басқа тарапқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiрiлген залалдың орнын толтырады.
19. Ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Абонент Шартқа сәйкес осы сомаларды төлеу күнгi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
20. Егер Байланыс операторы үшiн Абонентке қызметтер көрсетудi ұсынудың мүмкiн болмауы Байланыс операторымен шарттық қатынастарда тұрған басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Абонент алдында Байланыс операторы жауапкершiлiк жүктейдi.
21. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
7. Форс-мажорлық жағдайлар
22. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
23. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
24. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8. Өзге ережелер және дауларды шешу
25. Шарттың қолданылу мерзiмiн тараптар айқындайды. Шарт iс жүзiнде қызметтер көрсету ұсынған сәттен бастап күшiне енедi.
26. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негіздер мен тәртiп бойынша жүргізіледi.
Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
27. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
28. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi.
29. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күші бар екi данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.
9. Тараптардың деректемелерi
Байланыс операторы: Абонент:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Кейiннен порттан шығын жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге
мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кіргенi үшiн (кеменің кiруi) теңiз
портының қызметтер көрсетуiне арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ____________________________
____________________________________________________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
(субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi -
Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Орындаушы кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кiргенi үшiн (бұдан әрi - кеменiң кiруi) қызметтер көрсетедi, Тапсырысшы кеменiң кiргенi үшiн осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде порттық алымдар төлейдi.
2. Осы Теңiз портының қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
2. Есеп айырысулар тәртібі
3. Кеменiң кiргенi үшiн теңiз портының қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тапсырысшы кеме теңiз портынан шыққанға дейiн соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
5. Кеме теңiз портынан шығардың алдында Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен кеменiң кiргенi үшiн iс жүзiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып берген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш ұсынады. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде дауласпаған шоттың бөлігін төлеуге мiндетті.
8. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға Ұлттық Банк белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша төлем күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасынан тұрақсыздық айыбын төлейдi.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
9. Орындаушы:
1) Тапсырысшының орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгілеуге;
2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Тапсырысшы Шарттың талаптарын орындамаған кезде портқа (порттан) кеменiң кiруiне (шығуына) және Тапсырысшының кейiнгi кемелерiн айлаққа қоюға рұқсат етпеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
10. Орындаушы:
1) Тапсырысшының теңiз портының қызметтер көрсетуiн тең пайдалануы құқығын қамтамасыз етуге;
2) портқа Тапсырысшымен келісілген кемелердi беру кестесiне сәйкес кемелердi порттың аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) кемелердi жүктердi өңдеуге қою үшiн мамандандырылған айлақтарды ұсынуға;
4) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн оң күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
5) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгізiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктірмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
6) Тапсырысшы мен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндетті.
11. Тапсырысшы:
1) Шартқа сай белгіленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктірмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
12. Тапсырысшы:
1) Орындаушымен келісілген кемелердi беру кестесiн Орындаушыға алдын-ала ұсынуға;
2) Орындаушымен келісілген кемелердi портқа беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
4) Орындаушыны келісілген кемелердi портқа беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндеттi.
4. Тараптардың жауапкершілiгi және дауларды шешу
13. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
14. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын Тарап басқа Тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы 48 (қырық сегiз) сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
17. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтізбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы 6ap.
6. Өзге ережелер
18. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
19. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерістер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
20. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күшi бар екi данада жасалады.
21. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртібі
22. Шарт 20_ жылғы "___" ______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi
және 20_ жылғы "___" ______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар
бөлiгінде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
23. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
24. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімi бойынша Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келісім жасасу жолымен не жаңа шарт жасасылып ұзартылуы мүмкiн.
8. Тараптардың заңды деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын
Теңiз портының тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу жөніндегі қызметтер
көрсетуiне арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ___________________________
____________________________________________________________ атынан
(қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
(субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)
атынан ____________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ екiншi
(лауазымы, аты-жөнi)
тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт)
жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Орындаушы Шартқа сәйкес теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетудi ұсынады, Тапсырысшы оларға Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
2. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiн ұсынуға арналған Шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
2. Есеп айырысулар тәртібі
3. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
4. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiне төлемдердi Тапсырысшы соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
5. Тиеу (түсiру) аяқталғаннан кейiн Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен коносаментте көрсетiлген iс жүзiнде өңделген жүк үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтізбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып беретiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Шотты алған сәттен бастап бес күнтізбелік күн iшiнде Тапсырысшы Орындаушыны көрсетілген мерзiмде шоттың төленбеуiне байланысты, сол даулы мәселелер туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
8. Орындаушы:
1) Тапсырысшының сақтауына мiндетті техникалық талаптарды белгiлеуге;
2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
9. Орындаушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетiлген қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларын қоспағанда, теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетудi тұтынушыларға тең жағдайлар беруге;
2) Тапсырысшымен келісілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiне сәйкес порттың аумағына кемелердi қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
4) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
5) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
10. Тапсырысшы:
1) Шартқа сай белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
11. Тапсырысшы:
1) Орындаушыға кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн және жүктердi әкелу (әкету) жөніндегі ақпаратты: жалпы және салмақтық сипаттамасын көрсетiп, көлемiн, номенклатурасын, жүктердiң ерекшелiктерiн алдын-ала ұсынуға;
2) Орындаушымен келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
4) Орындаушыны келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
12. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілiк жүктейдi.
13. Орындаушы жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшін мүлiктiк жауапкершілiк жүктейдi. Орындаушының техникалық операциялары салдарынан келтiрiлген зиянның орнын ол:
1) жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалған немесе жетiспеген жүк құнының мөлшерiнде;
2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда, оның құны төмендетілген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құнының мөлшерiнде толтырады.
14. Шарттың талаптарын тиiсiнше орындауға қатысты туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
15. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда Тапсырысшы Орындаушыға төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасының 0,5 % мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
16. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери іс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
17. Еңсерілмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы қырық ceгіз сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
18. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
6. Өзге ережелер
19. Тараптар үшiн мiндеттi Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес айқындалады.
20. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
21. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
22. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
23. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерістер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
24. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртібі
25. Шарт 20__жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20__жылғы "___" _______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
26. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi Тапсырысшының соңғы жүктi тиеуге (түсiруге) ресiмдегенiнен және Орындаушының шотына соңғы төлемдер түскеннен кейiн тоқтатылады.
27. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
28. Шарттың қолданылуы ұзартылуы, ал осы Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен тараптардың келісімi бойынша артық тиелген жүктiң бiрдей саны көбейтілуi мүмкiн.
8. Тараптардың заңды деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"__________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Әуежай деп аталатын, ______________________________
(реттелетін қызметтер көрсетудi
___________________________________________________________________
ұсынатын табиғи монополия субъектiнiң деректемелері)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн