6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей және лизинг негізіндегі несиелерді қатысушы екінші дәрежедегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы бөлу лайықты қаржыландыру саласында жоба шеңберінде. Шағын несиелендіру тетігі мен жүйесін әзірлеу арқылы ауылдағы шағын кәсіпкерлерге және шағын тауар өндірушілерге шағын несиелер бөлу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей және лизинг негізіндегі несиелерді қатысушы екінші дәрежедегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы бөлу, лайықты қаржыландыру саласында жоба шеңберінде. Шағын несиелендіру тәтігі мен жүйесін әзірлеу арқылы ауылдағы шағын кәсіпкерлерге және шағын тауар өндірушілерге шағын несиелер бөлу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 607 329 мың теңге сомасына тікелей несиелер, шағын несиелер және лизинг негізінде несиелер беру.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық несиелер жүйесін дамыту, шағын қаржыландырудың тұрақты жүйесін дамыту арқылы ауыл тұрғындарының, шағын шаруа қожалықтарын айналым қаржыларын толықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл тұрғындарына, шаруа қожалықтарына, өңдеуші кәсіпорындарға, және орта кәсіпорындар мен бизнес өкілдеріне, екінші деңгейдегі банктер, лизинг компаниялары беретін несиелердің жалпы көлемін арттыру.
Уақыттылығы: соңғы қарыз алушылардың қосалқы жобаларын уақытылы қаржыландыру.
Сапасы: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші деңгейдегі банктер мақұлдаған несиелер алу мақсатындағы тапсырыстарын толық көлемде қанағаттандыру, ауылдағы шағын қаржыландыруды жүйесін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
143-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 448570 мың теңге (төрт жүз қырық сегіз миллион бес жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқарушылық шешім қабылдау және бизнесті дамыту үшін қазіргі заманғы, біріктірілген және жоғары тиімді ақпаратты ортаны ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның барлық аумағын қамтитын саланың ауқымды желісін құру және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны енгізу есебінен, агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйін сипаттайтын жедел ақпарат іс жинаудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
- мемлекеттік электронды қызметке және агроөнеркәсіп кешеннің ақпараттық инфрақұрылымына ауыл тұрғындарының қолы жетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласының бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін қолданушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында ақпарат алудың және пайдалану жүйесі ретінде мақсатты топтарын ақпараттық ресурстарын ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
- аграрлық нарықтың дамуын талдау және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқару органдары, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері және ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «E-Agriculture» агроонеркәсіптік кешені салаларын басқарудың Бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру: «E-Agriculture» агроөнеркәсіп кешенін салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің 2 кезектегі кіші жүйесін әзірлеу және дамыту; жүйені енгізу мен көбейтіп тарату; жүйенің пайдаланушылары мен әкімшілерін оқыту; қойылған міндеттерді шешу үшін есептеуіш техника құралдарын, желілік және телекомуникациялық құралдарды, пайдаланушылар лицензиясын және бағдарламамен қамтамасыз ету үшін сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларында - «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің 2 кезектегі кіші жүйесінің енгізілуі.
Түпкілікті нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2007 жылмен салыстырғанда азық-түлік нарығында тауар айналымының оңтайлы өсу динамикасы; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімді тасымалдау кезінде жұмсайтын жалпы шығынының 1,5-2%-ға төмендеуі.
Уақыттылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында Іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде орындалуы.
Сапасы: агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ басқару барысында қабылданатын шешімдердің сапалылығы және жеделдігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
144-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарының ұлттық қоймасын салу»
деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылық өсімдіктер және жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсірудің, көбейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін жасау, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыл шаруашылық өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу | Құрылыс аумағын ағаштардан босату, құнарлы қабатын алу және сақтау; заңнама тәртібімен бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес кешеннің бірінші құрылыс кезеңін салу (2007 жылғы 30 шілдедегі № 2-377/07 «Мемлекеттік экспертиза» Республи- калық мемлекеттік кәсіпорнының қорытындысы): негізгі корпус лабораторияларымен, өсімдіктер мен жануарлардың ұлттық гендік қорының сыртқы инженерлік жүйелерін құру; объектілердің технологиялық қолдауын сүйемелдеу; авторлық қадағалау; техникалық қадағалау. Жасалған жұмыстардың қабылдауын жүргізу. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дайындық жұмыстары (құрылыс аумағын ағаштардан босату, құнарлы қабатын алу және сақтау; уақытша ғимарат пен құрылыстарын құру), негізгі корпус лабораториялары мен сыртқы инженерлік жүйелердің құрылыстары басталады (алаң сыртындағы).
Түпкілікті нәтиже: кешен құрылысы аяқталған соң және оны пайдалануға бергеннен кейін өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтау жүйелері жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сақталып жатқан гендік қорды пайдалану арқылы өсімдіктердің жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарының, жануарлардың тұқымдары, сүлелері мен типтерін шығару арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақыттылығы: шарт және жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.