1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналымнан алып қою;
9) контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
11) бір ғана тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.
14-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы
1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;
2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарын негізге ала отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (өнім берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру талаптары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.
Нақ сол тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.
Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаса, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.
4. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;
2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Егер тауар бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген критерийлердің ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.
15-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға
1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие,тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай болып танылады.
2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:
1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға мүмкіндік берсе;
2) осы баға тауар өткізуші нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.
3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.
3-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
16-бап. Жосықсыз бәсекелестік
1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
2. Жосықсыз бәсекелестікке мынадай іс-әрекеттер жатады:
1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
5) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
7) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру;
9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
17-бап. Тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану
Бөгде тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану немесе құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз әдеби, көркем шығармалардың, мерзімді басылымдардың атауын пайдалану немесе буманы тұтынушыны тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп пайдалану тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
18-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану
Құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
19-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу
1. Нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп шаруашылық айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу болып табылады.
2. Егер мұндай көшіріп алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу құқыққа сыйымсыз болып танылмайды.
20-бап. Нарық субъектісінің беделін түсіру
Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
21-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама
Жосықсыз, дәйексіз және көрінеу жалған жарнамалардың белгілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу)
Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.
23-бап. Сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру
Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың сатушымен (өнім берушімен) шарттық қатынастарды орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған іс-әрекеттері сатушыға (өнім берушіге) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру
Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе мәні бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітушілік шарттар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.
25-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру
Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының - нарықтың өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған іс-әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.
26-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық
Сатып алушы бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатушы (өнім беруші) қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатып алушы бәсекелесінің сатып алушы алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатып алушының шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғу мүмкін болса, сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық болып табылады.
27-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық
Сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатып алушы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оған мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің сатушы (өнім беруші) алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатушының (өнім берушінің) шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді сатып алушылық болып табылады.
28-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
3-БӨЛІМ. БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАТЫСУ
29-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу принциптері
1. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу принциптері:
1) заңдылық;
2) негізділік;
3) шектеулілік;
4) жарысқа қатыспаушылық болып табылады.
30-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:
1) мемлекеттік кәсіпорындар құру;
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу жолымен жүзеге асырылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуына негіздер
1. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау үшін құрылатын ұйымдар қызметті жүзеге асырған;
5) тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
6) даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдингтің құрылған үлестес тұлғалары қызметті жүзеге асырған;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынып қойған қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқылы емес.
3. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.
4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма бес пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі ескеріле отырып, кейіннен мемлекеттің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) сатыла отырып, жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негіздейтін материалдарды ұсына отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша мұндай құру туралы өтінішхат ұсынады.
Өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде монополияға қарсы орган:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құру болжанатын тауар нарықтарын зерттеп-тексеруге;
2) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның және онымен үлестес тұлғаның осы тауар нарығында болу мерзiмi туралы қорытынды дайындауға;
3) өтінішхатты ұсынған органға негізделген шешiм жiберуге міндетті.
6. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкелетін болса, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас тартады.
7. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылған жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасайды.
8. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.
32-бап. Мемлекеттік монополия
1. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын Заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын монаполияға қарсы орган бекітеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік монополия субъектісіне:
1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге;
2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға уәкілетті орган белгілеген бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.
Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейін технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беріледі.
4. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды монополияға қарсы орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік монополияны енгізген кезде мынадай талаптар сақталады:
1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;
2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін осы тауарды алты ай мерзім бойы өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;
3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополия енгізу салдарынан келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тараудың тақырыбы өзгертілді
5-тарау. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы ОРГАНДАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ
әрекеттері, келісімдері
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттері, келiсiмдерi
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттеріне, конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттері болып, оның ішінде мыналар танылады:
1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;
4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;
5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;
7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;
8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;
9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;