204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
8. Ақпараттық жүйелерді және электрондық құжат айналымын
пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Жалпы ережелер
205. Осы тарауда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) - ол арқылы ақпараттық жүйелер мен электрондық құжат айналымын пайдалана отырып мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік сатып алу) процесі жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе;
2) электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін Заңға және осы Ережеге сәйкес тапсырыс беруші айқындаған тұлға;
3) Жүйеге тіркеу (бұдан әрі - тіркеу) - тапсырыс берушіге, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға немесе әлеуетті өнім берушіге Жүйеге қатысуға рұқсат беру;
4) Жүйеге қатысу - Жүйені тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші ретінде пайдалану;
5) Орталық - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) уәкілетті органның веб-сайты (бұдан әрі - веб-сайт) - мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалған электрондық өкілдік парағы, онда жаппай тарату мақсатында мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган, тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат орналастырылады.
206. Заңның 12-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымын пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу
207. Жүйеге қатысуға осы Ережеге сәйкес тіркелген, саны берілетін пайдаланушылардың аттары мен парольдерінің санына тең электрондық цифрлық қолтаңбаларға ие тапсырыс берушілер, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар, әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
208. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс берушілер Орталыққа өтініш жасаған соң Орталық оларды тіркейді және олар Жүйеге тапсырыс беруші не электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде қатысады.
209. Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды Жүйеге тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
210. Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды тіркеу осы Ережеге 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жасалған, мөрмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түріндегі тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтініші негізінде он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
211. Тапсырыс берушіні, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны тіркегеннен кейін бес күн мерзімде Орталық пайдаланушылардың аттары мен парольдерін алуға уәкілеттік берілген өкілге мыналарды береді:
1) тапсырыс берушінің уәкілетті өкіліне - пайдаланушының екі паролі мен екі атын: пайдаланушының бір паролі мен бір аты - мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді ұсынуға жауапты тапсырыс берушінің қызметкеріне, пайдаланушының екінші паролі мен екінші аты - тапсырыс берушінің бірінші басшысына;
2) электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға - конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы, сондай-ақ ұйымдастырушының бірінші басшысы үшін, оның тіркеуге берген өтінішінде көрсеткен пайдаланушылар аттарының және парольдерінің саны.
Айрықша жағдайларда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері күрделі болғандықтан электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтініші негізінде Орталық пайдаланушылардың аттары мен парольдерінің қосымша санын береді.
212. Тапсырыс беруші өз шешімімен мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді ұсынуға жауапты қызметкерді айқындайды және оған тиісті пайдаланушының аты мен паролін бекітіп береді.
213. Конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы арасындағы пайдаланушылардың аттары мен парольдері электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен бөлінеді.
214. Әлеуетті өнім берушілер Орталыққа өтініш жасаған соң Орталық оларды тіркейді және Жүйеге әлеуетті өнім берушілер ретінде қатысады.
215. Әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тариф бойынша ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
216. Әлеуетті өнім беруші Жүйеге тіркелу үшін:
1) веб-сайтта осы Ережеге 15 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш-тіркеу карточкасын толтырады;
2) өз тарапынан қол қойылған және мөрмен расталған (әлеуетті өнім беруші - заңды тұлға үшін) немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде өтініш-тіркеу карточкасын ұсынады;
3) Орталықтың тіркеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлегендігі туралы түбіртекті ұсынады.
217. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 216-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталық:
1) әлеуетті өнім берушімен осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу шартын жасасады;
2) Жүйеге қатысу үшін әлеуетті өнім берушімен жасасқан тіркеу шартында көрсетілген пайдаланушының аты мен пароль санын әлеуетті өнім берушіге береді.
218. Тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 210 немесе 216-тармақтарына сәйкес ұсынған мәліметтерінің толық болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда Орталық тапсырыс берушіні, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны немесе әлеуетті өнім берушіні Жүйеге тіркеуден бас тартады.
219. Орталық тіркеуден бас тартқаны туралы тапсырыс берушіге, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, әлеуетті өнім берушіге осы Ереженің 210 немесе 216-тармақтарына сәйкес құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық почта арқылы хабардар етеді.
220. Әлеуетті өнім берушімен тіркеу шарты бір жыл мерзімге жасалады.
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары
221. Жүйенің жұмыс істеу уақыты Астана қаласының уақыты болып танылады.
222. Жүйеге кіру Орталық белгіленген тәртіппен берген пайдаланушының аты, паролі және тапсырыс берушідегі, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыдағы, әлеуетті өнім берушідегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
223. Пайдаланушының дұрыс аты мен паролін көрсеткен және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Жүйеде пайдаланушы орындаған барлық іс-әрекеттер осы пайдаланушының аты, паролі және оған тиесілі электрондық цифрлық қолтаңба белгіленген тәртіппен берілген тиісінше тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды берушінің, конкурстық комиссия мүшесінің атынан жүргізілген болып саналады.
224. Тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және әлеуетті өнім беруші Жүйеге қатысу жүзеге асырылатын жұмыс орнының (жұмыс орындарының) қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етеді және пайдаланушы атының, парольдің, электрондық цифрлық қолтаңбалардың құпиялылығын сақтау шараларын қолданады.
225. Мынадай жағдайларда:
1) үшінші тұлғалар парольді ашқанда;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәлігін қайтарып алғанда;
3) Орталықтың берілген пайдаланушының аты мен паролі бөлінген қызметкер қаза болғанда, жұмыстан босатылғанда тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және әлеуетті өнім беруші уәкілетті органды және Орталықты дереу хабардар етеді, осы Ереженің 227-тармағының 1) тармақшасына немесе 229-тармағына сәйкес пайдаланушының атын және паролін тиісінше тоқтата тұруға немесе кері қайтарып алуға бастамашылық жасайды.
226. Осы Ереженің 210 немесе 216-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші Орталықты өзгерістер туралы дереу хабардар етеді.
227. Орталық мынадай жағдайларда:
1) осы Ереженің 225-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің талабы бойынша;
2) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы құжаттарды ұсынбаған жағдайда осы Ереженің 248-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші Орталыққа өтініш жасағанда; Орталық осы өтінішті алған кезде тиісті әлеуетті өнім берушіні пайдаланушының атын және парольді қолдануды тоқтатады;
3) осы Ереженің 248-тармағының 2) тармақшасына сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарт жасасуды қамтамасыз ету сомасын төлемеген жағдайда тапсырыс беруші өтініш жасағанда; Орталық осы өтінішті алған кезде тиісті әлеуетті өнім берушіні пайдаланушының атын және парольді қолдануды тоқтатады;
4) осы Ереженің 210 және 216-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің толық болмауы немесе дұрыс болмауы анықталғанда пайдаланушының атын және парольді қолдануды тоқтатады.
228. Орталық мынадай жағдайларда:
1) егер пайдаланушының атын және парольді қолдануды тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің талабы бойынша тоқтатылған болса, осы тұлғаның талабы бойынша;
2) осы Ереженің 227-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылған күннен бастап он сегіз ай өткеннен соң;
3) осы Ереженің 227-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші мәліметтердің толық болмауын немесе дұрыс болмауын жойғанда пайдаланушының атын және парольді қолдануды жаңартады.
229. Орталық тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің пайдаланушы атын және паролін тиісінше тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің талабы бойынша кері қайтарады.
230. Орталық тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің талабын алған немесе Ережеге сәйкес кері қайтарып алу, қолданысын тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешім қабылданған жұмыс күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей пайдаланушының атын және парольді қайтарып алуды, қолданысын тоқтата тұруды немесе жаңартуды жүзеге асырады.
231. Тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе әлеуетті өнім берушінің пайдаланушы аты және паролі осы Ереженің 229-тармағына сәйкес кері қайтарып алынған жағдайда, ал әлеуетті өнім берушінің пайдаланушы аты және паролі алдындағы жағдайда және тіркеу шартының қолданысы тоқтатылған кезде өз қолданысын тоқтатады.
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
232. Тапсырыс беруші тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (бұдан әрі - сатып алу жоспары) қол қоятын тапсырыс берушінің бірінші басшысының және мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді ұсынуға жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбаларының ашық кілттерін Жүйеге енгізеді.
233. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алу жоспарын бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны Жүйеге енгізеді.
234. Сатып алу жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Жүйеге орналастырылған сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
235. Ашық конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық комиссияны құрады.
236. Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Жүйеге электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының, конкурстық комиссия мүшелерінің, конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларының ашық кілттерін енгізеді.
237. Конкурстық комиссияның хатшысы осы Ережеде белгіленген мерзімде Жүйеге ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды және баға ұсыныстарына сұрау салуды енгізеді.
238. Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру және баға ұсыныстарына сұрау салу автоматты түрде веб-сайтқа орналастырылады.
239. Қайталама мемлекеттік сатып алуды өткізу жағдайларын қоспағанда, ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға және баға ұсыныстарына сұрау салуға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
240. Жүйе басқа ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттік дерекқорларына жүгіну арқылы Жүйеге тіркелген әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтердің:
1) әлеуетті өнім беруші - заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтердің;
2) әлеуетті өнім берушіде конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың басталу күніне дейінгі үш айдан көбірек мерзім үшін салықтық берешегінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтердің болуын айқындайды.
241. Жүйенің басқа ақпараттық жүйелерге жүгінуі нәтижелері бойынша олар туралы осы Ереженің 240-тармағында көрсетілген мәліметтер болмаған әлеуетті өнім берушілер электрондық мемлекеттік сатып алуға жіберілмейді.
