30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
31) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;
32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы;
34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
35) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;
36) электр энергиясын беру - энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;
37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет;
38) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;
39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;
40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;
42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;
44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;
45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
47) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;
51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді;
3-2) үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекітеді;
3-3) шекті тарифтерді бекітеді;»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды бекітеді;
7-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
7-3) келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдардың орындауына мониторинг жүргізеді;
7-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын қалыптастырады;»;
4) 6-баптың 11-тармағының 3) тармақшасында «қайта сату» деген сөздер «электрмен жабдықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және
реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге
асыратын мемлекеттік органның құзыреті
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;
2) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;
3) жеке тарифті бекітеді;
4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми веб-сайтта жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;
5) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
7) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының, 5-тармақтарында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді.»;
6) 9-бапта:
1-тармақтағы «табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «кВ» деген сөз «киловольт» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 10-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы «теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу» деген сөздер «өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «бұдан кейін» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «ету үшін электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
8) 12-бап мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Энергия өндіруші ұйымдар:
1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға табыс етуге;
3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге міндетті.
4. Электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.
Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті.
Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті анықтау немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.»;
9) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі
1. Шекті, есептік және жеке тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.
Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.
3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізу үшін белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасады.
Келісімде энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолдағы бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелері көзделеді.
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауына мониторинг жүргізеді.
Энергия өндіруші ұйым өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.
4. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шегінде электр энергиясын өткізуден алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін, техникалық тапсырманы уәкілетті орган бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.
Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.
Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
5. Есептік тариф Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспауға тиіс.
Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолданады және есептік тариф инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау кезеңінің ішінде қолданыла алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттардағы өзгерістерді келіскен жағдайда, есептік тариф инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан асуы мүмкін.
6. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында жеке тарифті қолдануға құқылы.
Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама параметрлерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдаған шешімінің негізінде жүргізіледі.
Жеке тариф энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттылықты енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде есептік тарифтен төмен болмауға тиіс.
Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны артқан жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын арттыру уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.»;
10) 13-бап:
мынадай мазмұндағы 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-2. Энергия өндіруші ұйымға, электр энергиясын экспорттауды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектісі болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ресми веб-сайтта қалыптастырады, жүргізеді және жариялайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергия өндіруші ұйым қуаты авариялық істен шыққан жағдайда ғана электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша жасалған өз міндеттемелерін орындау мақсатында басқа бір энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын
«6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік операторымен жасасқан электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.»;
11) 14-бапта:
4-тармақта:
«және электр энергиясын кейін сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздер алып тасталсын;
«қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын»;
12) 15-бап:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.»;
13) 16-баптың 1-тармағындағы «қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.»;
15) 19-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «жіберуге;» деген сөз «жіберуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті.»;
16) 22-баптың 4-тармағындағы «саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 25-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.
4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.».
13. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; №15-16, 60-құжат ):
көрсетілген Заңға қосымшаның 25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) табиғи монополиялар салаларындағы бақылау;
2) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау;
3) реттелетін нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауын бақылау.».
14-тармақ 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 жылғы 28 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 27 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы Заңы):
12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу;».
2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 116-ІV ҚРЗ