2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
101-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 7184343 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен төрт миллион үш жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешен, орман, су және балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: реттеуші салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, құжаттардың түрлерін әзірлеу және бекіту, қалыптастыру және іске асыру; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарын өндіруді құрудың негізін жасау; Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/c | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Агроөнеркәсіп кешен саласындағы орман, су және балық шаруашылығы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу; эпизоотикалық мониторингті, диагностиканы және ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды жүргізу; карантинге жатқызылған өнімге импорттық карантиндік рұқсаттар беру; өсімдіктерді қорғау және карантин саласында мониторингті жүргізу және бақылау; Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың реттелетін сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында бақылау объекттеріне бару; ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарды бақылауды жүзеге асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру; орман және аңшылық шаруашылығы бойынша бақылау; тракторларды мемлекеттік тіркеуді, техникалық тексеруді, емтихандар қабылдауды және тракторларды басқару құқығына куәлік беруді жүргізу; су қорын қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, балық шаруашылығын жүргізу және балық қорын және басқа да су жануарларын өсіру және пайдалану. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай он тақырып бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті сатып алу: 1) өсімдіктерді қорғау және карантин; 2) ветеринария; 3) техникалық инспекция; 4) тұқымдық және астық инспекциялау; 5) мал тұқымын асылдандыру ісі; 6) балық шаруашылығы; 7) орман шаруашылығы; 8) су шаруашылығы; 9) ауыл шаруашылығына ақпаратты-маркетингтік қызмет көрсету; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану. Мемлекеттік тілді оқыту. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Ғимараттарды, имараттарды, күрделі жөндеу жүргізу: Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы (05.12.2006 жылғы № 22-417/06 мемлекеттік сараптама); Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясының әкімшілік ғимараты (08.08.2006 жылғы № 19/316-2006 мемлекеттік сараптама); Балық шаруашылығы комитеті, сонымен бірге: Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы (08.05.2007 жылғы № 19/192-2007 мемлекеттік сараптама); Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облыс аралық бассейіндік басқармасы: Балқаш балық шаруашылығы инспекциясы (02.08.2005 жылғы № 20-274/2005 мемлекеттік сараптама); Қаратал балық шаруашылығы инспекциясы (01.08.2005 жылғы № 20-273/2005 мемлекеттік сараптама); Алакөл балық шаруашылығы инспекциясы (02.08.2005 жылғы № 20-274/2005 мемлекеттік сараптама); Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Орал-Каспий облыс аралық бассейндік басқармасы, сонымен бірге: Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласының балық инспекциясы (25.04.2007 жылғы № 11-191/07 мемлекеттік сараптама); Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы (20.04.2007 жылғы № 15-160/2007 мемлекеттік сараптама); Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сонымен бірге: Талдықорған қаласындағы Алматы аумақтық басқармасы (12.04.2007 жылғы № 20-180/2007 мемлекеттік сараптама); Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы (21.03.2006 жылғы № 18-107/2006 мемлекеттік сараптама); Қостанай аумақтық басқармасы (30.01.2007 жылғы № 14-18/07 мемлекеттік сараптама); Ақтөбе аумақтық басқармасы (27.04.2007 жылғы № 6-204/07 мемлекеттік сараптама). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Уәкілетті органның агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласында ары қарай қызмет істеуі үшін материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Телекоммуникациялық қызметтер көрсету. Ақпарат жүйелерін және оқшау мәселелерді қолдау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне техникалық көмек және веб-сайтты жаңарту; техникалық көмек және экономиканың аграрлық секторында электрондық сауда саттық жүйесін қолдау; техникалық көмек және Бірыңғай автоматтандырылған жүйені қолдау және АӨК «E-Agriculture» салаларды басқару. Оқшау есептеу желісіне, желілік жабдықтардың және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орталық аппараты мен орман және аңшылық шаруашылығы комитетінде жүйелі қызмет көрсету; Компьютерлік, перифериялық, оргтехникалық жабдықтарға, сонымен бірге картридж жөндеу және бояу құю, қосалқы бөлшектер және шығыс материалдарын жеткізуді қоса техникалық қызмет көрсету; Есептеу техникаларын сатып алу, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл министрлігінің Мемлекеттік инспекция жөніндегі комитеттің облыстық, қалалық, аудандық, аумақтық инспекцияларында құрылымдылық кабельдік желілер орнату: 1С: бухгалтерияны қолдау және пайдалану; «ЦИФС» акционерлік қоғамы бағдарламалық өнімдерін қолдау. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру - 745 адам, сонымен қатар аумақтық органдарда - 125 адам, мемлекеттік тілді оқыту - 515 адам, сонымен қатар аумақтық органдарда - 435 адам.
