46. Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау шарттарын уақтылы ресiмдемегенi және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органының кестелерiмен бекітілген мұнайды ММ жүйесiне қабылдаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) AEК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
10. Форс-мажорлық мән-жайлар
47. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтеуге құқығы жоқ. Mұндай жағдайда Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
48. Еңсерiлмес күш жағдайлары пайда болған жағдайда Тараптар олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажордың басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
49. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайлары қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi болған дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
50. Егер еңсерiлмес күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
51. Тараптар Шарттың талаптарын орындаған кезде Шарттың ережелерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
52. Тараптар Шарттың талаптарын орындау кезiнде бiр бiрiнен алған кез-келген мәлiметтер мен ақпараттың құпияда сақтауға мiндеттi (Құпия ақпарат). Тараптар Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, сондай-ақ оның қолданысы аяқталғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде Құпия ақпаратты қандай да бiр себеппен үшiншi тұлғаларға басқа Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бepмeугe мiндеттенедi.
53. Тараптардың бiрi құпия ақпаратты үшiншi Тұлғаға берген жағдайда (Шарттың талаптарын орындауға қатысатын Тараптардың қызметкерлерiн және заңды уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда) беретiн Тарап үшiншi тұлғалардың алынған ақпараттың құпиялылығының сақталуын Шарттың талаптарына ұқсас шарттарда олармен жазбаша мiндеттемеге қол қою жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Құпия ақпаратты ашқан Тарап бұл мiндеттеменi бұзған жағдайда екiншi Тарапқа құпиялылықты сақтамау нәтижесiнде келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
54. Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер жолымен шешедi.
Тараптар арасында келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сот тәртібімен шешiледi.
55. Шарт 200_ "___" _________ бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__" ________ дейiн, ал орындалмаған мiндеттемелер бөлiгiнде олар толық орындалғанға дейiн қолданылады. Бұл ретте, Тұтынушы және Қызмет берушi мiндеттi түрде жыл сайын Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Техникалық келісім жасасады.
56. Екi Тараптың бiрi қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзiнiң заңды күшiн жоймайды және ол бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер олардың құқықтық мұрагерлерiне көшедi. Бұл ретте, Шарттың жаңа Тараптарының арасында тиiстi келісімге қол қоюы мiндеттi болады.
57. Тараптар Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
58. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған, екi Тараптың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекітілген жағдайда ғана заңды болып табылады. Бұл ретте, Тараптар механикалық көшiру құралының көмегiмен уәкiлеттi тұлға қолының факсимильдiк көшiрмесiн пайдалануға жол бередi.
12. Қорытынды ережелер
59. Шарт Тараптардың әрқайсысына бiр данадан берiлетiн бiрдей заң күшi бар 2 түпнұсқалық данада жасалды.
60. Тараптардың Шарттан туындайтын қатынастары және олар реттемеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
61. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.
13. Тараптардың деректемелері
Қызмет берушi: _______________ | | | Тұтынушы: _______________ |
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Аэронавигация қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын _____________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын
____________________________________________________________________
субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын ______________________ негiзiнде әрекет
ететiн пайдаланушы ________________________________________________
(пайдаланушының деректемелерi, құрылтайшы құжаттары,
____________________________________________________________ екiншi
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт)
жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Орындаушы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде (ұшу бағытында және әуеайлақ маңайында) Тапсырысшының әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер көрсетуді ұсынады.
2. Тапсырысшы аэронавигациялық қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Орындаушы:
1) ұшулардың қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында техникалық, метеорологиялық және басқа себептер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуе кемелерiнiң жол жүру бағыттарын өзгертуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi өзгертуге;
3) ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн уақтылы ақы алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн Тапсырысшының мүдделерiне пайдалануды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес үйлестiрудi қамтамасыз етуге;
2) әуе кемелерiнiң (бұдан әрi - ӘК) ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету, электр-, радио байланыс құралдарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес ұсынуға;
3) ұшу барысында ерекше жағдайлар туындаған кезде тиiстi қызметтердi авариялық хабарлауды қоса алғанда, әуе қозғалысын тiкелей басқаруды және ұшу барысында экипаждарға қажеттi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге;
4) ұшу уақытында Тапсырысшыны метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
5) Тапсырысшының ӘК экипаждарын әуе қозғалысын басқару арналары арқылы түсетiн жедел аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
6) авиациялық телеграф байланысы арналары арқылы ұшуларды тiкелей орындауға байланысты хабарларды беруге;
7) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының авиация саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
5. Тапсырысшы:
1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң (алымдар ставкаларының) өзгергенi туралы олар iске қосылғанға дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
6. Тапсырысшы:
1) Орындаушыға қажеттi жоспарларды және оған Қазақстан Республикасында ӘК қозғалысы туралы хабарлар табелiнiң талаптарына сәйкес ұшуларды орындауға арналған өзгерістер мен ұшуларды жоспарлау мәселелерiн реттейтiн басқа құжаттарды ұсынуға;
2) Орындаушыға ұшулар мен әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынуға;
3) әуе көлiгiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
3. Төлем тәртібі
7. ӘК-гe аэронавигациялық қызмет көрсеткенi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен peттeyдi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
8. Орындаушы айына екi рет Тапсырысшыға ұдайы рейстердiң тiзiлiмiн қоса бере отырып шот ұсынады.
Ұдайы рейстерге қызмет көрсету жөнiнде ұсынылып отырған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi ұсынылған шоттың негiзiнде, Тапсырысшы Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын есептеу жолымен шотты алған күннен бастап он банктiк күн iшiнде жүргiзедi.
9. Тапсырысшының ӘК-лерiмен тапсырыс рейстерi орындалған кезде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн ақы төлеу алдын ала төлем шартымен жүргізіледі.
10. Ұсынылған шоттарға келiспеген жағдайда, Орындаушы мен Тапсырысшы орындалған рейстердiң шоттарына және тiзiлiмдерiне нақтылау жүргiзедi.
Шоттарды қарау мен нақтылау мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс. Шоттар мен тiзiлiмдер бойынша ақы төлеудi нақтылау осы шоттар бойынша ақы төлеу мерзiмiн тоқтата алмайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомаларды Орындаушы Тапсырысшыға келесi шотты ұсынған кезде ескередi.
11. Орындаушының шоттарына ақы төлеу кезiнде ақша қаражатын аударуға байланысты шығыстарды Тапсырысшы жүктейдi.
4. Тараптардың жауапкершілiгi
12. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиесiлi орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
13. Шартта көзделген ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға осы сомаларды төлеу күнгi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
14. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және басқа жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
17. Егер тараптардың бiреуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
6. Өзге ережелер және дауларды шешу
18. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүргізiледi.
Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тарап басқа тарапқа бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
19. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
20. Шартқа барлық өзгерістер, толықтырулар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
21. Тараптар бiрiн-бiрi орналасқан жерiнiң немесе нақты мекен-жайының өзгергенi туралы хабардар етуге мiндеттi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi
22. Шарт 200_жылғы "___"________ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi
және 200_жылғы "___"________ 24-00 сағатты қоса қолданылады.
23. Шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың келісімi бойынша Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын тараптардың бiреуiнiң мәлiмдеуi бойынша, аэронавигация қызметтер көрсетуiнiң көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
8. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Телекоммуникациялар қызметтер көрсетуiн жергiлiктi желiлер торабын
пайдаланып ұсынуға арналған
үлгi шарт
_________________________ 200_ жылғы "___"___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Байланыс операторы деп аталатын ____________________
(қызметтер көрсетудi
____________________________________________________________________
ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Абонент деп аталатын _________________________ негiзiнде әрекет
қызметтер көрсетуді пайдаланушы ___________________________________
(пайдаланушының деректемелерi)
_____________________________________________________________ екiншi
тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт)
жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Шарттың талаптарына сәйкес Байланыс операторы Абонентке
___________________________________________________________________
(қызметтер көрсетудiң/қызметтер көрсетудiң түрi)
қызметтер көрсетудi ұсынуға мiндеттенедi, ал Абонент ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Абонентке __________________ терминалға қосу мекен-жайы
бойынша _________ нөмiр (-лер) бөлiнедi.
3. Қызметтер көрсетудi ұсыну шарты Абонентпен жеке тәртiппен
жасалады.
Заңнамада көзделген жағдайларда, Абоненттiң Шарт жасасу
жөніндегі өзiнiң өкiлеттiктерiн үшiншi тұлғаларға табыстауға құқығы бар.
2. Төлем тәртібі
4. Ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн ақы төлеу табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қызметтер көрсетудiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты тұтынушылардың бiр санаттағы Абоненттерi үшiн бiрдей белгiленедi.
5. Абонент ақы төлеудi ай сайын iс жүзiнде ұсынылған қызметтер көрсету үшiн есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.
6. Байланыс операторлары қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған шоттарды Абонент көрсеткен мекен-жай бойынша жеткізуге мiндеттi.
7. Байланыс операторының жергiлiктi телефон қосылыстарын уақытпен есептеудi жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған кезде Абонент-жеке тұлға қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң абоненттiк немесе уақытпен есептеу жүйесiн таңдауға құқылы.
Қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң уақытпен есептеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша Байланыс операторы ақы төлеуге жататын жүргiзiлген жергiлiктi телефон қосылыстары туралы тегiн жазбаша ақпарат ұсынуға мiндеттi.
Мұндай ақпарат ұсынбаған жағдайда Абонент қызметтер көрсетуге ақы төлеудi абоненттiк жүйе бойынша жүргізуге құқығы.
3. Қосылыстардың ұзақтығын есептеу
8. Телефон қосылыстарының ұзақтығы Байланыс операторында белгiленген телефон қосылыстарының ұзақтығын уақытпен есептеу аппаратурасының көрсеткiштерi бойынша айқындалады.
9. Байланыс операторы ұсынатын қызметтер көрсетудiң сапасы Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдары мен мемлекеттік стандарттар белгiлеген талаптарға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс.
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
10. Абоненттiң:
1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Байланыс операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн iс-әрекеттерiне заңнамада белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
3) жария тыңдауларға қатысуға;
4) қол жетiмдi жүктелiмдер шегiнде өзiне қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;
5) Байланыс операторынан тарифтердiң өзгергенi туралы олар iске қосылғанға дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
6) Шарттың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлемдi қайта есептеудi немесе осы қызметтер көрсетудi Абоненттiң (пайдаланушының) кiнәсiнсiз байланыс болмаған кезеңде (Абоненттiң Байланыс операторына жазбаша өтiнiшi болған кезде), телефон желiлерiнде авариялар кезiнде пайдаланғаны үшiн, Абоненттiң келісімiнсiз қосымша ақылы қызметтер көрсеткенi үшiн төленген қаражатты қайтаруды талап етуге;
7) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес шұғыл жедел қызметтердi шақыру үшiн телефон байланысын тегiн пайдалануға;
8) Байланыс операторынан деректемелер, жұмыс режимi, көрсететiн қызметтерi, техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету тәртібі туралы қажеттi ақпарат ұсынуды талап етуге;
9) Шартты, бұл туралы Байланыс операторына Шартты бұзу сәтiне дейiн кемiнде отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлай отырып, бiржақты тәртiппен бұзуға;
10) Байланыс операторымен келісім бойынша, егер қызметтер көрсетудi ұсыну мерзiмдерiн сақтамау еңсерiлмес күшке негiзделген болса, ол туралы қызметтер көрсетудi орындаудың тағайындалған мерзiмi аяқталғанға дейiн Абонентке хабарланған болса, қызметтер көрсетудi орындаудың жаңа мерзiмiн тағайындауға;
11) Жазбаша өтiнiш бойынша оның нөмiрiн анықтама-ақпарат қызметi абоненттерiнiң тiзiмiне енгізуден бас тартуға;
12) Абонент (пайдаланушы) алмаған қызметтер көрсетуге ақы төлеуден бас тартуға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқығы бар.
