2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 14-32-қосымшалар) (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
14-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
15-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7749 мың теңге (жеті миллион жеті жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Т.А. Төлеубаев туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық және трансұлтты қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және бір ақпараттық кеңістік құру мақсатында Интерполмен байланыс ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлемдегі қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету үшін, әсіресе оның ұйымдастырылған түрлерімен, оның ішінде ылаңкестік және есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа да қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету | Халықаралық қылмыспен тиімдi күрес жүргізу мақсатында ақпараттық қамтамасыз ету үшін 1 адам Лион қаласындағы (Франция) Интерполдың Бас Хатшылығындағы Қазақстан Республикасының өкілі-байланыс офицерін ұстау жөніндегі шығыстар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкi істер министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 100 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелері болып табылатын шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарына жіберілген сұратулар мен ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қылмыстық істер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарт жасалмаған мемлекеттермен мәселелерді шешу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілін ұстау үшін бөлінген лимит шегінде шығындалатын шығыстар.
Уақтылығы: ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етіп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
Сапасы: жедел-іздестіру қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты бекіту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
16-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
17-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Арнайы және әскери тасымалдар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140 442 мың теңге (бір жүз қырық миллион төрт жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1, 10-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктері, арнайы контингенттерінің қозғалысын тәуліктік бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегі бірліктердің тез жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының арнайы контингенті мен арнайы жүктерін тасымалдау бойынша жоспарланған іс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингентті жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөніндегі соттардың қаулыларын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Арнайы және әскери тасымалдар | Арнайы контингент пен арнайы жүктердi және тағы басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша көлік қызметтерін төлеу. Арнайы әскери тасымалдар қызметтері үшін үй-жайларды жалға алу; байланыс және жолаушы поездарында орындарды броньдау бойынша қызметтерді төлеу. Жылжымалы командалық пункт- вагонға техникалық қызмет көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі- нің ішкі әскерлер комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкi әскерлер комитетінің бөлімдерін қосу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 366 рейс; вагон саны - 14.
Түпкі нәтиже: арнайы контингентті және арнайы жүктерді тасымалдауды тәулік бақылауды орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір арнайы вагонды бір тәулікке жалға алу бағасы - 28,3 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауіпсіздік графигін орындау, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету.
Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгіленген орнына жеткізілуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
18-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ақпараттық жүйені дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 287536 мың теңге (екі жүз сексен жеті миллион бес жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі,
«Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 186-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: толығымен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін және қоғамдық қауіпсіздікті жетілдіру, жолда құқық бұзушыларға қарсы күрес тиімділігін арттыру және оның алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жолдарда болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ оны жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты орталықтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Ақпараттық жүйені дамыту | | | |
2 | | 100 | «Бақылау» ААІЖ | Есептеу техникасының жабдықтарын, автоматталған жұмыс орнын, ұтқыр терминалдар, сканерлер, маршрутизаторлар, бағдарлама- лық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша қызметтерді, оқыту бойынша қызметтерді, сондай-ақ ұйымдастыру, икемдеу, құру бойынша қызметтерді, бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтауды тіркеуді сатып алу. | 2008 жылдың наурыз-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының облыс орталықтары қатарында «Бақылау» ақпараттық-іздестіру жүйесін сатып алу.
Соңғы нәтиже: Жолда болған әкімшілік құқық бұзушылыққа бақылаудың артуы, сондай-ақ бұзушыларға қатысты қабылданған шаралардың орындалуы, өңірлік деңгейде ақпараттың жедел берілуі және талдаудың артуы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Әкімшілік айыппұлдың артуы есебінен Қазақстан Республикасының бюджеті ақшалай түсімнен 5-10% көбеюі жоспарланып отыр.
Уақтылығы: тиісті шарттардың мерзімдеріне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу.
Сапасы: құқық қорғау органдары қызметінде жүйені енгізу ақпараттық технологияны одан әрі біршама кең пайдалануға қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
19-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
20-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен
телефонияны жаңғырту және дамыту»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 254161 мың теңге (екі жүз елу төрт миллион бір жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы; «Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «KAZSAT» спутнигін пайдалана отырып, мәліметтерді берудің және телефонияның қазіргі заманғы, бас тарта алатын, бір орталықтан басқарылатын жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ішкі істер органдарының бөлімшелерін мәліметтерді берудің және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен телефонияны жаңғырту және дамыту | Қосу желісі үшін спутниктік станция, жабдықтар сатып алу, сондай-ақ монтаж бойынша қызметтер және пайдалануға енгізу. | 2008 жылдың наурыз-желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Ішкi істер министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Спутниктік станцияларды сатып алу және құру.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарының 55 бөлімшесінің мәліметтерді беру және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу, спутниктік байланыстың сапасын жақсарту және Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінің жедел басқару деңгейін арттыру.
Уақтылығы: тиісінше шарттардың мерзімдеріне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу.
Сапасы: бекітілген техникалық тапсырысқа сәйкес.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 21-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
21-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
22-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130969 мың теңге (бір жүз отыз миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен ішкі әскерлері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1128 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы № 335/5/14 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдері мен практикалық біліктіліктерінің деңгейін максималды түрде көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді алғашқы дайындықтан өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесін 94 бірлік штаттық сан шегінде ұстау. Қызметкерлерді білім деңгейін барынша көтеру үшін және ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түсетін үміткерлерді алғашқы арнайы оқыту үшін, арнайы жарақтар мен материалдар, автокөліктер сатып алу. Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілікті арттыру, елден тыс шет елдерге іссапарлар және қызметтік іссапарлар. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғашқы арнайы оқуынан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстарын өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны 55 бірліктен артық емес; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен әскери қызметшілер саны - 62 бірлік; арнайы жарақтарды, автокөліктерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 1,8 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 0,3 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілермен қамтамасыз ету - 0,4 пайызға; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 84 пайызға; арнайы жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 87 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 78,3 пайызға.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 926 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар 288,4 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 195,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығындар - 737,4 мың теңге.
Уақытылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы арнайы оқу курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
23-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2498044 мың теңге (екі миллиард төрт жүз тоқсан сегіз миллион қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; «Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; «Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен ішкі әскерлері үшін кадр даярлау туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1128 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау туралы 2007 жылғы 18 ақпандағы № 124 Келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау туралы 2007 жылғы 14 наурыздағы № 263 және № 264 келісім-шарттары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау туралы 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 474 және № 475 келісім-шарттары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер Новосібір әскери институтымен 2006 жылғы 24 мамырдағы № 156 келісім-шарттары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіби білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы IIM жоғары оқу орындарын ұстаудың штаттық санының шегі 1828 бірлік, сандық лимит кезінде 1881 бірлік, оның ішінде: Академияда - 789 бірлік; Қарағанды заң институтында -501 бірлік; Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесін- 591 бірлік шегінде ұстау. Сапалы жоғары кәсіби білім алуға жағдайлар жасау үшін және ішкі істер органдарының қызметіне түсетін үміткерлерді алғашқы даярлаудан өткізу үшін арнайы құрылғылар, автокөліктерді сатып алу. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқыту, Ресей Федерациясының оқу орындарында ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту, стипендия және сақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2865 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 400 бірлік; алғашқы арнайы оқу оқитындар саны - 300 бірлік; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын қызметкерлер саны - 230 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілердің саны - 55 бірліктер; күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 677 бірлік, оның ішінде үздік - 60 бірлік; Курсанттарды сырттай оқудан бітіргендер - 382 бірлік, оның ішінде үздік - 15 бірлік; арнайы құрылғылар және автокөліктерді сатып алу.