Түпкілікті нәтиже: бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін жасау, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеруге жұмсалатын орташа шығын - 32 639 мың теңге.
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 47 216 мың теңге.
Уақыттылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау және жасасқан шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімді ескере отырып іс-шараларды толық көлемде 100% сапалы орындау; кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
102-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 175929 мың теңге (бір жүз жетпіс бес миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 95, 135-баптары; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: суармалы жерлерге және жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріне, жерді қалпына келтіру мен су ресурстарын басқару жобасына мониторинг, Қазақстан Республикасының суармалы жерлерінің мелиориативтік жай-күйін бағалау, гидромелиоративтік және су шаруашылығына бағытталған жобалау-іздестіру жұмыстарына әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту | | | |
2 | | 100 | Гидрогеология- мелиоративтік экспедициялар | Штаттық саны 92 адам болатын «Жетісу гидрогеологиялық-ме- лиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемесін мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу бірге Алматы облысында 662000 гектар, Жамбыл облысында 38000 гектар, жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы объектілерінде 21332 гектар, сонымен бірге: Жетісу (басты) экспедициясында -13495 гектар; Солтүстік бөлімде - 7837 гектар; жер асты сулардың деңгейлік-тұздық режиміне тұрақты гидрогеологиялық стационарлық бақылаулар - 8400 өлшеу; коллекторлық кәріздік су ағымына гидрогеологиялық бақылау 550 өлшеу; ұңғымаларды ағымдағы жөндеу 490 ұңғыма; 6800 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық талдаулар - 5000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық деректерін құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу. Аспаптар мен жабдықтар сатып алу. Штаттық саны - 85 адам болатын «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемесін мынадай жұмыстар жүргізу үшін ұстау: 621900 гектар суармалы жерде (сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 516300 гектар және Жамбыл облысы бойынша - 105600 гектар) және жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріндегі 9937 гектарға және су ресурстарын басқару және жерлерді қалпына келтіру жобасының 39300 гектар алаңында агромелиоративтік зерттеу жүргізу; 30472 өлшеу-жер асты суларының деңгейлік-тұздық режиміне тұрақты гидрогеологиялық стационарлық бақылаулар; 2168 өлшеу коллекторлық-кәріздік су ағынына гидрогеологиялық бақылау; ұңғымаларды ағымдағы жөндеуге - 155 ұңғыма; 20000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық талдаулар - 7607 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық деректерін құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу. Аспаптар сатып алу. Штаттық саны - 50 адам болатын «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемесін мынандай жұмыстар жүргізу үшін ұстау: 300000 гектар суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу және жобаның объектілерінде 1034 гектар жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру; жер асты сулардың деңгейлік-тұздық режиміне тұрақты гидрогеологиялық стационарлық бақылаулар - 10000 өлшеу; коллекторлық-кәріздік су ағымына гидрогеологиялық бақылау 200 өлшеу; ұңғымаларды ағымдағы жөндеуге - 143 ұңғыма; 2000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лабораториялық талдаулар - 3000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картографиялық материалдарын құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу. Лабораториялық құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету - 1С: Бухгалтерия сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | «Қазагромелиосу шаруашылығы» республикалық әдістемелік орталығы | Штаттық саны 23 адам болатын «Қазагромелиосушар» Республикалық әдістемелік орталық мемлекеттік мекемесін мынандай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: жобалау-іздестіру жұмыстарын республикалық бірыңғай нормативтік-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету және әзірлеу; гидромелиоративтік және су шаруашылығына арналған жобаларды бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу; гидромелиоративті және су шаруашылығына арналған жобаларды сараптау және қорытындысын беру; өңірлік жобалау-іздестіру кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру; су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіруге инвестиция тарту. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы алаңы 1621900 гектар жерге жүргізілген іс шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі туралы ақпарат алынады, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау жөніндегі нұсқаулар мен іс-шаралар әзірленеді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау-іздестіру жұмыстарына нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу және бекіту.
Мемлекеттік мекемелер жарақтандырылатын болады: Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 10 бірлік құрылғылар мен жабдықтармен; Оңтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: топырақ өлшейтін 1 жиынтық құрылғымен; Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 2 бірлік лабораториялық жабдықпен - (топырақ үлгілерін ұсақтағыш (ИИП-1), лазерлік центтрирмен электронды тахометр (ТС 403,3)), бағдарламалық қамтамасыз ету - 1С: Бухгалтерия.
Түпкілікті нәтиже: жердің, суармалы судың ұтымды және тиімді пайдаланылуы, тұзданудың, сортаңданудың, суландыру эрозиясы дамуының және топырақ құнарлылығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарының тиімді және сапалы орындалуы, келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз етілуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 (бір) гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 97,4 теңге/гектар. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 миллион теңге. (Есеп материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алынбай жүргізілген).
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну.
Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайын ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өсімдіктерді қорғау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3326913 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республика аумағында фитосанитариялық жағдайға жүйелі түрде бақылау жүргізу; ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдары мен пайдаланатын жер үшін аса қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін төмендету; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Өсімдіктерді қорғау | | | |
2 | | 100 | Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу | 3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда химиялық өңдеуді қамтамасыз ететін, республикада қолдану үшін тіркелген пестицидтер сатып алу, соның ішінде пестицидтердің қорын сатып алу. Арнайы автокөлікпен белгіленген жерге пестицидтерді, оның ішінде пестицидтердің қорын жеткізу. Тиісті жағдайларда сатып алынатын пестицидтерді, оның ішінде пестицидтердің қорын сақтау. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде анықталған зиянкестер мен ауруларға қарсы шамамен 3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда биологиялық тиімділігі 80-85 % болатын химиялық өңдеулер жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Фито-санитариялық диагностика және болжамдау республикалық әдістемелік орталығы | 1 143 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау. Шамамен 105,0 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің қоныстануына (залалдануына); 9,2 миллион гектар алаңда зиянды организмдерінің пайда болуына, дамуына және таралуына оның ішінде: 4,8 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянды жәндіктердің пайда болуына, дамуына және таралуына; 1,9 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының пайда болуына, дамуына және таралуына; 2,5 миллион гектар алаңда арам шөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу. Автокөлік құралдарын, лабораториялық жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, кеңселік жиһаз, зерттеу құрылғылары мен жабдықтарды сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 105,0 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау; 9,2 миллион гектар алаңда зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу; Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығын: 26 бірлік - автокөлік құралдарымен, 78 бірлік - лабораториялық жабдықтармен, 106 бірлік - ұйымдастыру техникасымен, 26 жинақтама - кеңселік жиһаздармен, 176 бірлік - шегіртке тәрізділерді табуға арналған аспаптармен, 174 бірлік - палаткамен, 199 бірлік - сейфпен, 100 бірлік - цифрлы фотоаппаратпен, 100 бірлік - энтомологиялық сөмкемен жарақтандыру.
3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу.
Түпкілікті нәтиже: ерекше қауіпті зиянды организмдердің қоныстанғаны анықталған алаңдармен салыстырғандағы химиялық өңдеулермен қамту алаңдарының пайызы: ерекше қауіпті зиянкестер бойынша - 100%; бидайдың аурулары (тат және септориоз) бойынша - 42%.
3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде бақылау және зертеу жүргізудің 1 гектар жалпы шығыны - 9,89 теңге; ауыл шаруашылығы дақылдарының және алқаптардың 1 гектар ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жүргізуге жалпы шығыны - 868,0 теңге.
Уақыттылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімде жүргізілген химиялық өңдеулердің пайызы - 100%.
Сапасы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің уақтылығы мен сапасына қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайызы - 80 % жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өсімдіктер карантині»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 979604 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс тоғыз миллион алты жүз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.