3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;
4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.
365-бап. Материалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
Материалдық құқық нормалары, егер сот:
1) қолданылуға тиісті заңды қолданбаса;
2) қолданылмауға тиісті заңды қолданса;
3) заңды дұрыс түсіндірмесе;
4) заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
366-бап. Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмауы
1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларда, егер:
1) істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;
2) сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;
3) істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;
4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;
5) шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;
6) істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;
7) істе осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекетінің хаттамасы болмағанда шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс.
2. Басқа да іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс.
367-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы шешімнің күшін жою
Осы Кодекстің 247, 249-баптарында аталған негіздер бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы сот шешімінің күші апелляциялық тәртіппен жойылуға тиіс.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 368-бап жаңа редакцияда
368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшiне енуi
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.
369-бап. Істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару
Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 42-тарау алып тасталды
42-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
43-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 384-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 384 - бап жаңа редакцияда
384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жататын сот
актілерi
1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
1) бірінші сатыдағы соттың шешімдері;
2) апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;
3) бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары;
4) істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұйғарымдарды (қаулыларды) қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
3. Заңды күшіне енген, талап сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты шешімдер, ұйғарымдар (қаулылар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.
11.07.01 ж. № 238-II ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 385-бап өзгертілді
385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар
1. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар iске басқа да қатысушылар iстi қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкiлеттi сотқа тiкелей шағымдана алады.
2. Заңды күшiне енген сот актiсiне:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына;
3) облыстардың прокурорлары мен соларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оларға теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.
3. Наразылық осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өз бастамалары бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінімі бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтінім наразылыққа қоса тіркеледі.
4. Шағымды, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны қадағалау тәртібімен істі қараушы сотқа тиісінше арыз беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Наразылықты жоғары тұрған прокурордың да кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Қадағалау шағым мен наразылығын кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.
4-1. 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы Кодекстің 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады. Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстің 387-бабында көзделген істі қадағалау тәртібімен қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 386-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 386-бап жаңа редакцияда
386-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар
1. Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы:
1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, прокурор наразылықтары бойынша істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына;
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 384-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.
387-бап. Істерді талап етудің және заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың себептері мен негіздері
1. Қадағалау тәртібімен азаматтық істі осы бапта белгіленген себептер мен негіздер болған жағдайда ғана осы Кодекстің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және осы Кодекстің 393-бабында аталған судьялар тиісті соттан тексеру үшін талап етуі мүмкін.
2. Осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың шағымдары, өтінімдері, сол сияқты осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады.
3. Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.
4. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 388-бап өзгертілді
388-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру мерзімдері
1. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, осы Кодекстің 387-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.
3. Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуге тиіс.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 389-бап өзгертілді
389-бап. Наразылық келтіру
1. Осы Кодекстің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурор себептер мен негіздер болған жағдайда наразылық келтіріп, оны іспен және өтініммен бірге тиісті сотқа жібереді.
2. Наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы адамдарға наразылық келтiрген прокурор жiбередi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 390-бап өзгертілді
390-бап. Наразылықтың мазмұны
Наразылықта:
1) наразылық келтіріп отырған соттың атауы болуға;
2) наразылық келтіріп отырған сот актілері көрсетілуге;
3) сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуға;
4) материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, немесе заңсыз сот актісінің шығарылуына әкеп соққан, іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде екені, не сот актісі шығарылғанда негізге алынған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы көрсетілуге;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы болуға тиіс.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 391-бап өзгертілді
391-бап. Қадағалау шағымының (қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімнің) мазмұны
1. Қадағалау шағымында (қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімде):
1) шағым (өтінім) жолданатын лауазымды адамның аты-жөні;
2) шағым (өтінім) беруші тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан орны және істегі іс жүргізу жағдайы болуға;
3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны көрсетілуге, сондай-ақ тұрғылықты жерін немесе орналасқан орны көрсетіле отырып іске қатысушы тұлғалар аталуға;
4) істі бірінші, апелляциялық сатыларды қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны көрсетілуге;
5) шағым жасалып отырған, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілуге;
6) сот қаулысының заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екені және шағым (өтінім) беруші тұлғаның не өтінетіні көрсетілуге тиіс.
2. Егер сот шешіміне немесе ұйғарымына апелляциялық тәртіппен шағым жасалмаса, шағымда (өтінімде) оған шағым жасалмау себептері көрсетілуге тиіс.
3. Егер қадағалау шағымын (өтінімін) іске қатыспаған тұлға берсе, онда шағым жасалып отырған шешім, ұйғарым, қаулы бұл тұлғаның қандай құқықтарын бұзғаны көрсетілуге тиіс.
4. Егер қадағалау шағымы (өтінімі) бұдан бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.
5. Қадағалау шағымына (өтініміне) шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген қадағалау шағымына (өтініміне) сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуге тиіс.
6. Шағымға (өтінімге) іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот куәландырған көшірмелері, сондай-ақ төменгі саты шағымды қадағалау тәртібімен қараса, оның шешімі қоса тіркелуге тиіс.
2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 392-бап жаңа редакцияда
392-бап. Қадағалау шағымын (өтінімді) немесе прокурор
наразылығын қайтару
1. Қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 390, 391-баптарының талаптарына сай келмесе;
2) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы заңды күшіне енген осы сот актісіне осы Кодекстің 385-бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берілсе;
3) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 388-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;
4) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесін бұза отырып берілсе;
6) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 384-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
2. Қадағалау шағымын (өтінімді) немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайтадан беруге болады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 393-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 393-бап жаңа редакцияда
393-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс сұратылуы мүмкін.
2. Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Қадағалау шағымы алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ шағым берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғауға негіз бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 394-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 394-бап жаңа редакцияда
394-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын шешімдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша сот:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын азаматтық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
4) қадағалау шағымының авторы;
5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер;
6) қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс;
7) қаулының қарар бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 395-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 395-бап жаңа редакцияда
395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым жасалған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы сот қаулысын алғаннан
кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмелерін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 396-бап өзгертілді; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 396-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 396-бап өзгертілді
396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде қадағалау тәртібімен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 397-бап өзгертілді
397-бап. Істі қарау шектері
1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, қадағалау шағымы немесе наразылық шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25-29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.
11.07.01 ж. № 238-II ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 398-бап өзгертілді
398-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысындағы соттың шешімдері
1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.
2. Мәлімделген қарсылықтар мен өтінімдер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші қадағалау шағымын (наразылығын) берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
3. Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді.
Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.
4. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
1-1) осы Кодекстің 387-бабында көзделген негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;
2) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
3) бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
4) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
5) бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 399-бап өзгертілді
399-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны
1. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндiруге құқылы.
400-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшіне енуі
Қадағалау сатысындағы сот қаулылары олар қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді.
401-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот нұсқауларының міндеттілігі
1. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттың шешімнің, қаулының күшін жою туралы, соның ішінде заңды түсіндіру туралы қаулыда баяндалған нұсқаулары сол істі қайта қараушы сот үшін міндетті болып табылады.
2. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттың қаулыда анықталмаған не ол бекерге шығарған мән-жайларды анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге, белгілі бір дәлелдеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден артықшылығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі және істі жаңадан қарау кезінде қандай қаулы қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ.
402-бап. 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау
1. Қадағалау тәртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.
2. Алдындағы апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына шағым, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін.
44-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен
қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
қайта қарау жөнінде іс жүргізу
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 404-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
404-бап. Қайта қарау негіздері
Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:
1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;