Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы
саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Өкімі
Осы редакция 2008 жылғы 17 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі заңды тұлғалар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 31 мамырдағы
№ 147-ө өкімімен
бкітілген
Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған
электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орында- луына жауап- тылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімдерін бекіту | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы маусым |
2 | Қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің, сондай-ақ әр объектінің құрылыс көлемін және болжалды мерзімін көрсете отырып, жаңа энерге- тикалық объектілер құрылысының тізбесін дайындау | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ, ЭБЖМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша), энергия кәсіп- орындары | 2007 жылғы маусым |
3 | Электр энергетикасы саласының инвестиция- лық тартымдылығын арттыру мақсатында Салық кодексіне, Жер кодексіне, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомство- аралық комиссияға ұсыныс | ЭМРМ, Әділет- мині, ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ТМРА, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы маусым |
4 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі №384 қаулысына өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМРМ (жинақтау), ЭБЖМ, ИСМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылғы маусым |
5 | Қазақстан Республи- касының Үкіметі мен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары және тиісті жылға арналған экономика- лық көрсеткіштердің болжамы туралы жыл сайынғы бірлескен мәлімдемесінің құра- мында қабылдау мақсатында электр энергиясын өндіруге, тасымалдауға және тұтынушыларға жеткізуге арналған бағаның болжамды деңгейін әзірлеу | ЭБЖМ-ға ұсыныс | ЭМРМ, ИСМ, ТМРА, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылғы қаңтар |
6 | Іске асырылуы мемлекеттің қолдауымен (республикалық және жергілікті бюджет- терден қаржыландыру, мемлекеттік кепілдік- тер мен кепілгерлік) жүзеге асырылатын, қайта құруға және салынуға тиісті электр энергетикасы объектілерінің тізбесін дайындау | Объекті- лерді қайта құруды және салуды мемлекет- тік қолдау мәселесін белгілен- ген тәртіппен РБК-ның қарауына кейіннен енгізуге арналған объекті- лердің тізбесі | ЭМРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, облыстар- дың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша), энерге- тикалық кәсіп- орындар | 2007 жылғы маусым |
7 | Қазақстан Республикасының тұтынушыларын Жамбыл МАЭС-тің қол жетімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы-ның Үкіметіне ұсыныс | ЭМРМ (жинақтау), ЭБЖМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы маусым |
8 | Энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды институцио- налдық күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу | Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсыныс | ЭМРМ, ЭБЖМ, Әділетмині | 2007 жылғы маусым |
9 | Жаңа қуаттарды қосуды ескере отырып, электр және жылу желілерін дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу | Әкімдік- тердің қаулысы | Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері, ЭМРМ, ТМРА | 2007 жылғы шілде |
10 | «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ жылумен жабдықтау мәселелері жөніндегі басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу | Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомство- аралық комиссияға ұсыныс | ЭМРМ, ЭБЖМ, Әділет- мині, ИСМ, ТМРА, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007-2008 жылдар |
11 | «Самұрық Энерго» АҚ генерациялайтын компаниясын құру жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы желтоқсан |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
«Самұрық» АҚ - Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы