реттік нөмірі 4-жолда:
«жобасы бойынша:» деген сөздер кейін «физикалық инфрақұрылым -» деген сөздермен толықтырылсын;
«газеттегі тауар сатып алу және қызмет көрсету хабарламасына төлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру;» деген сөздерден кейін «құрылыс жұмыстарын егжей-тегжейлі жобалау мен қадағалау үшін құжаттама әзірлеу бойынша консультациялық компанияның қызметтерін төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 124-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 104748 мың теңге (бір жүз төрт миллион жеті жүз қырық сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
«институционалдық күшею,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Моделдеу және мониторингтеу бойынша кеңесшілік қызметтерге салық және бажды төлеу» деген сөздер «Моделдеу, мониторингтеу және судың ағысын бақылауды басқару жөніндегі консультациялық қызметтерге салық және баж төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
«Автокөлікті жалға алу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«Бөлмелерді жалға алу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«аудармашының қызметтеріне төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«Жоба шеңберінде жер асты суын қалпына келтіруге арналған мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша кеңесшілердің қызметін төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«Берілген бағдарлама шеңберінде кеңесшілік қызметтерге келісім шарт жасау бойынша ҚҚС төлеу. Жер асты суларының ластану ошақтарын оқшаулау бойынша жұмыстарды бөлшекті жобалау келісім шарты бойынша кеңесшілік қызметтер;» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: «Жер асты суларының ластану көздерін оқшаулау жұмыстарын егжей-тегжейлі жобалау бойынша консультациялар қызметтердің келісім-шарты бойынша ҚҚС төлеу.»;
реттік нөмірі 4-жолдағы «Мониторинг бағдарламаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтердің келісім-шартын төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» мынадай редакцияда жазылсын:
«Тікелей нәтиже: Мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау қызметтерін жүзеге асыруға құрал-жабдықтарды сатып алуға келісім-шарттар жасау.»;
«Соңғы нәтиже» мынадай редакцияда жазылсын:
«Соңғы нәтиже: Жасалған келісім-шарттар бойынша аванс төлеу.»;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
«14850» деген сандар «8000» деген сандармен ауыстырылсын;
«50 зертхана маманын оқыту құны - 50030,0 мың теңге.» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 133-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 31435300 мың теңге (отыз бір миллиард төрт жүз отыз бес миллион үш жүз мың теңге).»;
5-тармақтың жетінші абзацындағы «балық өнімін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды сатып алу» деген сөздерден кейін «, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басымен, қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен және озық техникамен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін қолдау; мал басын күтіп-баптаудың қазіргі заманғы технологиясын және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің аяқталған циклын пайдалану негізінде қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері үшін ауыл шаруашылық және балық өнімдерін өңдеу бойынша жабдықтарды (оның ішінде, соңынара лизингке тапсыру үшін) алуды қаржыландыру;» деген сөздерден кейін «Сүт және ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (оның ішінде кейіннен лизингке беру үшін) және сүт және ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін айналым қаражатына ішінара кредит беру» деген сөздермен толықтырылсын;
«Поти (Грузия) (диірмені бар) және Амирабад (Иран Ислам Республикасы) порттарында астық терминалдарының құрылысы және оны жабдықтау,» деген сөздерден кейін «ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарының құрылысының (аймақтық терминалдармен) дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету; Оңтүстік-Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін дамыту.» деген сөздермен толықтырылсын;
«бордақылау бойынша» деген сөздерден кейін «қазіргі заманғы» деген сөздермен толықтырылсын;
«алаңдар» деген сөздің алдынан «дамыған инфрақұрылымы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «көрсету бойынша несиелендіру - 700,0» деген сөздер «көрсету бойынша несиелендіру - 2000,0» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
«Тікелей нәтиже» «өндірісті дамытуды ынталандыру;» деген сөздерден кейін «мал шаруашылығы өнімінің ірі-тауарлы өндірісін дамыту;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Түпкі нәтиже» «асыл тұқымды база құру» деген сөздерден кейін «, өнімділігі жоғарғы асыл тұқымды мал басы санын ұлғайту, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің импорт алмастыру деңгейін жоғарылату» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде» «жабдықтарын қолдану есебінен еңбек өнімділігін арттыру» деген сөздерден кейін «малды күтіп-бағудың озық технологияларын пайдалану есебінен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыру; жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту (сүт сауу, ет өндіру); агроқұрылымдардың қосымша пайда табуы; жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің көлемін ұлғайту.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Уақыттылығы» «жүзеге асыру мүмкіндігі;» деген сөздерден кейін «жоспарланған жыл ішінде агроиндустриялық ірі-тауарлы фермалар құру.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сапасы» «кепілдік қызметпен сатып алынады;» деген сөздерден кейін «Әлемдік стандартқа сай келетін асыл тұқым шығару жұмысын жоғары деңгейге жүргізуді ынталандыру; мал басын күтіп-баптаудың озық технологиясын пайдаланатын мал басын қабылдауға арналған дайын орындары, берік азықтандыру базасы бар ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермасын құруды және дамытуды ынталандыру; құрылған ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларында қатаң ветеринариялық бақылау жүргізу есебінен өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
«Тікелей нәтижеде»:
«бірінші кезеңін» деген сөздерден кейін «2009 жылғы желтоқсанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
«(Иран Ислам Республикасы) портындағы астық терминалының құрылысы және жабдықтау;» деген сөздерден кейін «- ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының (аймақтық терминалдарымен) құрылысына дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету; - Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамытуды 2009 жылғы қазанға дейін бастау.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Түпкі нәтижеде» «бекіту үшін жағдай жасайды» деген сөздерден кейін «; - ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының (аймақтық терминалдармен) құрылысына дайындық жұмыстарын қамтамасыз етеді; - Оңтүстік-Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамытуды бастау жеміс-жидек дақылдарын және жүзім тұқымын өсіруді қайта жаңғыртуға, жеміс-көкөніс өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайтуға көмегін тигізеді.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
«3,5» деген сандар «5» санмен ауыстырылсын;
«өткізу қуаттылығы 500 мың тоннаға» деген сөздер «өткізу қуаттылығы 500 мың тоннадан 700 мың тоннаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«61» деген сандар «53» деген сандармен ауыстырылсын;
«баратын астық терминалының кешенінің құрылысына қатысудың 50 пайызы қаржыландырылды;» деген сөздерден кейін «Астана қаласының жанында (аймақтық терминалдармен) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының жаңа заманғы жоғары технологиялық кешенінің құрылысының бірінші кезеңіне қатысудың 100 пайызы қаржыландырылды; бұрынғы «Ақдала» ТШ» РМК пайдаланылмаған жерінің базасында жеміс-көкөніс кластерін құру басталады.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Уақыттылығы» мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларын салу (өңірлік терминалдармен). Жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Астана қаласының жанында (өңірлік терминалдармен) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарлары құрылысының бірінші кезеңін қамтамасыз ету үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі;
5. Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамыту. Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, осы жобаны 2008 - 2009 жылдарда іске асыруды бастау үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорынының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі.»;
«Сапасында»:
1-тармақта:
«шамасында 4 мың тонна» деген сөздер «5 мың тоннадан астам» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мақталықтың жалаң тұқымдарын» деген сөздерден кейін «(элита, 1-2 көбейтілуі)» деген сөздермен толықтырылсын;
«3,5» деген сандар «5» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларын салу (өңірлік терминалдармен) сауданың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме саудасы бойынша жоғары технологиялық кешен құруға мүмкіндік береді, ол азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді және олардың бағасының маусымдық ауытқуын жұмсартады. Жобаны іске асыру астана тұрғындарын жалпы тұтыну санының 30 %-ға жуық көлемде бағасы төмен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
5. Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамыту. Жобаны іске асыру тамшылатып суарудың жаңа технологиясын қолдану арқылы бұрынғы «Ақдала» ТШ» РМК пайдаланылмаған жерінің базасында 2008 жылдан бастап 150 га дейінгі алаңға жеміс-көкөніс кластерінің негізін салуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суарудың жаңа технологиясын қолдану арқылы 4,2 мың га дейінгі игерілмеген жерге егіс егуді ұйымдастыру жоспарлануда. 2008 жылы жоспарланған өнімнің көлемі 10,8 мың тонна шамасын құрайды, ол 2014 жылға қарай 159 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 134-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 794516 мың теңге (жеті жүз тоқсан төрт миллион бес жүз он алты мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу» деген сөздер «Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу.» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
«Арал теңізінің кеуіп қалған табанында ағаш отырғызу, оның ішінде: ағаш отырғызу жөнінде әзірлік-іс-шараларын жүргізу; сексеуіл отырғызу; Ертіс өңірінде ағаш отырғызу, оның ішінде: «Семей орманында»; «Ертіс орманында»; Ормандарды өрттен қорғау, оның ішінде: «Семей орманында» су резервуарларын орнату; «Ертіс орманында» су резервуарларын орнату» деген сөздер «Арал теңізінің кеуіп қалған түбіне екпе ағаш отырғызу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау және құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу үшін орман көшеттіктері ғимараттары мен тұрғын жайлар, өрт бекеттері, бақылау өрт мұнаралары, суландыру арналары және орман көшеттіктерін қоршау құрылыстарын салу.» деген сөздер «Ертіс жағалауы орманын өрттен қорғау және құрғап қалған Арал теңізінің түбіне екпе ағаш отырғызу үшін орман көшеттіктері ғимараттары мен тұрғын жайлар, өрт бекеттері, бақылау өрт мұнаралары, суландыру арналары мен орман көшеттіктерін қоршау құрылыстарын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.»;
«қарағай құртымен күресті пилоттық көрсетулерге,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруге арналған нысандарға кірме жолдарды қайта жаңарту бойынша шығындар.» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жолдағы «қарағай құртымен күресті пилоттық көрсетулерге,» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 135-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 227527 мың теңге (екі жүз жиырма жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).»;
7-тармақтың «Қаржылық-экономикалық нәтижесі» «3 миллион теңге қажет болады.» деген сөздерден кейін «Жаһандық салалық кең аумақты талдамалық зерттеулерге шамамен 80 миллион теңге талап етіледі.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 140-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1282516 мың теңге (бір миллиард екі жүз сексен екі миллион бес жүз он алты мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік номері 3-жолда:
«Ұлттық референттік зертхана құрылысын жобалау және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын;
«Конкурстық гранттар жүйесі бойынша жеке сынау зертханаларға гранттар бөлу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«Модуль 2 бойынша оқыту жөніндегі халықаралық консультантты қызметке тарту.» деген сөздер «Келісім-шарт бойынша Модуль 1 және 2 оқыту жөніндегі консультанттың қызметіне ақы төлеу.»;
«Модуль 2 бойынша әзірлеуге жәрдемдесу және оқыту жөніндегі жергілікті екі консультантты қызметке тарту.» деген сөздерден кейін «Келісім-шарт бойынша Модуль 1 бойынша әзірлеуге жәрдемдесу және оқыту жөніндегі жергілікті екі консультанттың қызметіне ақы төлеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Стратегияны талдау және дамыту» деген сөздер алынып тасталсын;
«Жобаның үйлестіру орталығы қызметкерлері үшін бастапқы семинарды жыл қорытындысы бойынша семинарды өткізу.» деген сөздер «Жыл қорытындысы бойынша жоба жөніндегі кіріспе семинар өткізу. Банк қызметтеріне ақы төлеу.» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «Ұлттық референттік зертхананы жобалау; мемлекеттік зертханаларды жаңғырту (7 облыс, 58 аудан)» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде» «Бір облыстық зертхананы жаңғырту құны - 46 800,0 мың теңге және аудандық - 7 605,0 мың теңге» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 142-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 20000 мың теңге (жиырма миллион теңге).»;
5-тармақта:
«2009» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
«жобаға қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік несиелер алудағы ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын арттыру; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізінде берілетін несиелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы «Тікелей нәтижеде» «607329» деген сандар «20000» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 144-қосымша алынып тасталсын;
12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 145-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1819406 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион төрт жүз алты мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 146-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 364018000 мың теңге (үш жүз алпыс төрт миллиард он сегіз миллион теңге).»;
2-тармақ «2, 5-баптары» деген сөздерден кейін « ,»2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы»;
5-тармақ «көрсеткішке арттыру» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттік нөмірі 4-жол «, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«зейнетақы төлемдерін төлеу» деген сөздерден кейін «, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу»;
«1640,6» деген сандар «1636,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«1644,4» деген сандар «1648,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«1645,1» деген сандар «1664,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«1669,2» деген сандар «1664,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«1676,7» деген сандар «1671,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«1680,3» деген сандар «1688,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтиже» деген жолда:
«8598» деген сандар «8769» деген сандармен ауыстырылсын;
«9372» деген сандар «9646» деген сандармен ауыстырылсын;
«14889» деген сандар «17075» деген сандармен ауыстырылсын;
«16229» деген сандар «21344» деген сандармен ауыстырылсын;
«- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: 2008 ж. - 4210 теңге, 2009 ж. - 4334 теңге, 2010 ж. - 4637 теңге;» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4210 теңге, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап - 4810 теңге, 2009 ж. - 5243 теңге, 2010 ж. - 5662 теңге;
- 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 2008 жылдың 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемін алушыларға ай сайынғы өтемақы - 600 теңге;»;
«Сапасында» «тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 147-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 91834884 мың теңге (тоқсан бір миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион сегіз жүз сексен төрт мың теңге).»;
2-тармақ «1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы» деген сөздерден кейін «, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы»;
5-тармақ «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жол «сәйкес ұйымдастыру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеуді ұйымдастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жол «сәйкес ұйымдастыру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеуді ұйымдастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4-жол «сәйкес ұйымдастыру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеуді ұйымдастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«2008 ж. - 411,5 мың. адам» деген сандар «2008 ж. - 413,2 мың. адам» деген сандармен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 411,8 мың. адам» деген сандар «2009 ж. - 416,5 мың. адам» деген сандармен ауыстырылсын;
«2010 ж. - 411,8 мың. адам» деген сандар «2010 ж. - 419,9 мың. адам» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
«10674» деген сандар «12339» деген сандармен ауыстырылсын;
«10943» деген сандар «13450» деген сандармен ауыстырылсын;
«11603» деген сандар «14526» деген сандармен ауыстырылсын;
«9383» деген сандар «10716» деген сандармен ауыстырылсын;
«9664» деген сандар «11680» деген сандармен ауыстырылсын;
«10234» деген сандар «12614» деген сандармен ауыстырылсын;
«5258» деген сандар «6013» деген сандармен ауыстырылсын;
«5417» деген сандар «6554» деген сандармен ауыстырылсын;
«5797» деген сандар «7078» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында белгіленген мөлшерде 2008 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін ай сайынғы өтемақы;
«Сапасы» «100 пайыз төлеу» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 150-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 28102833 мың теңге (жиырма сегіз миллиард бір жүз екі миллион сегіз жүз отыз үш мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«172,4» деген сандар «147,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«187,1» деген сандар «188,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«195,3» деген сандар «176,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
«7741» деген сандар «9632» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 154-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 9298074 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз тоқсан сегіз миллион жетпіс төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Деректерді беретін корпоративтік желілерді қолдау үшін байланыстың жоғарғы жылдамдықты арналарын жалдау» сөздерден кейін «, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер үшін Sky Edge серіктік терминалдарды инсталляциялау және жалдау мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 156-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1500000 мың теңге (бір миллиард бес жүз миллион теңге).»;
көрсетілген қаулыға 157-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 5866502 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз алпыс алты миллион бес жүз екі мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«26,2» деген сандар «25,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«30,3» деген сандар «27,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«35,1» деген сандар «30,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«27,3» деген сандар «16,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«29,7» деген сандар «17,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«31,9» деген сандар «19,7» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 159-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2915495 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз он бес миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Жобаның ТЭН-і бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 26 шілдедегі № 10-283 қорытындысы» деген сөздер «Мемлекеттік сараптаманың 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 10-01/08 қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 163-1-қосымшамен толықтырылсын;
13) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 164-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2122098 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма екі миллион тоқсан сегіз мың теңге).
көрсетілген қаулыға 165-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 86494846 мың теңге (сексен алты миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион сегіз жүз қырық алты мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 171-қосымшада:
012 бағдарламаның тақырыбында «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11658444 мың теңге (он бір миллиард алты жүз елу сегіз миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге)»;
5-тармақтағы «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің:
4-бағандағы «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
5-бағандағы «күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«күрделі» деген сөздер «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
«күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
«автожолдарды күрделі» деген сөздерден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 176-қосымша алынып тасталсын;