6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды өткізу | I. «Сары-арқа» ӘКК ҰК АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайту. Теміртау қаласындағы индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу. II. «Оңтүстік» ӘКК ҰК АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайту 1. ОҚО «Оңтүстік» АЭА өткізетін және ішкі алаңдық инженерлік-коммуникациялық желілерді салу. (2006 жылғы 21 маусымдағы № 2-299/06 және 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-736/06 «Мемсараптама» РМК қорытындылары). III. «Ертіс», «Жетісу», «Тобыл», «Каспий», «Батыс» бес әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорциясы» АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Материал, энергия және еңбек өнімін сыйымдылықтарын азайтуға бағытталған, құрылыс материалдар сапасын жақсартуда және ассортименттердің өсуіне жоғарғы өнімді құралдарды және жаңа технологияларды енгізу;
- Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының құрылыс нарығын арзан бағаға қанықтыру, сапалы және сенімді құрылыс материалдарын, бұйымдармен және үй құрылысына керек-жарақтары және құрылыс материалдар импорты үлесін төмендету;
- Ішкі нарықта құрылыс материалдарды бәсекеге қабілетті етіп шығару және экспорттық нысандағы өнімдерді игеру;
- таза экологиялық және тиімді ассортиментті құрылыс материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды кеңейту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- салық түсуін ұлғайту.
Түпкілікті нәтиже:
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту, уақытылы жоғарғы техникалық кәсіпорындарды құру, текстилді және тігін өнімдер импортынан отандық экономика тәуелділігін жеңу, қосымша жұмыс орындарын құру, өндіріске дайын текстиль өнімдері үшін дүние жүзілік брендтерді тарту, сапа және ассортиментті жақсарту есебінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, оның экономика әлемінде ұлттық экономикалық бәсекелестікке қабілеттілікті және шоғырлануды жоғарлату.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, жаңа мақта талшығын жоғары қосылған бағамен дайын өнім жасау;
- инвестиция аймақтарына жаңа технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруды жоғарлату есебінде түпкі өнім пайдасына экспорт құрылымының өзгеруі үшін ғылыми және өнеркәсіп-технологиялық негізін құру;
- өндіріс шығындарын төмендету және ассортименті, сапаны жақсарту есебінде бәсекелестікке қабілеті өнімді жоғарлату.
Уақыттылығы:
- жасалған шарттарға сәйкес;
- өңірдің экономикалық дамуын жеделдету, елдің өңірлік дамуына отандық және шетел инвесторларды тарту серпінін жақсарту, инвестициялық капиталды жақсарту, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының басымды қызмет түрлерін инвестицияда тиімді пайдалану.
Сапасы: Арнайы экономикалық аймақты құру жоғарғы технологиялық өндірістер мен технологияларды дамытуға жағдай туғызады, республиканың ғылыми және техникалық әлеуетін пайдалануды кеңейтеді, текстильді өндіріс саласында бәсекелестікке қабілетті жаңа буынды өндіру және өңдеу үшін техникалық негізді құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
329-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға
жәрдемдесу» деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1179805 мың теңге (бір миллиард бір жүз жетпіс тоғыз миллион сегіз жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2007-2009 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары».
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экспорттық бейімделуін (ішкі елдер бағыттары мәселесі) ынталандыруда, қазақстандық өнімдерді экспортын жылжытуға (сыртқы бағыттар мәселесі) жәрдемдесуде, ең көп экспорт әлеуетімен мемлекеттік тарауларды қолтабыс ету тетіктерін пайдалануда жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу | 1. Кадрлар құзыретіндегі ықпалдастықты дамыту: - шетелдік жетекші өнеркәсіп-экспортерлерде кәсіпорын басшыларын оқыту курстарын ұйымдастыру; - экспорттық басқару саласында оқыту қызметтері, сонымен қатар сапа және қауіпсіздік саласындағы қызметтер анықтамалықтарын және жеткізушілер қызметтері каталогтарын дайындау және жариялау. 2. Сапаны қамтамасыз етуге жәрдемдесу: - қазақстандық экспортерлердің имидждік өнімдерін әзірлеу және қалыптастыру. 3. Сауда ақпараттарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: - экспортерлер тізілімін жасау және жүргізу; - отандық экспортерлар үшін мамандандырылған веб-сайт құру; - сауда және коммерциялық ақпарат жөнінде халықаралық ақпараттық деректер базасына ақпаратты-техни- калық сүйемелдеу және қосылу. 4. Сауданы қолдау желісінің өзге де қызметтерін дамытуға жәрдемдесу: - экспортты ілгерілету және шетелде бизнесті жүргізу жөнінде семинарлар өткізу; -«атушылар мен «Сатып алушылар» жыл сайынғы кездесулерін ұйымдастыру және жүргізу; - «Дайын өнімнің үздік экспортері» конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысын беру; - Қазақстан Республикасының «Экспо-2008», «Сарогоса» (Испания) халықаралық көрмесіне, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлеріндегі көрмеге қатысуы; - Қазақстан Республикасының «Экспо-2010», Шанхай (Қытай) халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі жұмыс жобасын әзірлеу. 