2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 23 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1 , 2 , 3 , 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
1-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1458777 мың теңге (бір миллиард төрт жүз елу сегіз миллион жеті жүз жетпіс жеті мың теңге)
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту жөніндегі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың конституциялық қағидаларын, қазақстандық патриотизмді өмірге енгізу және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетігі мен тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;
3) республика Президентінің шешімдерін мүлтіксіз, егжей-тегжейлі әрі уақтылы орындау;
4) республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жай-күйі туралы уақтылы әрі толық хабардар ету;
5) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаларын "Байқоңыр" кешенінде орналасқан қазақстандық мемлекеттік билік органдарының іске асыруы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
7) "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекет басшы- сының қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мемлекет Басшысының қатысуымен елде және шетелде өтетін іс-шараларды дайындау мен өткізу; мемлекет Басшысының жергілікті өкілді органдармен, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; мемлекет Басшысы актілерінің, Жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуді, шығаруды және жариялауды қамтамасыз ету; мемлекет Басшысы актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау мен тексеруді қамтамасыз ету; елдегі және шетелдегі ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік-эко- номикалық жағдайға талдау жасау; ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау; Президент Әкімшілігінің саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; "Қазақстан-2030"» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын, Президенттің Қазақстан халқын жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізу; бірқатар Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру: "Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген; "Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру ісін дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген; "2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Прези- дентінің Әкімші- лігі |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының) біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді жеті тақырып бойынша сатып алу: 1) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет; 2) экономика; 3) ақпараттық технологиялар; 4) мемлекет және құқық; 5) әлеуметтік саясат; 6) электрондық құжат айналымы; 7) құжаттардың құндылығына сараптама жасау және мұрағатты жинақтау. Мемлекеттік тілге және ағылшын тіліне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Президен- тінің Әкімшілі- гі |
4 | ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
5 | ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
6 | | 100 | "Бай- оңыр" ғарыш айлағын- дағы арнайы өкіл- діктің аппараты | Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенін пайдаланудың негізгі қағидаттары мен талаптары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімді, Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және "Бай- қоңыр" ғарыш айлағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бөлігіндегі 1994 жылғы 10 желтоқсандағы жалдау шарттары мен қосымша келісімдер шартын іске асыру. | қаңтар-ақпан | Қазақстан Респу- бликасы Президен- тінің "Бай- қоңыр" кешенін- дегі арнаулы өкілі |
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін толығымен қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;
- бір мемлекеттік инспектордың жылына 7 іссапарда болуы (16 адам);
- 25 адамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының 11 қызметкері);
- 165 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 24 адамды ағылшын тіліне оқыту;
Түпкі нәтиже:
- елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешімдер қабылдауға тарту, атқарушылық билік жүйесін орталықтан алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- экономиканың индустриялық-инновациялық дамуы, кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы әрі қол жетімді білім беру, денсаулық сақтау;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлі этностық топтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келісім;
- өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 45,0 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 35,0 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 30,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға және қойылған міндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды 100 пайыз сапалы және уақтылы орындау. Кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайларға орай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен; ағылшын тілін оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызға ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 33,1 пайызға жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
2-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 103309 мың теңге (бір жүз үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі № 977 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы басшылығының республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының түрлі салаларында шешімдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектілерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әзірлеу және негіздеу үшін баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауіпсіздігі саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу;
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегі және шектес өңірлердегі әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;
- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;
- экологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Мемле- кеттің ішкі және сыртқы саяса- тының страте- гиялық аспек- тілерін болжамды -талда- малық қамта- масыз ету | 1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аспектілері шеңберінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ету, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының геосаяси ортасы мен сыртқы саясатының негізгі стратегиялық аспектілері саласында: - Қазақстанның айналасындағы елдердің (ҚХР, РФ, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан) ішкі саяси, әлеуметтік-экономика- лық даму проблемаларын зерделеу; - Қазақстанның РФ-мен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Түркиямен, ЕО елдерімен, ТМД мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынас- тарын талдау; - орталық Азия аймағындағы жалпы жағдайға сыртқы саяси мониторинг; - аймақтық интеграцияның ерекшеліктерін, аймақтық қауіпсіздік проблемаларын және т.б. зерттеу. Қазіргі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік үдерістер саласында: - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси мониторингі; - республикадағы ішкі саяси және әлеуметтік үдерістердің дамуын талдау және болжау; - Қазақстандағы көші-қон үдерістеріне талдау және т.б. Экономикалық қауіпсіздік саласында: - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу; - әлемдік экономиканың даму үрдістерін зерттеу және олардың Қазақстан экономикасына әсерін талдау; - ғаламдану проблемаларын және олардың Қазақстанға әсерін зерттеу; - республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мониторинг және т.б. 2. Халықаралық, қоғамдық және саяси ұйымдармен тақырыптық конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу. 3. Қазақстан Республикасының және оның саяси көшбасшысының ел ішіндегі, сонымен қатар шетелдегі де жағымды бедел-бейнесін насихаттау және қолдау үшін халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен байланыстар ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 4. Ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында шетелдерге қызметтік іссапарлар мен тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру, сондай-ақ Институттың шетелдік жетекші ғылыми-талдау құрылымдарымен байланыстарын тереңдету. 5. ҚСЗИ-дың жұмыс жоспарына сай елден тыс жеке зерттеулер жүргізу мақсатында тәжірибе алмасуларды ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, шетелдің жетекші ғылыми-талдау құрылымдары өкілдерімен ғылыми байланыстарды кеңейту және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету. 6. Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан үрдістерден эмпирикалық мәліметтер алу үшін социология- лық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру және олардың негізінде қажетті болжама-талдау материалдарын дайындау. 7. Төрт мерзімді басылымды: "Казахстан-Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін жалғыз сараптамалық басылым) (4 санын), "Қоғам және Дәуір" (аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардың, Қазақстан дамуының экономикалық және ішкі саяси мәселелері мен бүгінгі күннің тарихи-философиялық және мәдени өзекті мәселелеріне арналған) (4 санын) шығару; - 6 монография мен 6 кітапшаны басып шығару. 8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үздіксіз орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша тауарлар алу қажет, байланыспен, көлікпен, басқада қызметтер мен жұмыстармен қамтамасыз ету қажет, құрал жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстап тұру, жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, сонымен қатар негізгі құралдарға қатысты тауарларды сатып алу: компьютерлер, кондиционерлер, серверлер, принтерлер, синхронды аударма құралдары, сондай-ақ Xerox 6250 № Imaging unit лазерлі принтеріне қосымша жабдықтар алу қажет. | Жыл бойына | Қазақстан Респу- бликасы- ның Прези- денті жанындағы Қазақстан страте- гиялық зерттеу- лер институты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясаты салалары аспектісінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар қамтылған (ҚСЗИ жоспарына сай) ғылыми-талдау зерттеулерін орындау;
- келесі тақырыптар бойынша шамамен 4 ірі халықаралық конференция өткізу: "Қазақстанның саяси-партиялық жүйесінің даму болашағы", "Қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша VI жыл сайынғы Алматы конференциясы "Аймақтық интеграцияның жаңа кезеңіндегі Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік", "Орталықазия бағытындағы ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметі (ОДКБ): ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы", "Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастары: мәселелері мен даму жолы";
- елден тысқары 4 іссапарды ұйымдастыру: Бельгия Корольдігі, Брюссель қ-сы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қ-сы; ҚХР, Пекин қ-сы, АҚШ, Нью-Йорк қ-сы;
- елден тысқары 4 тәжірибе алмасуды ұйымдастыру: Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қаласы; Франция, Париж қаласы; Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы;
- келесі тақырыптар бойынша 4 социологиялық зерттеулер жүргізу: "Қазақстан Республикасы тұрғындарының көше-қон әлеуеті", "Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің бәсекелестігін арттыру мәселелері", "Тұрғындардың Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы саясатына және аймақтағы жағдайға көзқарастары", "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси қатерлер";
- жүргізілген зерттеулерді сараптамалық баяндамалар, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, яғни 6 кітапша, 6 кітап (1-ішкі саясат мәселелері, 3-сыртқы саясат мәселелері, 2-экономикалық саясат мәселелері). Басылымдар Қазақстан дамуының өзекті проблемаларын көрсететін болады;
- төрт мерзімді басылым шығару: "Казахстан - Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін жалғыз сараптамалық басылым) (4 санын), "Қоғам және Дәуір" (аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардың, Қазақстан дамуының экономикалық және ішкі саяси мәселелері мен бүгінгі күннің тарихи-философиялық және мәдени өзекті мәселелеріне арналған) (4 санын), 6 монография және 6 кітапша шығару;
- ҚСЗИ қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсарту және бөлмелерді жабдықтау мақсатында 5 компьютер, 4 кондиционер, 1 сервер, 1 принтер, синхронды ілеспе аударма құралы және Хеrох 6250 N Imaging unit түрлі түсті лазерлі принтеріне қосымша сатып алу.
Түпкі нәтиже:
- ұлттық қауіпсіздіктің жағдайына әсер ететін бірқатар маңызды үрдістерді тереңінен түсінуге қол жеткізу және ел
басшылығы үшін тиісті болжамалық тұжырымдар мен нақты ұсыныстар дайындау;
- мерзімінде өзекті мәселелер бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар өткізу арқылы әлемдік қауымдастықтың ішкі саяси және экономикалық даму, халықаралық, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша шұғыл және нақты ақпаратпен алмасу мақсатында қор құру;
- халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыстар ұйымдастыру арқылы мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясатын болжама-талдаумен қамтамасыз ету мақсатында методологиялық және ақпараттық қорды толықтыру;
- Институттың ғылыми қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және жетекші шетелдік ғылыми-талдау құрылымдарымен сындарлы байланыстар орнату және оны одан әрі дамыту мақсатында шетелдерге ғылыми іссапарлар мен қызметкерлердің тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру арқылы қор құру;
- білікті ғылыми кадрлар даярлауда республиканың жетекші ЖОО-ның студенттерін дипломалды тәжірибеден өтулерін ұйымдастыру арқылы ықпал ету.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
- журналдарды, монографияларды және кітапшаларды басып шығару бойынша бір полиграфиялық қызметтің жылдық орташа құны 240,5 мың теңге;
- бір социологиялық зерттеудің орташа құны 1 250,0 мың теңге;
- бір халықаралық конференцияның орташа құны 199,0 мың теңге.
Мерзімділігі мен сапасы:
- тиісті кезеңде қарастырылған жоспарға сай шараларды 100 пайызға сапалы және мерзімінде ұйымдастыру, сондай-ақ жоспардан тыс шараларды, зерттеулерді және т.б. елдегі жағдайдың дамуына байланысты орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
3-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 149005 мың теңге (бір жүз қырық тоғыз миллион бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 Өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде тұрақты мемлекеттік сақтауды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын, мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
- мұрағатты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;
- мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;
- мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;
- құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;
- мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мұрағат қорының, баспа басылым- дарының сақтал- уын қамта- масыз ету және оларды арнайы пайда- лану | 1) Қазақстанның жаңа тарихын зерделеу үшін зерттеушілерге деректемелік құжаттық базаны кеңейту мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізіп, істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау. 2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жақсарту үшін: - ерекше құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру үшін микрофотокөшірме жасау; - қабылданған істерді тігу және түптеу, құжаттардың беттерін қалпына келтіру, құжаттардың нашар көрінетін мәтіндерін компьютерлік графикамен қайта жасау; - микрофильмдер мен қағаздағы құжаттарға цифрлау жүргізу. 3) Азаматтардың, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін: - тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау; - зерттеушілерге оқу залына қажетті құжаттар беру. 4) Мұрағаттық ақпаратты іздестіруді жақсарту үшін: - "Электрондық мұрағат" және "Электрондық құжат айналымы мұрағаттық технологияларын" енгізуді жүргізу; - мұрағат қорларына каталог пен ғылыми анықтамалық аппаратты жетілдіруді жүргізу. 5) Тарихи-мұрағат мұрасын танымал етуге және ғылыми айналымға жаңа фактологиялық материалды енгізу үшін мақалалар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеп, тарихи-құжат- тамалық көрмелер өткізу. 6) Бақылауды қамтамасыз ету үшін мұрағаттың мекемелерінде - жинақтау көздерінде мұрағаттардың құжаттандырылуы және ведомстволық сақталуы жағдайын тексеру. 7) Мұрағат басшының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Президен- тінің мұрағаты |