Амирабад портында бір мезгілде 61 мың тонна сақтау мүмкіншілігі бар элеваторды қоса, жылдық өткізу қуаттылығы 500 мың тоннаға дейін баратын астық терминалы кешенінің құрылысына қатысудың 50 пайызы қаржыландырылды.
Уақыттылығы: 1. Мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы. Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат зауыт құрылысы кестесіне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының бірінші кезеңін қамтамасыздандыру үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын көбейтуге жіберіледі;
2. Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы және оны жабдықтандыру.
Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы мен жабдықтау үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі;
3. Амирабад портындағы астық терминалының құрылысы және оны жабдықтау.
Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Амирабад портындағы астық терминалын құру үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі.
Сапасы: 1. Мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы.
Түпкі нәтижесінде шамасында 4 мың тонна мақталықтың тұқымын қайта өңдеу жолымен мақталықтың сапалы тұқымын Қазақстанның қажеттілігін жылда жауып тұруды қамтамасыздандыратын мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы бойынша жобаны іске асыру, мақталықтың жалаң тұқымдарын жылына 3,5 мың тонна көлемінде өндіру;
2. Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы және оны жабдықтандыру.
Поти портында жылдық өткізу мүмкіндігі 350 мың тонна, көлемі 24 мың тонна элеваторы бар тәулігіне 500 тоннаға дейін қуаттылығы бар диірменімен, теңіз кемелеріне астықты қабылдай да, түсіре де алатын заманға сай жүк тиеу жабдығы бар астық терминалының кешенін құру;
3. Амирабад портындағы астық терминалының құрылысы және оны жабдықтау.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге республикамыздағы астық саласы үшін стратегиялық маңызы бар Иран рыногында өзінің құзырын кеңейту және бекіту үшін жағдай жасайтын астықтықтың дүниежүзілік ірі импортерлерінің бірінің жерінде астық терминалын сатып алу және жабдықтау.
«Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, ауыл тұрғындарына және қайта өңдеу кәсіпорындарына, мал өнімдерінің экспортқа бағытталған түрлерін сатып алу, оны қайта өңдеу және негізінде экспортқа сату арқылы қызмет көрсету;
халықаралық талаптарға сай мал өнімінің экспорттық партияларын қалыптастыру үшін инфрақұрылымдық объектілерін құру.
Түпкілікті нәтиже: дүниежүзілік рыноктағы отандық мал өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру;
жылдық жоғары сапалы етті өндіру қабілеті 1 000 тоннаға жететін дамыған экспорттық инфрақұрылымы бар бордақылау алаңдарының құрылысын қамту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоғарғы қосымша құнды мал өнімдері өндірісін ұлғайту;
отандық мал өнімдерінің экспортты жеткізілімін ұлғайту.
Уақыттылығы: жаппай өндіру мерзімінде (мамыр-желтоқсан 2008 жыл) мал өнімдерін сатып алу операцияларын ұйымдастыру және жүргізу;
ірі қара мүйізді мал үшін бордақылау алаңдарын құру (қаңтар-желтоқсан 2008 жыл).
Сапасы: ірі қара мүйізді мал үшін заманға лайықты бордақылау алаңдарын құру және ұйымдастыру, халықаралық стандартқа сәйкес жоғарғы сапалы етті өндіруге мүмкіндік береді;
мал өнімдерінің халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның экспорттық ұстанымын бекіту.
«ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының жарғылық қорын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: 200 мың көлеміндегі мақта-шикізаттың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігінің көлемін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: мақта қолхаттарын кепілдікке беріп ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындау кепілдігі үшін қаржылық негіз құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қордың қатысушылары - мақтаны қайта өңдеуші ұйымдарда 200 мың тоннаға дейінгі мақта-шикізаттың сақталуын қамтамасыз ету.
Уақыттылығы: мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігін қамту және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігінің жүйесінің қалыптасуы.
