3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақпараттық ресурстарға және Интернетке қызметтер мен қолжетімділіктің спектрін кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын сүйемелдеу, оның ішінде: - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталында айқындалған барлық бөлімдердің, тақырыптардың және бағыттардың толтырылуын қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ұсынатын ақпараттың тиісті және презентабелдік дизайнын қалыптастыру; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі веб-порталы жұмысының негізгі қағидаттарына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қызметкерлерін оқыту; - сайттарға кірудің рейтингісін арттыру мақсатында Интернеттегі басқа да қоғамдық-танымал ресурстарға Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын баннерлік сілтемелерге орналастыруды қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын- дағы барлық материалдарды кәсіби аударуды ұйымдастыру; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі веб-порталының қосымша функцияларын қолдау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: индустрия және сауда саласында Қазақстан Республикасы халқының ақпараттандырылу деңгейін көтеру.
Түпкі нәтиже: ақпараттық теңсіздікті төмендету.
Уақыттылығы: мемлекеттік сатып алу туралы шарттармен жасалған белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жүргізілетін экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ақпаратпен сапалы және уақытылы алмасуды қамтамасыз ету.