Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 635 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы |
болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары |
болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы; |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; |
көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы, Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |