Уақыттылығы: осы бағдарламада көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: республика тұрғындарын жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық жеміс дақылдары мен жүзімнің қайта өңдеу өнімдерінің құрамы мен ассортиментін арттыру арқылы олардың бәсеке қабілеттілігін жақсарту.
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеруді субсидиялау:
Тікелей нәтиже: 280,0-300,0 мың тонна көлемде құрама жемнің, құнарлы жемді қоса алғандағы құнын субсидиялау; теңестірілген азықтандыру шегі арқылы ауыл шаруашылық малдары мен құстарының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыру;
мал шаруашылығы өнімінің импорттық үлесін төмендету (сиыр еті, шошқа еті, құс еті және сүт);
ішкі рынокты жоғары сапалы отандық өндірістен өндірілген сиыр етімен, шошқа етімен, қой етімен, құс етімен және сүт өнімдерімен толықтырылуы.
Түпкілікті нәтиже: отандық ірі мамандандырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірісін сиыр етін - 17,5 мың тоннаға дейін, шошқа етін - 20,6 мың тонна, қой етін - 6,4 тонна, құс етін - 72,6 мың тоннаға дейін ұлғайту.
Ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру: ірі қара мал (сүтті бағыттағы 3-5 %, етті бағыттағы 10 %), шошқа 15 %, қой 4 %, құстар 20 %) азықтандыру жағдайының, күтіп бағу және ұстауды жақсартуына байланысты.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: құрама жемнің, құнарлы жемді қоса алғандағы құнын уақтылы арзандатуды жүргізу нәтижесінде сиыр етінің, шошқа етінің, қой етінің, құс етінің және сүт өнімінің отандық өндірісі ұлғаяды, ішкі рынокта өнімнің импорттық үлесі азаяды, ауыл шаруашылығы өнімділігі өседі.
Уақыттылығы: осы кіші бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар белгіленген уақытта орындалады.
Сапасы: малды және құсты бордақылау және күтіп бағу, азықтандыру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету, сапалылығын арттыру салдарынан ішкі рынокта отандық еттің бәсекеге қабілеттілігі арта түседі.
Тұтынушы жоғарғы сапалы сиыр етін, шошқа етін, қой етін, құс етін және сүт өнімдерін сатып ала алады.
Қазақстанның мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізуге:
Тікелей нәтиже: республикада өндірілетін мақта талшығының сапасын 682,0 мың сынамаға дейінгі көлемде объективті түрде бума бойынша сараптама жасауды қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже:
мақта талшығын тиімді кешенді түрде талдау;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қорғау, олардың табыстарын өсіру;
өсірілген мақтаға одан әрі экспортқа шығару үшін оңтайлы баға;
«әділетті» бағаны белгілеу есебінен мақта саласының табысын және бюджетке салықтық түсімдерді арттыру;
қазақстандық тоқыма өндірісінің беделін арттыру және тоқыма өнімдерін әлемдік нарыққа шығару;
мақтаның шынайы сапасы туралы нақты ақпарат;
бүкіл әлем бойынша өлшемнің сәйкестілігіне, дәлдігіне және тұрақтылығына кепіл беретін мақта талшығының сапасын бағалау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын 5 %-ға дейін арттыру;
мақта талшығын экспортқа шығарған жағдайда ысырапты 7,0-8,4 миллион АҚШ долларына азайту.
Уақыттылығы: осы бағдарламамен көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізу бойынша халықаралық талаптарға сәйкес қызметтер көрсету;
қазақстандық мақта талшығын кешенді, объективті және тәуелсіз талдауды қамтамасыз ету;
қажетті сапа көрсеткіштерімен талшық бумасын дәл таңдап алу есебінен тоқыма фабрикалары өндіретін тауарлардың сапасын арттыру;
көрсетілген бағдарламаға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шектеусіз қатысуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
110-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау
жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1761364 мың теңге (бір миллиард жеті жүз алпыс бір миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеткілікті көлемде, сапалы ауыз суына тұрғындардың қолын жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, аса маңызды сумен жабдықтау топтық жүйелерінен ауыз су беруде көрсетілген қызметтердің құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Көкшетау өнеркәсіптік су құбыры, Нұра, Белағаш, Орда, Каменск, Сырым, Шыңғырлау, Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов, Преснов, Бозой, Арыс, Шәуілдір, Сарыағаш, Жиделі, Октябрь, Арал-Сарыбұлақ, Қазба-Ақшымырау-Қызан, Жетеш-Тұщыбұлақ-Шебір, Бесқұдық-Бекін, Ақжігіт-Майлин, Атырау-Мақат Индер-Миялы, Миялы-Жангелді-Жас-қайрат, Құлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Ақ-кигізтоғай, Қоянды, Ұзынкөл, Лихачев, Есіл, Владыкинский, Железнодорожный, Смирнов топтық су құбырлары бойынша және Қаныш Сәтпаев атындағы канал бойынша ауыз су беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің құнын субсидиялаудың дифференцияланған мөлшері бойынша арзандату. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр-лігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: субсидиялаудың дифференцияланған мөлшерлері бойынша саны жағынан 355 және 40 126,25 мың текше метр көлемдегі елді мекенді қамти отырып, ауыз суды үздіксіз беру.