11. Абонент:
1) ұсынылған байланыс қызметтер көрсетуiне ақы төлеудi уақтылы және толық көлемде жүргiзуге;
2) қызметтер көрсетудi пайдаланған кезде белгiленген техникалық талаптарды орындауға;
3) ақаулы, сәйкестiк сертификаты жоқ абоненттiк терминалдарды (телефон аппараттарын, факстердi, модемдердi және т.с.с.) жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерi торабына қоспауға;
4) байланыс қызметтер көрсетуiн пайдалану кезiнде туындаған ақаулар туралы Байланыс операторына дереу хабарлауға;
5) Байланыс операторы өкiлдерiнiң терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан үй-жай мен аумаққа оларды қарау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету үшiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
6) Байланыс операторына өзiнiң шығуы туралы, телефон қондырылған үй-жайларды сату туралы, өзiнiң мәртебесiнiң өзгеруi туралы, тегiнiң, тұратын мекен-жайының өзгергенi туралы бiр ай мерзiмде хабарлауға;
7) өзiнiң Шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерiн Байланыс операторының жазбаша келісімiнсiз басқа тұлғаларға бepмeугe;
8) абоненттiк желi мен терминалды өз үй-жайында жарамды қалпында ұстауға;
9) терминалды басқа абоненттерге қасақана алаңдаушылық келтiру мақсатында пайдалануға жол бермеуге;
10) Байланыс операторының талабы бойынша байланыс қызметтер көрсетуiн алу үшiн пайдаланылатын терминалдың түрiн хабарлауға мiндеттi.
12. Байланыс операторының:
1) Абоненттiң сақтауы үшiн мiндеттi заңнамаға сәйкес техникалық талаптарды белгiлеуге;
2) ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеудi уақтылы және толық көлемде алуға;
3) байланыс қызметтер көрсетуiн пайдаланушы шарттық талаптарды, жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзған кезде, сондай-ақ авариялық жағдай кезiнде не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде қызметтер көрсетудi ұсынуды тоқтатуға немесе шектеуге;
4) уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен тарифтердi қолдану кезеңiнде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi төмендетуге;
5) абоненттiк терминалдар мен байланыс құралдарына техникалық инспекцияны жүзеге асыруға;
6) ақаулы, сәйкестiк сертификаты жоқ абоненттiк терминалдарды ажыратып тастауға;
7) Абонент Шарттың 5-тармағында белгiленген мерзiмдерде қызметтер көрсетуге ақы төлемеген кезде, сондай-ақ Абонент Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мiндеттердi орындамаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Абоненттiң телекоммуникациялар торабына қол жетiмдiлiгiн тоқтата тұруға, бұл ретте телекоммуникациялар желiлерiне қол жетiмдiлiктi жаңарту берешектi толық көлемiнде өтегеннен немесе Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көзделген ақпаратты ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi;
8) қызметтер көрсетуге ақы төлеудiң уақытпен есептеу жүйесiн енгізуге;
9) Шарттың 11-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптар өз мәртебесiнiң өзгеруi, қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөніндегі жеңiлдiктердi сатып алу немесе жоғалту бөлiгiнде бұзылған жағдайда, ұсынылған қызметтер көрсету құнын қайта есептеудi бiржақты тәртiппен жүргiзуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқығы бар.
13. Байланыс операторы:
1) Абонент абонементтi ашу құнын төлегеннен кейiн отыз күннiң iшiнде Абонентке қызметтер көрсетудi ұсынуға;
2) ұсынылған қызметтер көрсетудiң саны мен сапасына есептеу және бақылау жүргiзуге қызметтер көрсетудi ұсынуды бұзушылықтың алдын алу және оны жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
3) абонентке шұғыл, авариялық қызметтермен тегiн қосуларды ұсынуды қамтамасыз етуге;
4) есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсетудi және оларды тексерудi жүргiзуге;
5) Абонент қызметтер көрсету сапасының төмендiгi туралы өтiнiм берген күннен бастап үш күннiң iшiнде сапаны қалпына келтiру жөнiнде барлық шараларды қабылдауға және абоненттiк төлемдi қайта есептеудi жүргiзуге;
6) ұсынылатын қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған шотты көрсетуге;
7) сапасы бойынша байланыс саласындағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келетiн байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуға;
8) Абоненттiң өтiнiмi бойынша Байланыс операторының жергiлiктi телекоммуникациялар жүйелерiнiң станциялық және желiлiк ақауларын жоюға;
9) шоттар ұсынуды айына бiр реттен сиретпей жүргiзуге;
10) Абоненттi қызметтер көрсетудi ұсыну ережелерiнiң өзгерістерi туралы уақтылы хабардар етуге;
11) Абоненттiң кiнәсiнсiз абоненттiк терминалдың iс жүзіндегі әрекетсiздiк кезеңi үшiн абоненттiк төлем сомаларына қайта есептеудi жүргізуге;