Егер әлеуетті өнім берушіде конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың басталу күніне дейінгі үш айдан көбірек мерзім үшін салықтық берешегі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі болған жағдайда, осындай әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға жіберілмейді.
242. Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер осы Ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімде Жүйеге өздерінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, конкурстық баға ұсыныстарын немесе баға ұсыныстарын Жүйе пайдаланатын форматтарда енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Ережеде белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан кезде ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын төлеуге міндеттеме алады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейінгі ең төмен баға болып табылатын әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сомасының бес пайызын құрайды.
243. Ашық конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып конкурстық баға ұсынысы ең төмен деп танылған әлеуетті өнім беруші танылады.
Баға ұсынысына сұрау салу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды Жүйе автоматты түрде жүргізеді.
244. Электрондық мемлекеттік сатып алу аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ашық конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларының тиісті хаттамасын немесе баға ұсынысына сұрау салу қорытындылары туралы ақпаратты дереу Жүйеге енгізеді.
245. Жүйе электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы енгізілген ақпаратты автоматты түрде веб-сайтқа орналастырады.
246. Ашық конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада санамаланған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
247. Электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тапсырыс беруші жеңімпазбен осы Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
248. Электрондық мемлекеттік сатып алу Жүйе арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ мынадай жағдайларда өтпеді деп танылады:
1) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы осы Ереженің 246-тармағына сәйкес тұтастай алғанда немесе қандай да бір лот бойынша құжаттарды ұсынбаған кезде. Осы фактіні анықтаған адамдар тиісті әлеуетті өнім берушінің пайдаланушы атын және паролін қолдануды тоқтата тұру үшін жазбаша нысанда Орталықты хабардар етеді;
2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы тапсырыс берушімен электрондық мемлекеттік сатып алу туралы шартты өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған талаптармен жасасудан бас тартқан кезде соңғысы тапсырыс берушіге электрондық мемлекеттік сатып алу аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарт жасасуды қамтамасыз ету сомасын төлейді. Тапсырыс берушіге шарт жасасуды қамтамасыз ету сомасын белгіленген мерзімде төлемеген кезде тапсырыс беруші бұл туралы тиісті әлеуетті өнім берушінің пайдаланушы атын және паролін қолдануды тоқтата тұру үшін Орталықты хабардар етуге тиіс.
Қайталама электрондық мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таныған жағдайда электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы мемлекеттік сатып алуды Жүйені пайдаланбай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыра алады.
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Жалпы ережелер
249. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
252. Қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу жабық конкурс тәсілімен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады, егер:
1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету олардың күрделі немесе мамандандырылған сипатта болуы себебінен әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға алдын ала мәлім шектеулі санында болғанда;
2) жүзеге асыру барысында мемлекеттік құпияларды қорғау талап етілетін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету сатып алынғанда;
3) қару-жарақ, әскери техника, бактериялық немесе медициналық қорғау құралдары, қару-жарақты, әскери техниканы және олардың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілер мен бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын өндіру, жеткізу, жөндеу, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметтер көрсету және қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған өзге де өнімдер сатып алынғанда.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурсқа қатысу құқығына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты бар әлеуетті өнім берушілер ғана ие болады, бұл ретте конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісіледі.
253. Конкурс өткізу туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс берушінің басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
254. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын тапсырыс беруші Заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен жыл сайын әзірлейді және бекітеді.
255. Осы тарауға сәйкес сатып алуды жүзеге асырудың заңдылығына жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың және тапсырыс берушілердің бірінші басшыларына (және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына) жүктеледі.
256. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын басшылыққа алады.
257. Қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі) беретін қарыздардың қаражаты есебінен сатып алынатын жағдайларда, егер бұл қарыз берудің міндетті шарты болып табылса, сатып алу кредит берушінің рәсімдері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері
258. Конкурстық құжаттамада осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қарауына байланысты сатып алынатын дәрілік заттардың сапалық сипаттамаларында мынадай талаптар көрсетіле алады:
1) жеткізу сәтіндегі әрбір лот бойынша жеке-жеке қалған жарамдылық мерзімі;
2) дәрілік заттар халықаралық стандарттарға сәйкес шарттарда өндірілуге тиіс;
3) дәрілік заттардың өзіне ғана тән дәрілік заттар үшін клиникалық тиімділігі туралы деректері немесе жаңадан өндірілген дәрілік заттар үшін биобаламалығы туралы деректері (бұл талап мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді) болуға тиіс.
259. Заңды тұлға болып табылатын, конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінде осы Ереженің 50-62-тармақтарында санамаланған мәліметтер, сондай-ақ мыналар болуға тиіс:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес ұсынылған, ілеспе қызметтердің құнын қоса алғанда, берілетін дәрілік заттардың түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынған баға кестесі;
2) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың болуын, қажет болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бір жылдың ішінде берген «суықтық тізбегінің» болуын тексеру актісі;