Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет
көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 Қаулысы
(2007.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын.
8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң
медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету саласындағы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің сапасы бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ азаматтарға медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасына кепілдіктерді қамтамасыз ету, меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттің облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлімшелері болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5. Комитеттiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітедi.
6. Комитеттiң зиянды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрістер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мыналар бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бақылау және қадағалау функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарға сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, көлемі мен қол жетімділігін бақылауды қамтамасыз ету;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау практикасына алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізуді бақылауды қамтамасыз ету;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеудегі сырқаттарға дәрілік заттардың тағайындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) мыналар бойынша медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі атқару функциялары:
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру;
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін аттестаттауды жүргізу;
республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті жүзеге асыру;
медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру үшін емтихандар өткізу;
медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
адамның органдарын (олардың бөліктерін) және тіндерін әкелу мен әкетуді келісу;
көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесін айқындау;
көрсетілген медициналық көмектің сапасы мәселелері бойынша азаматтардың шағымдарын қарау;
11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыреті шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жетiлдiру, тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың даму жоспарларын, өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) өз құзыреті шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) медициналық қызмет көрсету сапаны сараптау саласында бәсекенi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) медициналық қызмет көрсету аясындағы бақылау саласында бағдарламаларды әзірлеу үшiн ұсыныстар енгiзуге, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, сондай-ақ ауруханаiшiлiк менеджмент бағдарламаларын әзiрлеуге қатысуға және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмдiлігін бағалауға;
5) денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды әзiрлеуге;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) денсаулық сақтау субъектілері заңды талаптарды орындамаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа шағымдануға;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлік денсаулық сақтау субъектілеріне жазалар қолдануға;
8) Комитеттің құзыретi шеңберiнде кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар және медициналық қызметтiң сапасын жетілдiруге бағытталған басқа да іс-шаралар өткiзуге;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) қажет болған кезде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне сараптама жүргізуге, аккредиттеуге, аттестаттауға, лицензиялауға және денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуге тарту үшiн қоғамдық үкiметтiк емес ұйымдар (медициналық ұйымдар қауымдастықтары, дәрiгерлердiң, емделушілердiң кәсiптiк қауымдастықтары) желiсiн дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
10) Комитеттiң жанынан консультативтік-кеңесшi органдар мен сараптау комиссияларын құруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
13. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен мүлікке билiк етедi.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
16. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауап бередi.
17. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы:
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Комитеттің төрағасы орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
4) сала мамандарын азаматтардың денсаулығын сақтау iсiнде ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынады;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18. Комитет төрағасы және аумақтық бөлімшелердің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен құрылымы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет
көрсету саласындағы бақылау комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Аккредиттеу және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
1) Ұйымдастыру-ақпараттық жұмыс бөлімі
2) Лицензиялау, аккредиттеу, аттестаттау және құқықтық жұмыс бөлімi
3. Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдіснама және бақылау басқармасы
1) Медициналық қызмет көрсету саласындағы талдау мен бақылау бөлімі
2) Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдіснама бөлімi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінiң Ақмола облыстық басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Ақтөбе облыстық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Алматы облыстық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Атырау облыстық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінiң Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнің Жамбыл облыстық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Қарағанды облыстық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Қостанай облыстық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Қызылорда облыстық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Маңғыстау облыстық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Павлодар облыстық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы.