Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ түзеу мекемлерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 8 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі;
2) түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қазандағы
№ 1002 қаулысымен
бекітілген
Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу
мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Ақтөбе» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
3. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Атырау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
5. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
6. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Орал» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
7. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
8. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қызылорда» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
9. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Ақтау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
10. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Павлодар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
11. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
12. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Шымкент» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
13. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Семей» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
14. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
15. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Тас» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
16. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қазандағы
№ 1002 қаулысымен
бекітілген
Түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін,
олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемі
| р/с № | Түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы | Өлшем бірлігі | Жылдық көлемі |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | 1 және 2 сұрыпты ұн өндірісі | тонна | 10000 |
| 2 | 1 және 2 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | тонна | 12000 |
| 3 | Макарон өнімдері | тонна | 5000 |
| 4 | Жарма ассортименттері | тонна | 5000 |
| 5 | Ет (қой, сиыр, жылқы, шошқа) | тонна | 1500 |
| 6 | Ет, балық консервілері | тонна | 2600 |
| 7 | Мақсары, күнбағыстан жасалған тазартылған өсімдік майы | тонна | 500 |
| 8 | Сүт | тонна | 300 |
| 9 | Картоп | тонна | 15000 |
| 10 | Сарымсақ | тонна | 5500 |
| 11 | Қырыққабат | тонна | 10000 |
| 12 | Қызылша | тонна | 1500 |
| 13 | Сәбіз | тонна | 1500 |
| 14 | Бір тумбалы үстел | дана | 5000 |
| 15 | Екі тумбалы үстел | дана | 5000 |
| 16 | Компьютерге арналған үстел | дана | 5000 |
| 17 | Киімге арналған шкаф | дана | 5000 |
| 18 | Кітапқа арналған шкаф | дана | 5000 |
| 19 | Қағазға арналған шкаф | дана | 5000 |
| 20 | Парта-үстел | дана | 5000 |
| 21 | Оқушы орындығы | дана | 5000 |
| 22 | Кереуеттің жанына қойылатын тумба | дана | 10000 |
| 23 | Бір адамдық кереует | дана | 10000 |
| 24 | Пеналды шкаф | дана | 5000 |
| 25 | Ыдысқа арналған шкаф | дана | 10000 |
| 26 | Шкаф «купе» | дана | 5000 |
| 27 | Кітапқа арналған сөре | дана | 10000 |
| 28 | Телевизорға арналған тумбочка | дана | 10250 |
| 29 | Жатын төсек жабдықтары | жиынтық | 500 |
| 30 | Ас үй жабдықтары | жиынтық | 500 |
| 31 | Кіреберіс жабдығы | жиынтық | 500 |
| 32 | Қысқа толқынды пешке арналған сөре | дана | 10000 |
| 33 | Балалар бақшасына арналған жиһаз | жиынтық | 550 |
| 34 | Есік блогы | м2 | 15000 |
| 35 | Терезе блогы | м2 | 15000 |
| 36 | Еден тақтайшалары | м3 | 100000 |
| 37 | Кесінделген тақтайша | м3 | 100000 |
| 38 | Лагтер | м3 | 15000 |
| 39 | Мәткелер | м3 | 100000 |
| 40 | Брус | қ.м. | 10000 |
| 41 | Рейка | қ.м. | 100000 |
| 42 | Плинтус | қ.м. | 5000 |
| 43 | Штапик | метр | 100000 |
| 44 | Ер адамдар іш киімі | дана | 30000 |
| 45 | Төсек орын керек-жарақтары: | дана | 50000 |
| | бір адамдық матрац | дана | 50000 |
| | ақ жайма | дана | 50000 |
| | көрпе тысы | дана | 50000 |
| | жастық | дана | 50000 |
| | жастық тысы | дана | 50000 |
| | көрпе | дана | 50000 |
| | орамал | дана | 50000 |
| | мақта жастық | дана | 50000 |
| 46 | Денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған арнайы киім: | | |
| | халат | дана | 25000 |
| | қалпақ | дана | 25000 |
| 47 | Жұмыс киімдері: | | |
| | мақта матадан жасалған костюм | жиынтық | 45000 |
| | әйелдерге арналған джинси костюм | жиынтық | 35000 |
| | ер адамдарға арналған джинси костюм | жиынтық | 35000 |
| | аспазшы костюм | жиынтық | 10000 |
| | жылы күртеше | дана | 35000 |
| | комбинезон күртешемен | дана | 35000 |
| | жұмысқа арналған қолғаптар | жұп | 100000 |
| | косынка | дана | 35000 |
| | сарафандар | дана | 35000 |
| | құлақшын | дана | 50000 |
| | сигналдық жилет | дана | 35000 |
| | пижамалар | дана | 35000 |
| 48 | Балалар үйіне арналған киімдер: | | |
| | ползункалар | дана | 5000 |
| | жөргектер | дана | 5000 |
| | распашонкалар | дана | 5000 |
| 49 | Қарулы құрылымдық және басқа да ұйым қызметкерлеріне арналған нысанды киім: | | |
| | галстук | дана | 50000 |
| | жүн пилотка | дана | 50000 |
| | жүн берет | дана | 50000 |
| | күнделікті фуражка | дана | 50000 |
| | қой жүнінен жасалған бас киім | дана | 50000 |
| | қаракөлден жасалған бас киім | дана | 50000 |
| | жүннен жасалған балағын салатын шалбар | дана | 50000 |
| | астары бар жылы балағы бар шалбар | дана | 50000 |
| | күнделікті юбка | дана | 50000 |
| | күнделікті китель | дана | 50000 |
| | ППС-шалбар, костюм, 2 жейде | жиынтық | 50000 |
| | пальто-жамылғы | дана | 50000 |
| | күнделікті жүннен жасалған пальто | дана | 50000 |
| | белбеуі бар жүннен жасалған қарсы ілгекті күртеше | дана | 50000 |
| | ұзын жеңді м/м жейде | дана | 50000 |
| | қысқа жеңді м/м жейде | дана | 50000 |
| | жылы күртеше | дана | 50000 |
| | нысанды свитер | дана | 50000 |
| | камуфляжды қысқы костюм | жиынтық | 50000 |
| | камуфляжды жазғы костюм | жиынтық | 50000 |
| 50 | Аяқ-киім: | | |
| | нысанды аяқ-киім: | | |
| | офицер ерлер туфлиі | жұп | 35000 |
| | әйелдер туфлиі | жұп | 20000 |
| | ерлердің қысқа қонышты етігі | жұп | 35000 |
| | әйелдердің қысқа қонышты етігі | жұп | 20000 |
| | ерлердің жүнді қысқа қонышты етігі | жұп | 35000 |
| | әйелдердің жүнді қысқа қонышты етігі | жұп | 20000 |
| | сотталғандарға арналған аяқ-киім: | | |
| | тәпішке | жұп | 50000 |
| | қысқа қонышты бәтіңке | жұп | 50000 |
| | керзі бәтіңкелер | жұп | 50000 |
| 51 | Бір қабатты металл кереует | дана | 15000 |
| 52 | Екі қабатты металл кереует | дана | 15000 |
| 53 | Қақпа | дана | 10000 |
| 54 | Металл есік | м2 | 10540 |
| 55 | Терезе торы | м2 | 30000 |
| 56 | Декоративті орындық | дана | 100000 |
| 57 | Жылытқыш пеш | дана | 10000 |
| 58 | Қоршау | м2 | 55000 |
| 59 | Тор-рабица | м2 | 1000000 |
| 60 | Тікенді сым | қ.м | 500000 |
| 61 | Сапты күрек | дана | 100000 |
| 62 | Ұшы бар күрек | дана | 100000 |
| 63 | Шелек | дана | 50000 |
| 64 | Қоқысқа арналған контейнер | дана | 30000 |
| 65 | Шағын сәулет құрылыстары | жиынтық | 1000 |
| 66 | Подшипник роликтері: 28х28, 28х50, 32х32, 34х34, 42х42 | дана | 2400000 |
| 67 | Метиздер | дана | 3000000 |
| 68 | Шегелер | дана | 25000000 |
| 69 | Ауылшаруашылық машиналары және оларға қосалқы бөлшектер: | | |
| | БДТ-7,0 борона | жиынтық | 150 |
| | КША лемех | дана | 100000 |
| | КША долото | дана | 15000 |
| | көрсеткіш лапкасы | дана | 10500 |
| | «Джон-Дир» лапкасы | дана | 10100 |
| | доминатор пышағы | дана | 10000 |
| | қопсытқыш | дана | 10000 |
| | шаруашылық сабын өндірісі | тонна | 500 |
| | киіз-жүн өндірісі | м2 | 5000 |
| 70 | Табиғи тасты (гранит) өндіру | | |
| | плита | м3 | 5300 |
| | бордюрлі тастар | қ.м | 10780 |
| | ескерткіштер | м3 | 10000 |
| 71 | Өнеркәсіптік құрылыс материалдары: | | |
| | шлакоблоктар | дана | 5000000 |
| | саманды кірпіш | дана | 5000000 |
| | брусчатка | м2 | 10000 |
| | тротуар плиткалары | м2 | 10000 |
| | бордюр | қ.м | 100000 |
| | әк | тонна | 5000 |
| | силикат кірпіш | дана | 100000000 |
| | күйдірілген кірпіш | дана | 250000000 |
| 72 | Сұйық шыны | тонна | 1300 |
| 73 | Темір бетонды бұйымдар | м3 | 70000 |
| 74 | Шойын құю өндірісі | тонна | 2500 |
| 75 | Құрылыс-монтаж жұмыстары | мың теңге | 5000000 |
| 76 | Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс-жөндеу жұмыстары (ағымдағы, күрделі) | мың теңге | 800000 |
| 77 | ТМ үшін жылу энергиясын өндіру | Гкал | 332236 |
| 78 | Электр энергиясын тасымалдау | кВт/сағ | 521015 |
| 79 | Сумен жабдықтау | м3 | 580000 |
| 80 | Ағынды суларды тасымалдау | м3 | 500000 |
| 81 | Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер | мың теңге | 1000 |
| 82 | Қоқысты шығару бойынша қызметтер | м3 | 3600 |
| 83 | Режимді объектілерге арналған төменгі вольтті жабдықтарды, инженерлік-техникалық күзет құралдарды және бейне байқау жүйесін әзірлеу, шығару және монтаждау | жиынтық | 50 |
| 84 | Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау | мың теңге | 500000 |
| 85 | Баспахана қызметтері | мың теңге | 100000 |
| 86 | Шпалды толықтыру жөніндегі қызметтер | дана | 300000 |
Ескертпе:
қ.м - қума метр;
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр;
Гкал - Гигакаллория;
кВт/сағ - киловатт сағат;
м/м - мақта мата;
ППҚ - патрульдік-бекеттік қызмет;
ТМ - түзеу мекемесі.