7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: нашақорлықпен күрес Халықаралық күніне арналған акциялар жүргізу; 37400 данада журналдар шығару; спорттық - қауымдық 2 іс-шара өткізу; 2 семинар, 1 дөңгелек үстел өткізу; 10 телебағдарлама шығару және жариялау; 4 деректі фильмдер, 6 қысқаметражды бейнефильмдер, есірткі қарсы тақырыпта 4 бейнероликтер дайындау. Кинологиялық қызметті және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аумақтық арнайы бөлімшелерді материалды-техникалық жабдықтау.
Түпкі нәтиже: елдегі есірткі жағдайын тұрақтандыру; заңсыз есірткі, психотропты заттар және прекурсорлардың айналымына қарсы тұру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына енгізілуін және басқа елдерге таралуының алдын-алу және жолын кесу; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және олармен байланысты қылмысты нейтралдау. Қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы іс-шаралар жүргізу, есірткі құралдары, психотроптық заттарға және прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралар және операциялар өткізу.
Уақыттылығы: халыққа уақтылы және профилактика жұмыстарын жүргізу; жедел іздестіру қызметін қолдану және ұйымдастыру әдісімен уақтылы және тұрақтылы әрекет ету.
Сапасы: есірткіні қолданатын адамдардың санын анықтау, олардың санын қысқарту, қылмыстардың және заңсыз есірткіні таратумен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтардың санын қысқарту. Қоғамның қауіпсіздік деңгейіне дейін есірткінің таралуын қысқарту және мемлекеттік бақылау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
32-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.