14-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері
1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері - Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар.
Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің мақсаттары азаматтардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыту, олардың дәстүрлерді, тілдер мен мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады.
2. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және Ассамблеяның жергілікті, өңірлік немесе республикалық этномәдени бірлестіктері ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
Ассамблеяның жергілікті этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасының бір облысы, оның ішінде республикалық маңызы бар қаласы, астанасы шегінде жұмыс істейтін және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
Ассамблеяның өңірлік этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан аз аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан астам аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
3. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, азаматтық қағидатында, патриотизм, Қазақстан этностарының рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біртектілікті нығайтуға жәрдемдеседі.
4. Ассамблеяның құрамына қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.
Этномәдени бірлестікті қоғамдық аккредиттеу тәртібі мен ол туралы ережені Кеңес айқындайды.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Ассамблеяға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелік
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының - этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің және өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар:
1) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімі;
2) Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі;
3) Кеңестің шешімі;
4) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде Кеңестің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімімен ротациялау қағидаты бойынша ұсынылады.
3. Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі.
5. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясына мүшелікке барлық кандидаттар кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекітуіне ұсынылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы төрағасының шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін.
16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі
1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады.
2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;
2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, «дөңгелек үстелдердің» және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;
2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;
4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге;
5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады.
17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату
1. Ассамблея мүшесінің өкілеттігі мынадай негіздер бойынша:
1) Ассамблея мүшесінің өз бастамасы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына немесе Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшін кетуіне байланысты;
3) Ассамблея мүшесі болып табылатын және атқаратын мемлекеттік қызметі бойынша Ассамблеяның құрамына кіретін мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнын өзгертуіне байланысты;
4) Ассамблея мүшесінің қайтыс болуына байланысты;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Ассамблея мүшесін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануға байланысты;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңның 15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, Ассамблея мүшесін ротациялау жағдайында;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) бұрын Ассамблеяға мүшелікке кандидатура ұсынған, Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша кері шақырып алуға байланысты тоқтатылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Ассамблея мүшесінің өкілеттігі:
1) денсаулық жағдайы бойынша Ассамблея мүшесі ретінде қызметін жалғастыру мүмкін болмаған;
2) Ассамблея мүшесінің осы Заңда белгіленген өз міндеттерін тиісінше атқармаған;
3) Ассамблея мүшесі атағына кір келтіретін қылық жасаған;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қылмыс жасағаны үшін Ассамблея мүшесіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) өзге де негіздер болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы мүшесінің өкілеттігі осы баптың 1-тармағында аталған негіздер бойынша, сондай-ақ басқа облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, оның ішінде Кеңестің ұсыныстары негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатын кері шақырып алу туралы ұсыныс Кеңесте қабылданады.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатының өкілеттігін тоқтату туралы Кеңестің ұсынысы Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.
3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қаржыландыру көздері
Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған, Ассамблея, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері ұйымдастыратын іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қаржыландырылады.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдау
1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ассамблея мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын тұжырымдауға жәрдемдеседі.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қазанның 20-сы.
№ 70-ІV ҚРЗ