Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 576 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. »Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық» холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазына» АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 6-бөлімде:
бірінші абзац «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «ҚазАгро» ұлттық холдингі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға». |
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:
мына:
«Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары»; |
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:
мына:
«Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі». |