Түпкілікті нәтиже: Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл және қала тұрғындарын қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы баға бойынша).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыз судың бір текше метрінің нақты құны төмендейді, 2008 жылдың орташа арзандатылған тарифі орта есеппен 43,89 теңге/м3 құрайды.
Уақыттылығы: ауыз су беруде қызметтердің құнын су беру кестесіне сәйкес субсидиялау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының 12 облысының тұрғындары үшін ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату, республикалық топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы 4,33 % құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
111-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ветеринарлық зертханалар объектілерін дамыту»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8, 10, 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомствалық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың ветеринариялық зертханаларын, ғимараттарын және қосалқы бөлмелерін және олардың материалдық-техникалық жабдықталу жағдайын халықаралық нормалар талаптарына, стандарттарына және Дүниежүзілік сауда ұйымының ұсыныстарына сәйкес келтіру. Диагноз қою, алдын алу және жою шараларын жүргізу арқылы, құстар, жануарлар және адамдарға ортақ аурудан барлық жануарлар әлемін және Қазақстан азаматтарын қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ветеринариялық лабораториялар мен объектілерді салу, қайта жаңғырту, ветеринариялық лабораторияларды материалды-техникалық жарақтандыру және білікті мамандарды даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Ветеринарлық зертханалар объектілерін дамыту | Белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру: Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық ветеринариялық зертхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына арналған бір тұрпаттағы модульдік облыстық және/немесе аудандық ветеринариялық зертханаларды вивариімен салу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жануарларына арналған вивариімен бір тұрпаттағы модульді облыстық және/немесе аудандық ветеринариялық зертханалардың құрылысы.
Түпкілікті нәтиже: 2009 жылдың соңына дейін ветеринариялық зертханалар объектілерін салуды аяқтау (11 тұрпатты модульді облыстық және 115 бірдей тұрпаттағы модульді аудандық ветеринариялық зертханаларды жануарларға арналған вивариімен), халықаралық стандарттарға сәйкес микроорганизмдер дақылдары үшін биоқойма құрылысы, ғимараттарды және қосалқы бөлмелерді қайта жаңарту, лабораториялық жабдықтармен материалдық-техникалық жабдықтау, ветеринариялық зертхана мамандарын жоғарғы технологиялық зертханалық жабдықтармен жұмыс істеуге оқыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2009 жылда күтіледі.
Уақыттылығы: жұмыстар кестесінің жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
112-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-фаза)»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38801 мың теңге (отыз сегіз миллион сегіз жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы»Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең) жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 195 Жарлығы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны әлеуметтік бағалауды жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-фаза) | | | |
2 | | 006 | Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономика- лық негіздемесін әзірлеуге келісім- шарттар құнының бір бөлігін төлеу. Операциялық шығындарды қоса 2 адамнан тұратын жобаны басқару бойынша жергілікті консультанттардың қызметін төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Грант есебінен | «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келісімшарттар құнының бір бөлігін төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бір техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» кең ауқымды жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін алу (жобаның соңында).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Арал өңіріндегі 600 мың адамның тұрмысын жақсартуға бір техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
Уақыттылығы: жұмысты 100 пайыз орындау.
Сапасы: техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
113-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 449759 мың теңге (төрт жүз қырық тоғыз миллион жеті жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-бабы; «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 204 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикамыздың ауыл шаруашылығы өндірісіне ауыл шаруашылығы өсімдіктердің отандық және шетел селекциясының жаңа жоғары өнімді сорттарын енгізу. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіске Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымын пайдалануы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өнімді және сапасы жөнінен бағалы сорттарды анықтау, селекциялық жетістіктің патенттік қабілеті мен шаруашылықтық пайдалылығы шарттарына сәйкестігі туралы қорытынды беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу | Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізбесіне табылған сапасы жағынан өнімді сорттарды енгізу мақсатымен 6550-ге дейін сорт сынау өткізумен 115 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша сапасы бойынша бағалы және өнімді сорттарды анықтау үшін 16000 гектар алқапта агротехникалық іс-шараларды кешенді өткізу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының патенттік қабілеті мен шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сорт сынауды жүргізу үшін штат саны 37 адамнан тұратын «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия» мемлекеттік мекемесін, штат саны 212 адамнан тұратын ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу жөніндегі 12 облыстық және 3 өңірлік инспектураларды ұстау. Барлық агротехникалық жұмыстарды толық көлемде орындау үшін селекциялық комбайндарды, тіркемелі құралдарды және басқада жабдықтарды сатып алу. Отандық және шетел селекциялы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жаңа жоғары өнімді сорттарын табу әдістерін жетілдіру және ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зертханалық талдаулар өткізу деңгейін көтеру мақсатында сыналатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарының сапасын бағалау жөніндегі зертханаларды жарақтау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне ең өнімді және сапалы сорттарды енгізу мақсатымен 115 ауыл шаруашылық дақылдары бойынша барлығы 890 сорт сынақтан өтеді; ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі аймақтық және облыстық инспектуралар мен Мемлекеттік комиссия мемлекеттік мекемесін жарақтау: селекциялық комбайн (Винтерштайгер) - 5 дана, тіркеме құралдары: сепкіш СТС-2 - 5 бірлік, қопсытқыш КРНВ-4,2 - 3 бірлік, арба 2ПТС-4 - 4 бірлік, компьютерлер - 2 дана, көшірме аппараты - 2 бірлік, зертханалық жиһаз - 17 дана, өлшейтін құралдар - 2 дана, сапаны анықтайтын құрал - 29 дана, тазалайтын құралдар - 3 дана, кептіретін құралдар - 2 дана, диірмен - 4 дана, автокөлік ГАЗ - 1 дана.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау нәтижелері бойынша 50 сортқа дейін өндіріске жіберіліп, республика облыстарында аудандастырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдарының 1 сорт тәжірибеге жұмсалатын жалпы шығындар 17400 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын пайдаланудың үлес салмағы кемінде 85% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
114-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 238978 мың теңге (екі жүз отыз сегіз миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдағы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, қаржылық қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық қаржылық кеңесшілік қызметке қол жеткізетін ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын ұлғайту, ауылдық аудандардағы азаматтардың барлығын сапалы ауыл шаруашылығы саласындағы консультациямен қамтамасыз ету; лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктерде оқытылған кредиттік офицерлердің пайызын барынша ұлғайту; ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін дамыту; коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығы инвестицияларын бағалау жөніндегі функционалдық мүмкіндіктерін нығайту; микроқаржылық ұйымдарды институционалды дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Ауылдық қаржылық қызмет жүйесін құру компоненті бойынша техникалық көмек беру, облыстық және аудандық деңгейдегі консультанттарды оқыту үшін консалтингтік компаниясының, 3 ұлттық консультанттардың және 1 аудармашының консультациялық қызмет көрсетуіне арналған шығыстар; Ауыл шаруашылығы және бағалық тәуекелді басқару жөніндегі консалтингтік компаниялардың консультациялық қызмет көрсетуіне арналған шығыстар; Ауылдық инвестициялық жобаларды кредиттеу мәселелері бойынша 2-ші деңгейдегі банктердің облыстық және аудандық бөлімшелерінің кредиттік қызметшілерін оқыту үшін консалтингтік компанияның және 2 халықаралық консультанттың консультациялық қызмет көрсетуіне арналған шығыстар. Шағын қаржыландыру компоненті: шеңбері аясында іріктеп алынатын шағын қаржылық ұйымдардың функционалдық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында 2 халықаралық консультанттың қызметтеріне; жаңа өнімдерді дамытуға 2 халықаралық консультанттың қызметтеріне; банктермен байланысты дамытуға 1 халықаралық консультанттың қызметтеріне; Қазақстан Шағын Қаражаттық Ұйымдар Қауымдастығының консультациялық қызметтерін сатып алуға. Жоба мониторингі және бағалау жөніндегі халықаралық консультант қызметтерін сатып алуға. Жобаны іске асыру тобының 5 жергілікті адамнан тұратын консультанттарының қызмет көрсетулеріне қоса операциялық шығыстарын төлеу. Агрометеостанциялар үшін 40 жинақтама жабдық сатып алу. Кредиттік желілерге қызмет көрсету бойынша банк қызметтеріне төлеу. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді сатып алу жөнінде конкурстар өткізу туралы хабарландыруларға ақы төлеу. Лизинг компанияларының аудитіне. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі |