23) техникалық сараптама - қолданысқа енгізілген активтердің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, материалдық, еңбек шығындарының, өндіріс технологиясының белгіленген нормаларға сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды іске қосудың деңгейін және олардың дұрыс бөлінуін талдау;
24) төтенше реттеуші шаралар - азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;
25) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектісінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленуші, келісім нәтижесінде бірлесіп тікелей немесе жанама шешім белгілеуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
26) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға ;
27) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы);
28) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
30) ұзақ мерзімді кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы.
7) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;»;
8) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;
4-2) пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтеруге жол беруге;»;
«8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;»;
9) 7-баптың бірінші бөлігі 18) тармақшадағы «орындауға міндетті.» деген сөздер «орындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмейтін күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған жұмыстардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеуге;
20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға міндетті, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесіндегі нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс;
21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;
22) нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жыл сайын 1 желтоқсанға қарай уәкілетті органға табыс етуге міндетті.»;
10) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-баптармен толықтырылсын:
«7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері және газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.
7-2-бап. Баға белгілеу тәртібі
1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасының бірінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда баға белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Уәкілетті орган бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы, оны реттелетін нарық субъектісі тиісті сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде табыс етуге тиіс.
3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, реттелетін нарық субъектісіне:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.
Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.
Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне почта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.
Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес ақпарат табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.
7-3 бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері
1. Реттелетін нарық субъектілері:
1) уәкілетті органға:
бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы өнімнің монополиялық түрлері бойынша ай сайынғы ақпаратты табыс етуге;
2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға;
3) баға белгілеу тәртібін сақтауға;
4) осы Заңда көзделген талаптарды бұза отырып, белгіленген бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алған табысты тұтынушыларға қайтаруға міндетті.»;
11) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері
Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;
4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.»;
12) 13-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;»;
5-2) және 5-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
5-2) өздері белгілеген тәртіппен:
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестелерін келіседі;
5-3) өздері белгілеген тәртіппен:
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;
жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шекті деңгейін келіседі;»;
5-5) тармақша алып тасталсын;
13) 14-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізуге;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;»;
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 17-2) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға;
13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуге;
13-3) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;»;
«17-2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін бекітуге;»;
«18-1) қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу, электр, газ тарату желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;»;
14) 14-1-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «олардың шекті деңгейлеріне енгізу,» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен асатын шығыстар баптарын бес проценттен астамға арттыру,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мыналарға:
табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;»;
15) 16-баптың 2-тармағындағы «субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздер «субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылып, «жобаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (аз қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-баптың 3-тармағы:
«тарифтік сметаларын бекіту,» деген сөздерден кейін «төтенше реттелетін шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды бекітуді және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.»;
17) 18-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сатып алуды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бұл талап сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (қатысу үлестерінің) үшінші тұлғалар арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.»;
18) 19-1-бапта:
1-тармақ «монополиялар» деген сөзден кейін «, реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «монополия» деген сөзден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 21, 22-баптардың тақырыбы және мәтіні «монополия» деген сөзден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Өтпелі ережелер
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларды жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарымен (суды есепке алатын жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2009 жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуге міндетті.
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы 1 тамызға дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті.».
7. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., №1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат):
18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік процесті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы):
68-баптың 6-тармағының екінші бөлігі «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағының 3), 20) және 21) тармақшаларындағы «саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 57-баптың 1-тармағындағы «қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат ):
35-баптың 2-тармағындағы «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау және реттеуді» деген сөздер «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 жылғы 28 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 27 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы Заңы):
8-баптың 1-тармағының 19-2) тармақшасы «монополиялар аясында» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтарда» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
3) есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
4) жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;
7) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;
8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;
11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;
12) инвестициялық міндеттеме - жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме;
13) инвестициялық шарт - энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;
14) келісім - уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт;
15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;
22) өңірлік электр желілік компания - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым;
23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;
24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
27) ұлттық электр желісі - жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;
28) шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;
29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;