I. Егіншілік өсімдік шаруашылығы, орман және су шаруашылықтары салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын мынадай 11 бағытта жүргізу, соның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Клеткалық және гендік инженерия әдістерінің негізінде жаңа биотехнологияларды, молекулярлық биология және т.б. пайдаланып, әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімді сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. 2. Осы заманғы ақпараттық технологияларды қолданып дақылдарды егетін жаңа экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз ылғалресурссақтағыш технологияларды әзірлеу. 3. Жаңа биотехнология әдістерімен карантиндік түрлерін жою және оқшаулау шараларын қолданып, дақылдарды зиянкес организмдерден сақтаудың биологиялық тәсілдерін жетілдіру. 4. Негізгі өзен бассейні мен кіші өзендердің су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сызбаларын әзірлеу; трансшекаралық су ағынын оңтайлы басқару методологиялық негіздерін әзірлеу. 5. Республикалық орман экожүйелерінің қазіргі заманғы жай-күйінің орман және экологиялық бағалауын жүргізу, орман шаруашылығына экономикалық негіздерді енгізуді әзірлеу. 6 жалғасатын бағытта: 1. Ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың гендік қорын сақтау, қалыптастыру, толықтыру, зерделеу, сақтауын ұйымдастыру және деректердің банкін құру. 2. Дәстүрлік селекция негізінде әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімділік сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. 3. Қазіргі заманға сай және жаңа технологияларды жетілдіру және әзірлеу арқылы өсімдік шаруашылығын диверсификациялау және жер құнарлылығын теориялық негізде ұдайы өндіру арқылы экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз ылғал-ресурс сақтау технологияларымен ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру. 4. Республиканың әрбір агроэкологиялық аумағында кездесетін зиянды организмдердің түр құрамын, экологиялық өзгешеліктерін зерделеу және олардың зияндылығын анықтау; шаруашылықты жүргізудің жаңа қалыптарына өтуге байланысты агроэкожүйелердің фитосанитарлық тұрақтылығын жоғарылату мақсатында теориялық негіздерін әзірлеу. 5. Су шаруашылығын оңтайлы басқару үшін методологиялық негіздерін әзірлеу; суландыру жүйесінде суару және су тарату, механикалық құрылғыларын, машиналарын, техникалық жабдықтарын, технологияларын және су көтеру техникасын автоматтандыру. 6. Орман шаруашылығы мен қорғалатын орман өсіру, ормантану және орманды жаңадан өндіру теориялық негіздерін жетілдіру және оларды техникамен қамтамасыз ету. ІІ. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және сақтау салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын мынадай 6 негізгі бағытта жүргізу, сонымен бірге: 2 жаңа бағытта: 1. Экологиялық қауіпсіз ресурс сақтау биотехнологиясын және қоршаған ортаны сақтау үшін микроорганизмдер- дің гендік қорын қалыптастыру және сақтау. 2. Пайдалануға дайын жоғары дәрежелі азық өнімін және азық қосымшаларын құру. 4 жалғасатын бағытта: 1. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін микроорганизмдердің гендік қорын қалыптастыру және сақтау; 2. Өсімдік, жануар текті мал шаруашылығын шикізаттарын қайта өңдеу және сақтау үшін қазіргі заман технологияларын және технологиялық жабдықтарын жетілдіру. 3. Әр түрлі ауыл шаруашылық малдар, құстар және балықтар түрлеріне арналған құрама азық және азықтық қоспаларды өндіру үшін тиімді технологияларды әзірлеу. 4. Жағдайы төмен халықтың тобына, оның ішінде балалар мен экологиясы қолайсыз аудандардың тұрғындарына арналған жаппай пайдалануда және емдеу-сақтандыру бағытында ұлттық өнімдерді және жаңа ұрпақ үшін таза, құнарлы азық-түліктерді жасау. III. Мал шаруашылығы және медициналық ветеринария саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын мынадай 7 негізгі бағыт бойынша жүргізу, сонымен бірге: 5 жаңа бағытта: 1. Иммуногенетикалық мониторингті пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы малдарының популяциясының және тұқымдарының генетикалық құрылымын иммуногенетикалық талдау тәсілдері арқылы зерттеу. 2. Ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың аз және құрып бара жатқан түрлерін, тұқымдарын, сүлелерін, желілерін және кросстарының биоматериалдарын (эмбриондар мен гаметалар) банктерін жасау және жоғары өнімді, аса құнды генотиптерін жеделдетіп шығарудың мал өсіру бағытындағы биотехнологиясын жетілдіру. 3. Иммунологиялық және эпизоотологиялық мониторинг әдістемелерін әзірлеу және емдеу-профилактикалық, диагностикалық вакциналарды жасау, ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарының генетикалық және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу. 4. Тиімді терапевтикалық, емдеу-профилактикалық және дезинвазия құралдарын жаңа дәрілердің формалары мен препараттарын жетілдіру арқылы, сонымен қатар жергілікті өсімдіктер мен минералдарды пайдалану негізінде әзірлеу. Ауыл шаруашылығы малдарының және құстардың инфекциялық, жұқпалы және жұқпайтын ауруларының диагностикалық, профилактикалық және терапиялық биопрепараттарын алудың биотехнологиялық әдістемелерін әзірлеу. 2 жалғасатын бағытта: 1. Отандық және әлемдік генофондты пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы малдарының, құстардың және балықтардың жаңа тұқымдарын, сүлелерін, желілерін, кросстарын шығару және бар малдардың асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыруды жетілдіру. 2. Экологиялық таза сиыр, қой, жылқы және шошқа еттерін өндірудің прогрессивтік технологиясын әзірлеу негізінде жергілікті аймақтарға қолайлы күтіп баптау және азықтандыруды ескере отырып оңтайлы технологиясын шығару. IV. Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында қолданбалы ғылыми және тәжірибе- конструкторлық зерттеулерді 3 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, соның ішінде: 1 жаңа бағытта: 1. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, ескірген тетіктерін қалпына келтіру және технологиялық қызмет көрсету үшін наноматериалдар пайдалану арқылы жаңа ресурс үнемдейтін технологиялар мен құралдарды әзірлеу. 2 жалғасатын бағыттар: 1. Егіншілік және мал шаруашылығы салаларында баптау және малды ұстау жүйесінің аймақтық жағдайына қарап ресурс үнемдеу және бәсекелестікке төтеп бере алатын технологиялар және машиналар жүйесін әзірлеу, соның ішінде қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу; шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарды энергия және сумен жабдықтау, еңбек және материалдық шығындарды үнемдейтін құралдарды әзірлеу. 2. Республикалық әрқилы жер-климаттық жағдайына қарай отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік сынау, сертификациялау және ұсыныстар әзірлеу. V. Ауыл шаруашылығы экономикасы саласында қолданбалы ғылыми-зерттеулерді 5 негізгі бағыттар бойынша жүргізу, соның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. 2015 жылға дейін АӨҚ тұрақты дамуы үшін еліміздің аймақтарында жинақты шаралар әзірлеу. 2. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде аумақтық-салалық кластерлерді ұйымдастыру экономикалық негіздерін қалыптастыру. 3 жалғасатын бағыттар: 1. Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық бағыттарын, қайта өңдеу жүйесінің және оның салаларының материалдық-техникалық жабдықтау мен қызмет көрсетудің ғылыми негіздерін әзірлеу. 2. Агроөнеркәсіптік кешенінің көп сатылы экономика жағдайында, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік құрылымдарын кооперациялау және интеграциялау, жерді нарық кезеңінде ұқыпты пайдаланудың тиімділігінің экономикалық механизмін әзірлеу. 3. Ауыл тұрғындарының өмір сапасының индикаторларын қалыптастыру, ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек қатынастарын, ауыл халқын оңтайлы орналастыру және жұмыспен қамтудың ғылыми негіздерін әзірлеу. |