2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертiлдi ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
2. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
5-тарау. Есеп және есеп беру
53-бап. Банкінің қаржы (операция) жылы
Банкінің қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкіні тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бiрiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттік тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Банкiлердегi есеп және есеп беру
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң тізбесін, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін уәкiлетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржы есептiлiгi туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның банк директорларының кеңесi айқындайды.
1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
2. Банкiлер уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң өз құзыретi шегiнде жiберiлген сұратуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген несиелердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және, банк құпиясы болып табылатын мәлiметтердi қоса, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2-1. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен банктер ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкiлеттi орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
3. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 54-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертілді; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-1 бап жаңа редакцияда ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертiлдi
54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің
есептілігі
1. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күннің ішінде уәкілетті органға кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзге де тәсілмен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуі туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты табыс етуге тиіс.
2-1. Есептілікті ұсынудың тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Банк холдингі уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
4. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпараттар:
1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы баптың 4-тармағында аталған ақпаратты табыс етуге тиіс.
Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 55-бап өзгертiлдi
55-бап. Банк қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Банкiлер осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым есепте берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растағаннан кейiн және банк акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi бекiткеннен кейiн уәкiлеттi органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгiлеген мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жылдық балансты және пайда мен залал туралы есепті қоса, жылдық қаржылық есептілігін жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк белгiлеген мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады.
Банктер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде пруденциялық нормативтерді орындағаны туралы есептерді және активтер мен шарттық міндеттемелердің жіктелімі (провизияның қалыптастырылуы) туралы мәліметтерді аудиторлық ұйым осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес ондағы берілген мәліметтерді растағаннан кейін жариялайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 56-бап өзгертiлдi
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi
57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген тұлғаларына аудит
1. Банк аудитін аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады.
1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.
Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
Банк конгломераты қатысушыларының аудитін бір ғана аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
2. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртібінiң банкінің iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің және өзге ақпаратының аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Өзге ақпараттар аудиті банктің уәкілетті органның пруденциялық нормативтері мен активтерді және шартты міндеттемелерді (провизияларды қалыптастыру) жіктеу бойынша талаптарын орындауын тексеруді қамтиды.
Аудиторлық ұйымның қосымша қызмет көрсетуге арналған шарты уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетілетін банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін:
банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;
осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:
банкке қатысты - осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негізінде банкті лицензиясынан айыруға;
банк холдингіне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi
58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 59-бап өзгертiлдi
59-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен II бөлiмнiң атауы толықтырылды
II Бөлiм. Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту
және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң
шарттары
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 7-тараудың атауы жаңа редакцияда
7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 60-бап өзгертiлдi
60-бап. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы шарттары
1. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкіні ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады.
3. Банкіні ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) банкінің жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi;
б) банкіні қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртібі мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;
в) банкінің ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкіні қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы.
4. Банкіні қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
5. Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргiзуге уәкiлеттi органнан рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде алдағы болатын өзгерістер туралы өзiнiң барлық депозиторларын, клиенттерiн, корреспонденттерi мен қарыз алушыларын тiкелей хабардар ету арқылы және кемiнде екi республикалық газетке тиiстi хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге мiндеттi.
6. Қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу немесе қайта тiркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 61-бап өзгертiлдi
61-бап. Банкіні ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тарту
Банкіні ерiктi түрде қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсат беруден бас тартуы мынадай кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) ерiктi түрде қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
б) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы;
в) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы;
г) көзделiп отырған ерiктi түрде қайта құру салдарынан монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуы.
8-тарау. Банкіні консервациялау
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 62-бап өзгертiлдi
62-бап. Банкіні консервациялау ұғымы
1. Банкіні консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша банкінің қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы);
б) Осы Заңның 48-бабында көзделген негiздер бойынша.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкіні басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкіні консервациялау банкінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртібімен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкіні консервациялауды тоқтатпайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. Банкіні басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi , депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. Банкіні консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс:
а) банкінің атауы және оның орналасқан жерi;
б) банкіні консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi;
в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi;
г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
е) консервациялау режимiнде тұрған банкінің басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар екендiгi және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II ); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 65-бап өзгертiлдi
65-бап. Консервациялау кезеңiнде банкіні басқару ерекшелiктерi. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкіні басқару жөніндегі өкiлеттiгi
1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
б) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
в) банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;
г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келісімiнсiз банкінің атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы):
а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банкінің мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, ставкаларын, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, бiржақты тәртiппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
г) банкінің атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
д) банкінің атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға;
е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға;
ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға құқылы.
Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 66-бап өзгертiлдi
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкіні басқару жөніндегі қызметiн бақылау
1. Банкіні консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол: а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкіні консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
е) банкіні консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертiлдi
67-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Банкіні консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Банкінің қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкінің құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар күшiнде қала бередi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Егер банкіні консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
1. Банк:
а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;