Сапасы: мақта-шикізаттың сатысының төмендеуін болдырмау немесе Қордың қатысушылары - мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында оны жоғалту және мақта қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелеуді ұлғайту.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: табысы төмен және орташа үй шаруашылықтарын шағын несиемен қамту шеңберін кеңейту, 2008 жылда шағын несиелерді алатын үй шаруашылықтары саны шамасы 10 769 бірлікке жетеді, оның ішінде 5 000 бірлік филиалдар мен өкілдіктер арқылы; 5 769 бірлік шағын несиелендіру ұйымдары арқылы (несиенің орташа мөлшері - 260 мың теңге болған жағдайда);
2008 жылда кәсіпкерлік негізіне оқытылған ауыл тұрғындарының санын 14 000 адамға шейін арттыру;
Соңынара ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру үшін Қор берген ақшалай қаражат беру арқылы ауыл аймақтарында шағын несиелендіру жүйесін қолдау және дамыту;
Жалдауға, кеңсе ғимаратын жалға беру қызметін сатып алу бойынша жыл сайын конкурсты өткізуге, көшуге және жиі мекен-жайды өзгертуге кететін шығындарды азайту мақсатында Қордың 4 филиалдары мен 1 өкілдігін, орталық аппараттың жеке меншік ғимаратының болуы.
Түпкілікті нәтиже: ауыл тұрғындарының табыстарын көбейту, қосымша жұмыс орындарын құру, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қабілетін арттыру, ауылдық жерлерде шағын несиелендірудің тиімді жүйесін құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылы 1 қарыз алушыға - 14 мың теңге микронесие ұсыну бойынша Қордың шығындары.
Уақыттылығы: 2008 жылы 10 769 үй шаруашылықтарын микронесиемен уақтылы қамту, үйрету жоспары бойынша 700 семинар өткізу.
Сапасы: 2008 жылы шағын несиені қажет ететін үй шаруашылығын шағын несиемен 3,1 пайызға қамту.
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауыл аумақтарында ақпарат және кеңес берудің 50 ауылдық пилоттық нүктелерін құру.
Түпкілікті нәтиже: агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілерінің ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамту;
ауыл тұрғындарының білімі мен ақпараттылық деңгейін көтеру;
Астана қаласындағы көрме-жәрмеңке кешенінің құрылысының бірінші кезеңін қамту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: кәсіпкерлік ортаның ынталығын жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілеріне қосымша ақпарат алу көзін қамтамасыздандыруды ұйымдастыру арқылы жайлы жағдай құру.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау.
Сапасы: ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілеріне агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-маркетингтік және кеңес беру қызметіне ауқымды шеңберде қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
134-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту» деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 949118 мың теңге (тоғыз жүз қырық тоғыз миллион бір жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны үйлестіру, орман шаруашылығы секторында консультациялық қызметтер көрсету, ормандарды қорғау және молықтыру үшін тауарлармен, материалдармен және тиісті техникамен жарақтандыру, өртке қарсы мақсаттағы және ормандарды молықтыру үшін объектілер салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Орманды қорғауға және өртке қарсы күресуге арналған тауарлар мен материалдар сатып алу. Орманды өрттен қорғайтын және екпе отырғызатын тракторлар мен автомашиналар сатып алу. Ормандарды аралау және адам тасуға арналған автокөлік сатып алу. Нәтиже-зерттеу станциясының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу. Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау және құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу үшін орман көшеттіктер ғимараттары мен тұрғын жайлар, өрт бекеттері, бақылау өрт мұнаралары, суландыру арналары және орман көшеттіктерін қоршау құрылыстарын салу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Өртке қарсы арнайы киім-кешек және Арал теңізінің кеуіп қалған табанында ағаш отырғызу үшін арнайы киім-кешек сатып алу. Ормандарды сақтау және өрттермен күресу үшін тауарлар мен материалдар, жобаны басқару тобы үшін кеңсе тауарлары мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу. Арал теңізінің кеуіп қалған табанында ағаш отырғызу, оның ішінде: ағаш отырғызу жөнінде әзірлік-іс-шараларын жүргізу; сексеуіл отырғызу; Ертіс өңірінде ағаш отырғызу, оның ішінде: «Семей орманында»; «Ертіс орманында»; Ормандарды өрттен қорғау, оның ішінде: «Семей орманында» су резервуарларын орнату; «Ертіс орманында» су резервуарларын орнату. Халықаралық кеңесшілердің қызметіне, баламалы әдістерге ормандарды қалпына келтіру әдістері бойынша, өртке қарсы жедел қызмет бойынша, орман өрттерімен күрес жөнінде сараптамалық және ақпараттық жүйелер әзірлеу, орман шаруашылығы қызметіне оқыту және оны дамыту, орман шаруашылығын бірлесіп басқару, әлеуметтік даму бойынша, жайылымдық жерлер бойынша, оқыту мен дамуды қолдау бойынша және операциялық шығындарды қоса алғанда басқаруды ұйымдастыру бойынша кеңесшілік қызметтерге ақы төлеу. Жобаны іске асыру тобын қолдау жөнінде қысқа мерзімді негізде 19 ұлттық консультанттың қызметіне ақы төлеу. Ұлттық консультанттар бойынша әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар. Орман шаруашылығы саласындағы инновациялар үшін конкурстық гранттар бөлу. Жобаны үйлестіру және іске асыру үшін 30 жергілікті консультанттың қызметін сатып алу. Тракторлар, ормандарды өрттерден қорғау жөнінде өрт сөндіру және ағаш отырғызу автомашиналарын сатып алу. Ормандарды аралау және адамдар тасымалдау үшін автокөлік сатып алу. Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау және құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу үшін орман көшеттіктері ғимараттары мен тұрғын жайлар, өрт бекеттері, бақылау өрт мұнаралары, суландыру арналары және орман көшеттіктерін қоршау құрылыстарын салу. Салықты және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу (ҚҚС-ны өтеу). Өртке қарсы логотиптер әзірлеу, геоақпараттық жүйелерді дамыту бойынша, орман өрттерімен күресу жөнінде ақпараттық жүйенің дизайнын әзірлеу жөніндегі ұлттық консультанттардың қызметіне, орман өрттерін модельдеу жөніндегі зерттеулерге, орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі кешенді консультацияларға, қарағай құртымен күресті пилоттық көрсетулерге, жайылымдық жерлер бойынша радиоактивтілік мониторингіне, қоршаған ортаға әсер ету мониторингіне ақы төлеу, Ертіс өңірі жалды ормандарының деректерін жинау және оның учаскелерін картаға түсіру, операциялық шығындарды қоса алғанда, Қызылорда облысындағы сексеуіл тоғайларынан және басқа да екпелер өскен учаскелерден деректерді қашықтықтан жинау және картаға түсіру. Өрт сөндіруге арналған нысандарға кірме жолдарды қайта жаңарту бойынша шығындар. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
4 | | 018 | Грант есебінен | Ақпараттық басқаруды дамыту және географиялық ақпараттық жүйені енгізу бойынша оқу семинарлары мен курстарын өткізу; халықаралық кеңесшілердің қызметіне, баламалы әдістерге ормандарды қалпына келтіру әдістері бойынша, өртке қарсы жедел қызмет бойынша, орман өрттерімен күрес жөнінде сараптамалық және ақпараттық жүйелер әзірлеу, орман шаруашылығы қызметіне оқыту және оны дамыту, орман шаруашылығын бірлесіп басқару, әлеуметтік даму бойынша, жайылымдық жерлер бойынша, оқыту мен дамуды қолдау бойынша және операциялық шығындарды қоса алғанда, басқаруды ұйымдастыру бойынша кеңесшілік қызметтерге ақы төлеу; орман шаруашылығы саласындағы инновациялар үшін конкурстық гранттар бөлу; жобаны басқару тобының ормандарды қалпына келтіру мәселелері бойынша халықаралық семинарларға қатысуы; өртке қарсы логотиптер әзірлеу, геоақпараттық жүйелерді дамыту бойынша, орман өрттерімен күресу жөнінде ақпараттық жүйенің дизайнын әзірлеу жөніндегі ұлттық кеңесшілердің қызметіне, орман өрттерін модельдеу жөніндегі зерттеулерге, орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі кешенді консультацияларға, қарағай құртымен күресті пилоттық көрсетулерге, жайылымдық жерлер бойынша радиоактивтілік мониторингіне, қоршаған ортаға әсер ету мониторингіне ақы төлеу. Ертіс өңірі жалды ормандарының деректерін жинау және оның учаскелерін картаға түсіру, операциялық шығындарды қоса алғанда, Қызылорда облысындағы сексеуіл тоғайларынан және басқа да екпелер өскен учаскелерден деректерді қашықтықтан жинау және картаға түсіру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобаны үйлестіру жөніндегі кеңесшілердің қызметі, сондай-ақ орман шаруашылығы секторында 100% ұсынылған, орманды қайта өсіруге және сақтауға, өртке қарсы күресу үшін тауарлар мен материалдар сатып алынды және мемлекеттік табиғи орман резерваттарының инфрақұрылымын 70% ұстап тұру шығындары, жобаны үйлестіру жөніндегі топтар 100% жабдықталды; өрт сөндіретін автомобильдер - 18 бірлік, өрт сөндіретін жеңіл Пикап - 1 бірлік, қызмет көрсету автокөлігі - 1 бірлік, адамдар таситын автомобильдер - 15 бірлік, шынжыр табанды тракторлар - 25 бірлік, доңғалақты тракторлар - 11 бірлік, толық желілі орман аралау автомашиналары - 29 бірлік сатып алынды, орман питомниктерінің үйлері мен тұрғын үй-жайлар, өрт сөндіру станциялары, өрт қадағалау мұнаралары, суландыру арналары және орман көшеттіктерін қоршау құрылыстары салынды.