5. Қазақстандық өнімдер экспортын жылжытуға жәрдемдесу: - экспорттық өнімнің жыл сайынғы анықтамалығын басуға дайындау және Қазақстан сыртқы нарықтарға ұсынатын орыс және ағылшын тілдеріндегі «Экспортер» арнайы журналын шығару; - Ресей Федерациясының, Қырғызстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық аймақтарын құрудың шаралар кешенін әзірлеу; - шетелдегі отандық қауымдастықтар өкілдіктерін ашуға жәрдемдесу. 6. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін бағалауды жүргізу: - өңдеуші саланың 200 кәсіпорындарының экспорттық әлеуетінің диагностикасы; - экспорттың салалық стратегияларын және дамудың дара бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға көмектесу және шетелдік сараптаманы тарта отырып 3 пилоттық салалар бойынша (машина жасау, химия, тағам) кемінде 30 кәсіпорындар үшін экспортты жылжыту; - халықаралық стандарттарды орындауда кәсіпорындар мен зертханаларға жәрдемдесу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 200 кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің диагностикасы;
- кемінде 75 кәсіпорындардың экспорттық дайындығын шетел сараптамасын тарта отырып бағалау;
- Қазақстан сыртқы әлемге ұсына алатын орыс және ағылшын тілдеріндегі жыл сайынғы қазақстандық өнімдердің каталогтарын дайындау және басу (басылым - 1 000 дана);
- «Экспортер» арнайы журналының бірінші нөмірінің шығару, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде;
- үш пилоттық саланың даму стратегиясы және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жоспарлары және неғұрлым экспорттық әлеуеті бар 30 кәсіпорындардың экспортын дамыту;
- экспортерлердің тізілімін жасау;
- экспорт саласында Қазақстанда көрсетілетін қызметтер мен жеткізушілер қызметтерінің анықтамалықтарын орыс және қазақ тілдерінде дайындау және басу (басылым - 1 000 дана);
- сапа мен қауіпсіздіктің міндетті халықаралық стандарттарын іс жүзінде орындау;
- пилоттық салада қызмет көрсететін 3 зертхана үшін халықаралық аккредитациялауға дайындау үшін қажет ресурстардың мұқтаждықтарын бағалау;
- қазақ және орыс тілдерінде (отандық аудитория үшін) мамандандырылған интерактивті веб-сайт дайындау және қосу;
- экспортерге көмек ретінде орыс және қазақ тілдерінде 6 басылым дайындау және басу;
- Қазақстан Республикасының кемінде 25 елшіліктері арқылы қазақстандық экспорттың имидждік өнімін тарату;
- қазақстандық шикізаттық емес экспорт және дәстүрлі емес өнімдер тауарларын іздеу үшін өткізудің перспективалық нарықтары маркетингтік зерттеулері нәтижелерін жариялау - кемінде БАҚ-қа 30 басылым кәсіпорындар мен ҮЕҰ тарату үшін 1000 дана жалпы тиражбен жекелеген шығарылым;
- Ресей Федерациясымен, Қырғызстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық аймақтары құру жөнінде тұжырымдамалар жобаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының «Экспо-2008», «Сарогоса» (Испания) халықаралық көрмесіне, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлеріндегі көрмеге қатысуы;
- Қазақстан Республикасының «Экспо-2010», Шанхай (Қытай) халықаралық көрмесіне қатысу бойынша жұмыс жобасын әзірлеу;
- «Үздік экспортер» жыл сайынғы конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысын беру;
- экспортты жылжытудың жаңа нысандарын, халықаралық тәжірибені қоса алғанда анықтау жөніндегі жұмысты зерттеу.
Түпкілікті нәтиже:
- экспорттауға икемділігін арттыру саласында арнайы білім және дағдыландырылған кадрларды дамыту;
- сыртқы сауда саласында мемлекеттік қызметтердің тиімділігін және атаулығын жоғарлату;
- институттық деңгейде мемлекеттік тетікті құру және экспортқа жағдай жасауды қолдау;
- бизнес-орта индексі бойынша 63 позициядан (2007 жылы) 50 позицияға дейін (2010) рейтингті жоғарылату;
- Қазақстанда 10 пайызға жұмыс істейтін ірі ТНК жеткізілімдерін жергілікті ұстауды жоғарылату;
- жеке және мемлекеттік секторлардың іс-әрекетінің тетіктерін пысықтау;
- жеке сектор қызметін дамытуға (оқыту, стандарттау, сертификаттау) бағыттау;
- неғұрлым экспорттық әлеуеті бар 30 кәсіпорындарды сыртқы нарықтарға (2009-2010 жылдардың аяғы) кезең кезеңмен шығару алгоритмі;
- халықаралық стандарттарды орындауда экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мен зертханаларға жәрдемдесу;
- экспорттың қосымша құнын арттыру;
- қолданыстағы шикізаттық емес экспорттың көлемдерінің өсімін жеделдету және географиясын кеңейту;
- экспорттық бағдарлылық мәдениетін дамыту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: тек ұзақ мерзімді (2015-2020) жоспарда көрсетіледі. Орта мерзімді (3 жыл) жоспарда: тиімді экспорттық қызметті жетілдіруге, сыртқы нарыққа бәсекелестікке барынша қабілетті қазақстандық тауар және қызметтерге үлесін, инвестиция үшін экономиканың шикізат секторын тартуды, ІЖӨ-нің үлесін арттыру.
Уақыттылығы: Шикізаттық емес экспортты қолдау үш жыл ішінде экономикалық шикізаттық бағыттылығынан ауытқуға мүмкіндік береді.
Сапасы: Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторын сыртқы нарыққа жылжытуға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
330-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10828 мың теңге (он миллион сегіз жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 27-бабы, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабы, «Қазақстан Республикасы техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1129 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеудің жүйесін реформалауға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: техникалық реттеу сәйкестікті растау, сапа менеджменті жүйесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау арқылы Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жүйесін дамытуға үлес қосу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Техникалық реттеу саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды және кадрларды қайта даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: техникалық реттеу саласындағы кемінде 900 маманның біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде:
- сәйкестікті растау бойынша (кемінде 200 адам);
- стандартизациялау (кемінде 100 адам);
- сапа менеджменті жүйесін енгізу және ішкі аудитті жүргізу бойынша (кемінде 300 адам);
- метрология бойынша (кемінде 300 адам).
Түпкілікті нәтиже: халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды көбейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 маманды оқытуға арналған шығындар 12031 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: жұмыстарды орындаудың күнтізбелік кестеге сәйкес.
Сапасы: қазақстандық мамандарды шетелде тану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
331-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін
дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11882968 мың теңге (он бір миллиард сегіз жүз сексен екі миллион тоғыз жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы «Астана қаласын сумен қамту және кәріз» жобасы бойынша қарызды бекіту Келісімі туралы» 2003 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен қамту жөніндегі қызметке халықтың тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен қамту және су жіберу қорғаныстарын кеңейту және жаңарту үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | «Астана қаласын сумен қамту және су жіберу» жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
3 | | 005 | Ішкі көздерінің есебінен | 1) Вячеслав су қоймасынан су жеткізудің 2-желісін жаңарту (2006 жылғы 24 тамыздағы № 2-465/06 «Мемлсараптама» РМК қорытындысы); 2) Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су құбырлары және канализация желілерін кеңейту және қайта құру; 3) Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су қоймасынан су жеткізудің желісін жаңарту бюджеттік инвестициялық жобалардың аясында іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен трансферттер беру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қызылорда қаласының әкімдігі. |
4 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | «Астана қаласын сумен қамту және су жіберу» жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: мына жобалар бойынша орындалған жұмыстар көлемі:
«Астана қаласын сумен қамту және су жіберу»;
«Вячеслав су қоймасынан су жеткізудің 2-желісін жаңарту»;
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су құбырлары және канализация желілерін кеңейту және қайта құру»;
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су қоймасынан су жеткізудің желісін жаңарту»;
Ақырғы нәтижесі: қауіпсіз, сенімді және сапалы ауыз сумен, сонымен бірге су жеткізудің сапалы қызметімен қамтамасыз ету үшін сумен қамту объектілерін қолданысқа енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы халқының сумен қамту қызметтеріне тұрақты қол жеткізу бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы республика үшін экономикалық әсерге қол жеткізіледі.
Уақыттылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға (ЖСҚ № және бекітілген немесе мемлекеттік сараптама жасалған күні көрсетіліп) сәйкес іс-шаралар, трансферттерді игеру аясында күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларда бейнелеп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
332-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй
қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7300000 мың теңге (жеті миллиард үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының тұрғын үй жағдайларын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Заңнамамен айқындалған азаматтардың санаты үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Қолданыстағы заңнамамен белгіленген азаматтардың санаттары үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және салуға берілетін нысаналы даму трансферттер аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының тұрғын үй жағдайларын жақсарту.
Түпкілікті нәтиже: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру және жаңа қазақстандық сметалық нормативтер жүйесі арқылы қаржылық шығындардың жұмсалуын оңтайландыру.
Уақыттылығы: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде заңнамамен айқындалған азаматтардың санаты үшін 121 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді пайдалануға беру күтіліп отыр.
Сапасы: тұрғын үй қорының жайлылығын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
333-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Инновациялық гранттар беру»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158147 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион бір жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың шикізаттық емес секторы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық белсенділігін ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: оларды коммерциялизациялау тұрғысынан алғанда әлеуетті перспективалық болып табылатын бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді алуға бағытталған жаңа технологияларды әзірлеу және құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Инновациялық гранттар беру | 1. Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған гранттар беру. 2. Шетелдік мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда өнеркәсіптік меншіктің объектілерін патенттеуге арналған гранттар беру. 3. Жобалардың ғылыми-техникалық сараптамаларын жүргізу. 4. Жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |