Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 763 Қаулысы
(2014.24.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 372-1 қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақта:
5-бағанда реттік нөмірлері 2, 3-жолдардағы «Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |