2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11) тармақша өзгертілді
11) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктерінің мемлекеттiң байланысты гранттары мен активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылуының тиiмдiлiгiне және нәтижелiлiгiне баға бередi;
13) мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
14) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша өзi белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және алады;
15) төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын бақылауға қатысады;
16) iшкi бақылау қызметтерi бар мемлекеттік органдардан қажеттi ақпарат алады;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
17) бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тартады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша толықтырылды
18) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түскен, өздерiнiң иелігінде қалатын ақшаларды пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысады;
19) iшкi бақылау қызметтерiнiң бақылау актілеріне талдау жасайды және олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныс бередi;
20) нормативтiк құқықтық базаны және iшкi бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлейдi;
21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
141-бап. Iшкi бақылау қызметi
1. Iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орталық мемлекеттік орган басшысының шешiмiмен құрылады.
Iшкi бақылау қызметiн құруға рұқсат берiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Iшкi бақылау қызметi орталық мемлекеттік органның басшысына есеп бередi, мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен ұйымдастыру және функционалдық жағынан тәуелсiз болады.
3. Iшкi бақылау қызметi:
1) бақылау жоспарын жасайды;
2) орталық мемлекеттік органның басшысына iшкi бақылау жүргiзу жоспарының орындалуы жөнiнде есептi табыс етедi.
4. Iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттік орган iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға бақылау жоспарларын, олардың орындалуы туралы есептердi және iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерiн ол белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша табыс етедi.
Iшкi бақылау жүргiзу жоспарлары туралы есептер мен ақпаратты табыс ету туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттік құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.
5. Iшкi бақылау қызметi:
1) мемлекеттік органда және оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында iшкi бақылау жүргiзуге;
2) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органнан консультациялар алуға құқылы.
31-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері
мен органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының
өзара іс-қимылы
142-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi басшысының құқықтары мен мiндеттерi
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң басшысы:
1) бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсыныстарын бiлуге;
2) тиiсiнше Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының тапсырмасын, iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығын табыс етпеген мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн бақылауға жiбермеуге;
3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда он күн мерзiмде бақылау жүргiзген мемлекеттік қаржылық бақылау органына немесе мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау актiсiне қарсылық жiберуге;
4) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органының, мәслихаттың тексеру комиссиясының iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң басшысы:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының, iшкi бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерiн, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерiн бақылау жұмысын жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге және оның анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн дербес жауапкершiлiкте болуға;
3) мемлекеттік қаржылық бақылау органы, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекеттерiне араласпауға, оларды шатастырмауға, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмеуге және бақылау ауқымын шектемеуге;
4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы уақтылы есеп табыс етiп отыруға;
5) жүргiзiлген бақылау нәтижелерi бар актiнi таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзiмде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қоюға мiндеттi.
143-бап. Мемлекеттік органдар мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзара iс-қимылы
1. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жоспарлары мен актілерін жiбередi.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары бақылау актiсi мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижелерiн өзара таниды, келісілген мерзiмде тексерiлген объектiлер және тақырыптық бақылаумен қамтылған бағдарламалар туралы ақпарат алмасады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары кешендi бақылауды жиi дегенде жылына бiр рет және кем дегенде екi жылда бiр рет жүргiзедi.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары және iшкi бақылау қызметтерi келісім бойынша бiрлескен бақылау қызметiн жүзеге асыра алады.
144-бап. Мүдделер қақтығысы
1. Мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерiнiң, олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектей алатын қызмет немесе қатынастар.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметтерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты, сенім бiлдiрiлген адамы болып табылатын;
2) бақылау объектiсiнiң онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;
3) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген не тексерiлетiн кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім бiлдiрiлген адамы болып табылатын қызметкерлерi мен мүшелерiне бақылау жүргiзу тыйым салынады.
3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметiнiң қызметкерлерi бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесi тексеру комиссиясының төрағасына хабарлауға тиiс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органының, iшкi бақылау қызметiнiң қызметкерiне, мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесiне жүктеледi.
145-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi, мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының, мәслихаттар тексеру комиссиялары мүшелерiнiң жауапкершiлігі
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, iшкі бақылау қызметтерiнiң қызметкерлерi, мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерi бақылау актiсiнде жазылған мәлiметтердiң анықтығы, объективтiлiгi және толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, iшкi бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдарына, тексеру комиссиясының мүшелерiне өз құзыреттерiне сәйкес олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына, бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегі кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 145-1-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
145-1-бап. Қаржылық бұзушылықтардың түрлерi
Қаржылық бұзушылықтарға:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану;
4) бюджетке түсетін түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау, аудармау;
5) бюджеттік есеп жүргізу, есептілік жасау және табыс ету ережелерін бұзу;
6) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу жатады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 145-2-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
145-2-бап. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептілік
1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы бірыңғай есептіліктің құрылымы осы Кодекстің 145-1-бабында белгіленген, анықталған қаржылық бұзушылықтардың түрлеріне сәйкес қалыптастырылады.
2. Қаржылық бұзушылықтардың белгілі бір түрлерін бірнеше мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есептілігінде көрсетуге жол берілмейді.
Осы мақсатта мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүргізген сыртқы және ішкі бақылау нәтижелері бірыңғай ақпараттық жүйеде есепке алынады.
3. Статистика жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген есептілік нысандарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.
146-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкi бақылау қызметтерi, мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалына алады.
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар
32-тарау. Бюджеттік инвестицияларды
жоспарлау мен жүзеге асыру
147-бап. Бюджеттік инвестицияларды сыныптау
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды (бұдан әрi - бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) iске асыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) анықтау өлшемдерi мыналар:
1) меншiк түрi бойынша өлшемдер - бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк құқығына (республикалық немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жоба ретiнде айқындайтын өлшем;
2) пайда алушылар бойынша өлшемдер - егер бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болса, бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) - республикалық, ал егер бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болса, оны жергiлiктi деп тануды айқындайтын өлшем.
4. Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) республикалық деп айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) орталық мемлекеттік органдар iске асырады және олар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
7. Жергілiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады және олар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
8. Басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн келiсудi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарлары шеңберiнде жүзеге асырады.
148-бап. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен жүзеге асыру принциптерi
1. Бюджеттік инвестициялар:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жоспарлау жүйесіндегі барлық бағдарламалық және жоспарлау құжаттарының тұрақтылығы мен өзара толықтырылуы;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар шешiмдерiнiң қабылданған мемлекеттік инвестициялық саясатқа дәйектiлiгi және сәйкестiгi принциптерiне сәйкес жоспарланады және жүзеге асырылады.
2006.05.07 № 165-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік инвестицияларды бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру арқылы жоспарлау және жүзеге асыру тәртібi осы Кодекстiң 149-152-баптарына сәйкес айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу сатысында инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің құрамында бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) бюджетті әзірлеу сатысында басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және бекіту.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жоспарлау мен жүзеге асыру тәртібі осы Кодекстiң 153-бабымен айқындалады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 149-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
149-бап. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу
1. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік іс-шаралардың тізбесіне кіреді.
2. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар салалық сараптамадан өткізілуге жатады.
4. Уәкілетті органдар:
саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын анықтауды;
жоба мақсаттарының республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді даму бағдарламаларында, жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына, сондай-ақ саладағы қазіргі бар проблемалардың шешілуіне сәйкестігін;
жобаның мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын;
жоба іске асырылған және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды;
жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді бағалау жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін жауапты болады.
5. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі құрамында белгілейді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 150-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесін қалыптастыру тәртібi
1. Мыналар:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар;
бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің болуы;
бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
бюджет комиссиясының шешімдері бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі шығындар мен пайданы экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда көзделген, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған жағдайда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу шеңберінде жүргізілген экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган жүргізген сараптама қорытындысының негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың), сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит беру есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін, сондай-ақ экономикалық сараптаманың қорытындысында бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер еткен тәуекелдерді бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
13. Тиісті мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
14. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді, оған жасалған экономикалық сараптаманың оң қорытындысын талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар негізінде және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелері болған кезде қалыптастырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесіне енгізіледі.
151-бап. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру
1. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Бірыңғай техникалық өлшемдері бар инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша үлгі жоба әзірлеу жүзеге асырылады.
Үлгі жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс ісі жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шарттардың негiзiнде түзетiлуге жатады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы