3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi заңдарда көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурстық басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторлардың мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыларда туындаса немесе мәмілелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік енгізілмейді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетінің конкурстық басқарушымен келісімі арқылы айқындалған сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.
2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешек төртiншi кезекте өтеледi.
6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi
1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімiмен заңдарға қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс. Кредитордың белгіленген мерзімде жазбаша келісімін ұсынбауы мүлікті заттай алудан бас тартуы деп танылады.
2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi.
3. Конкурстық басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредиторлар тарату балансын бекiткенге дейiн конкурстық басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекітілгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады.
5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар тізілімге енгізілгенге дейін тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс.
6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.
Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа 70 жасқа жеткенге дейiн, бiрақ 10 жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпістен асса, онда тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жыл болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады.
3. Банкроттың мүлкі жетіспеуіне байланысты бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары азаматтық заңдарда белгіленген тәртіппен өтеледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 78-бап жаңа редакцияда; 08.04.04 ж. № 542-II (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен
оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары (айыппұлдар, өсімпұлдар, индекстеу және басқа) кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған алименттер және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 79-бап жаңа редакцияда
79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен
оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi.
2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi.
3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 81-бап өзгертілді
81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.
2. Бесiншi кезектегi кредиторлардың зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу жөніндегі талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға тиiс.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 82 - бап өзгертілді
82-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерiнiң
өкiлдiгi
1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен сайланған өкiл конкурс жүргiзу кезеңiнде өзiне осы Заңмен берiлген кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкiл өзiн сайлаған жиналыстың (конференцияның) алдында кредиторлардың тiзiлiміндегі еңбекке ақы төлеу мен оларды қараудың нәтижелерi бойынша бекітілген талаптардың нәтижелерi жөнiнде есеп бередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 83 - бап өзгертілді
83-бап. Борышкер мүлкiнiң құнын бағалау
1. Конкурстық басқарушы тарату барысында тиiстi мамандарды конкурстық негізде тарту арқылы борышкердiң мүлкiне (активтерiне), дебиторлық берешегiн қоса алғанда, бағалау жүргiзедi. Бағалаушыны тарту үшін қаражат жетіспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен мүлікті баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.
2. Кредиторлардың талаптары борышкердiң осы баптың 1-тармағына сәйкес бағаланған:
1) заңдарға сәйкес айналымнан алынған мүлкiнен:
2) борышкерге меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы тиесiлi емес мүлiктен басқа барлық мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 84 - бап өзгертілді
84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргізу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
Сауда-саттық жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi тиiстi кезектегi өз талаптарына толық көлемде қанағаттана алмаған кредиторларға, олардың келісімiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ;01.07.98 ж. № 256-1; Заңдарымен 85-бап өзгертілді
85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн
қалған мүлiк
1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурстық басқарушы заңдарға немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi.
2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер, азаматтық заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 86 - бап өзгертілді
86-бап. Банкротты қарыздан босату
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
2. Егер банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезге дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 87 - бап өзгертілді
87-бап. Конкурстық басқарушының есебi
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Сот конкурстық басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен үзінді көшірме жібереді.
Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиіс. Конкурстық басқарушы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау
3. Бұл туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiне жазба енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 89-бап өзгертілді
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері
2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 89 - бап өзгертілді
89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы
1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.
2. Сот іс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкінің меншік иесіне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.
90-бап. Соттың iстi қарауы
1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 91-бап өзгертiлдi
91-бап. Борышкердi тарату тәртібі
Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурстық басқарушысы жүзеге асырады.
ҚР 2001.07.11 ж. № 239-II Заңымен 92-бап өзгертілді
92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының
салдары
1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртібімен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiне жазба енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де заң актілеріне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша
банкроттығы
1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы таратудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара)
Заңдарымен 94-бап өзгертiлдi
94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы
1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
2. Iс қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде келмеген борышкердi сот банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енгiзiлген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген ережелер бойынша кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртібі туралы жарияланым шығарады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс қозғау жөнінде хабарландыруды борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 95-бап өзгертiлдi
95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекітілген кезге дейiн өз талаптарын конкурстық басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы есепті сотқа табыс етеді.
Конкурстық басқарушының есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Борышкер конкурстық басқарушының есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.
4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкілдік етуге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тізілімі мен қорытынды есептің жасалуын ұйымдастырады.
Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
8-тарау. Соттан тыс тарату рәсімдері
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 96-бап өзгертiлдi
96-бап. Соттан тыс рәсiм
1. Соттан тыс тарату рәсiмi дәрменсiз борышкердi кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен таратуға мүмкiндiк беретiн әдiс болып табылады.
2. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне борышкер немесе борышкердiң кредиторы борышкерге қатысты соттан тыс тарату рәсiмiн қолдану туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беру арқылы бастамашылық жасауы мүмкiн.
3. Дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн өткізу туралы шешiмдi осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган кредиторлар комитетімен және борышкермен келісе отырып қабылдайды.
3-1. Борышкерді соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган қызметі осы Заңмен реттелетін конкурстық басқарушыны тағайындайды.
4. Соттан тыс тарату рәсiмiн өткізуге байланысты шығыстары конкурстық iс жүргiзудiң әкiмшiлiк шығындарына жатады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертiлдi
97-бап. Кредиторлар комитетi
1. Дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдау, оны өткізуге бақылауды қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган борышкер ұсынған кандидатуралар арасынан осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады және бекітеді.