Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 512 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Астана қаласы» деген жолдағы «1180» деген сандар «3400» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қызылорда қаласы» деген жолдағы «129» деген сандар «1230» деген сандармен ауыстырылсын;
«Петропавл қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар» «1270» деген сандармен ауыстырылсын;
«Орал қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар «1140» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |