төрелiк құрам немесе төрелiк iс қарау рәсiмi тараптардың келісімiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегенiнiң дәлелдемесiн сотқа табыс етсе;
2) сот төрелiктiң шешiмi Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн немесе төрелiктiң шешiмi шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
426-бап. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану
Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін мынадай шешімдері:
1) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қозғайтын;
2) егер неке бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы;
3) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері Қазақстан Республикасында танылады.
2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен 45-1-тараумен толықтырылды
45-1-тарау. Төрелiктiң шешiмдерiне шағым жасау туралы
iстер бойынша iс жүргiзу
426-1-бап. Өтiнiм беру
Төрелiкте iс қарау тараптары, iске қатысуға тартылмаған, бiрақ өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне қатысты төрелiк шешiм қабылдаған үшінші тұлғалар төрелiк шешiмiнiң күшiн жою туралы өтiнiштi дауды қараған жердегi сотқа, бұл өтiнiштi мәлiмдеуші тарап төрелiк шешiмдi алған күнiнен бастап үш ай iшiнде беруi мүмкiн.
426-2-бап. Өтiнiштi қарау
1. Сот төрелiктiң шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiштi он күн iшiнде қарайды.
2. Сот төрелiктің шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша төрелiк шешiмiнiң күшiн жою туралы не өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен қосымшамен толықтырылды
Қосымша
Атқару құжаттары бойынша өндіріп алуды қолдануға болмайтын
мүліктердің тізбесi
Борышкерге меншік құқығы негізінде тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлестері болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы тұлғаларға қажетті мүліктердің мына түрлеріне атқару құжаттары бойынша өндіріп алуды қолдануға болмайды:
1. Yй жасауының заттары, аспаптар, киім-кешектер:
а) аң терісі және басқа да бағалы киім-кешектерді қоспағанда (егер ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ету үшін оны алмастыра алатын өзге киім-кешек бар болса), пайдаланылып жүрген киім-кешек, аяқ киім, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ас үй және асхана аспаптары, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар асхана сервиздері, заттары;
б) борышкерге және оның отбасы мүшелеріне қажеттігі шамалы жиhаз (әрбір адамға бір төсек пен бір орындықтан, отбасына бір үстел, бір шкаф және бір сандық);
в) балаларға арналған барлық керек-жарақтар.
2. Егер борышкердің негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшін жаңа астыққа дейін қажет көлемдегі тағам өнімдері, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті сандағы үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тағам өнімдері және жалпы сомасы жалақының ең төменгі мөлшеріне тең немесе одан аз мөлшердегі ақша.
3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
4. Борышкер соттың үкімімен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердің кәсіби қызметін жалғастыруына қажетті құрал-сайман (оның ішінде оқу құралдары мен кітаптар).
5. Мүгедектердің жүріп-тұруына әдейі арналған көлік құралдары.
6. Борышкер наградталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де жүлделер.