Түпкілікті нәтиже: іргелі зерттеулер, жаңғырту мен инфрақұрылымды салу және құрал-жабдықтар, тиімді орман басқару арқылы орман қорғау мен орманды қалпына келтіру бойынша шараларды күшейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Ертіс бойы өңірінде орманды алқаптардың 1 гектарында ормандарды қалпына келтіру құны 70 пайыз жерсінуімен 27 000 теңге, Қызылорда облысында 55 пайыз жерсінуімен 25 650 теңге құрайды.
Уақыттылығы: іс-шараларды атқарудың белгіленген мерзімін ескере отырып, кесте бойынша жоспарланған жұмыстардың 80 пайызын орындау.
Сапасы: республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
135-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 147527 мың теңге (бір жүз қырық жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы, «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын көтеру үшін нормативтік-әдістемелік базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман және аңшылық шаруашылығы және ауылдық аумақтарды реттеу кезіндегі шаралар негізділік деңгейін көтеру үшін ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Агроөнеркәсіп кешені, су және орман шаруашылығы салаларының дамуын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету | Ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту, су шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман және аңшылық шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринария, мал шаруашылығы саласында 40-50 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды (ұсыныстар, ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, нормативтер, мемлекеттік стандарттар) әзірлеу бойынша жыл сайын қызметке ақы төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұсынымдарды, нормативтерді, стандарттарды және әдістемелерді сатып алу агроөнеркәсіптік кешеннің, су, орман және аңшылық шаруашылығының қазіргі бар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуінің рыноктық жағдайға және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру процесі шеңберінде қажетті халықаралық талаптарға жылдам бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Жетішулер әзірлеген 40-50 шамасындағы нормативті-әдістемелік тақырыптарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің қабылдауы.
Түпкілікті нәтиже: агробизнестің тиімді жүйесін құру және ауылдық аумақтарды дамыту үшін әдістемелік, нормативтік, құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің, су, орман шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы бір тақырыпты әзірлеуге орта есеппен 3 миллион теңге қажет болады.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарында көзделген қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: нормативтік-әдістемелік тақырыптың қабылдануы қазіргі кездегі агротехнологияларды және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологияларын қолдануға, ауыл шаруашылығы тиімділігінің және ауылдық аумақтарға қызмет көрсетуші инфрақұрылымдардың өсуіне, ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетінің өсуіне, олардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
136-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 134624 мың теңге (бір жүз отыз төрт миллион алты жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық Кодексі) 410, 411, 412-баптары; «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабы;»«Агроөнеркәсіптік кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 14-бабы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»Мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» № 467 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2564 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі»«Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық бақылаудан өткізу ережесін бекіту туралы»«№ 468 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2563 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы»«Емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәлігін беру ережесін бекіту туралы»«№ 33 бұйрығы (2003 жылдың 8 қарашасында Әділет министрлігінде № 2725 тіркеуден өтті); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы»«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы»«№ 597 бұйрығы (2005 жылдың 10 қарашасында Әділет министрлігінде № 3928 тіркеуден өтті).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару құқығына емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәліктерін беру, сондай-ақ тракторларға, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу жолымен жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру жөніндегі заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету; тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктің қаржы ресурстарын алуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, техникалық паспорттармен және тракторист-машинист куәліктерімен, машинаның кепілін тіркеу туралы куәліктермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 81 600 бірлік техникалық паспорттар сатып алу. «Көлік құралдары және олардың тіркемелері үшін қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер» 1176-2003 ҚР СТ стандартына сәйкес 84 000 бірлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 31 700 бірлік тракторист-машинист куәліктерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес машинаның кепілін тіркеу туралы 10500 бірлік куәліктерін сатып алу. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |