Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
2) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.»;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Ассамблеяның мақсаты
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.»;
4) 4-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқы бірлігін нығайту;»;
«4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;»;
5) 6-баптың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;»;
«9) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысу;»;
6) 9-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұсынымдар және ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады.
Сессияның жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.»;
7) 11-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ассамблеяның жұмысы туралы, оның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы есептерді дайындау;»;
8) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ассамблеяның жұмысы туралы, оның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы есептерді тыңдайды және бекітеді;»;
9) 16-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттік ұлттық» деген сөздер «қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 27-і.
№ 361-V